Құрылыс • 18 Маусым, 2025
Алматыда 67 заңсыз сауда нүктесі бұзылды
Алматыда автотұрақ аймақтарындағы заңсыз салынған нысандар мен жерді заңсыз басып алғандарды анықтау жұмыстары жалғасуда. «Алматы паркинг» КМК мәлімдегендей, ірі сауда орталықтарының автотұрақтарындағы көптеген сауда нысандары еш рұқсатсыз салынған, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Маусым, 2025
Алматыдағы мопедшілердің 95%-ы жүргізуші куәлігін алды
Жаңа заң күшіне енгеннен кейін Алматыдағы мопедке байланысты мәселе қалпына келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен басқосуда Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 17 Маусым, 2025
Бауырлас елдер тарихына байыпты көзқарас
Тарихтың терең қатпарынан бастау алатын қазақ-қырғыз қарым-қатынасы, Алатауды егіз емген екі елді байланыстыратын ортақ құндылықтар аз емес екенін аңғартады. Бауырлас халықтардың бекем бірлігі ерте дәуірлерге тиесілі қытай, парсы және басқа дереккөздерде, ұлы «Манас» эпосында, қазақ халқының «Еңсегей бойлы ер Есім» және басқа да тарихи жырларында жан-жақты көрініс табады. Бішкектегі Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде қос ел тарихшыларының қатысуымен өткен «Қазақ-қырғыз мәмілелері: тарихи сабақ және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми конференцияда бауырлас елдерді жақындастыратын тарихи деректер жан-жақты сараланып, ұлттық мүдде қайшылықтарын қоздыратын кейбір мәселелердің жігі тарқатылды.
Өнер • 11 Маусым, 2025
Алматыда «Әлемдік өнер галереясы: XXI ғасыр суретшілері» атты халықаралық көрме есік ашты. Шығыс пен Батысты, өткен мен болашақты жалғаған шығармашылық алаң халықтар арасындағы мәдени диалогті жандандыруды көздейді.
Алматы • 10 Маусым, 2025
Заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылды
Алматы қаласында рұқсатсыз жүргізілген құрылыс жұмыстарына бақылау күшейтілуде. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, заңсыз нысандарды анықтау және оларды жою жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 10 Маусым, 2025
Алматының «Инновациялық технологиялар паркі» экономикалық аймағында медициналық бұйымдар шығаратын жаңа жоғары технологиялық зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 06 Маусым, 2025
Жалын жыры ұлттық поэзияның сүбелі қазынасына қосылып, өлеңге өз өрнегімен келген ғажайып ақын Еркін Ібітановтың туғанына биыл тоқсан жыл. Семсер сөз – сезімге суарылып, жүрек сүзгіcінен өткенде ғана шынайы құндылыққа айналатынын анық білген ол «арзанға жолағым келмейді, қымбат сөздің пісіп жетілуін күту керек» деп ағынан жарылыпты. Ақынның тау бұлағындай тап-таза әлеміне үңілген сайын, көкірегің ашылады...
Алматы • 05 Маусым, 2025
Алматы: Мүмкіндіктер алаңына айналған мегаполис
Ел экономикасының елеулі бөлігін құрайтын Алматының тыныс-тіршілігі тұтас ел тұрғындарына тікелей әсер етеді. Статистиканы сөйлетсек, қалада әлеуметтік дамудың әлеуеті қарқынды. Миллиондар тоғысқан мегаполистің бүгінгі бағдары мен беталысын бюджет өсімімен ғана емес, барлық саладағы табысты жетістіктермен саралауға болады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 05 Маусым, 2025
Биржалық сауда азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өсуге тікелей байланысты - Сергей Цой
Әлемдік экономика тұрақты даму талаптарына қарай бет бұрып келеді, сондықтан ESG бүгінгі таңда бизнес үшін маңызды өлшемге айналды. Қазақстандағы «Каспий» тауар биржасы – осы бағытты өз жұмысында енгізген аздаған компаниялардың бірі, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Маусым, 2025
Алматыда әйгілі альпинистке арналған көрме ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен дүниежүзіндегі көптеген алып шыңдарды бағындырған жерлесіміз, даңқты альпинист Анатолий Букреевті еске алуға арналған бірегей фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.