Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
171 материал табылды

Әскер • 08 Қараша, 2024

Жастар әскерден неге қашады?

Төрткүл дүниедегі түрлі қақтығыстар отандық Қарулы күштер жасағының сақадай сай болуын талап етеді. Бірақ ел қауіпсіздігінде енжарлық танытып, әскерден қашып, шақыру қағазын елемей жүрген азаматтар бар. БАҚ беттеріндегі мына бір дерекке сүйенсек, биылғы көктемгі науқанның өзінде 20 мыңға жуық жас әскерге барудан бас тартқан. Әсте бұған себеп те жоқ емес.

Қоғам • 25 Қазан, 2024

Этносаралық үйлесім үдерісі

Егемендіктің алғашқы кезеңінен-ақ қазақ халқы мемлекет құраушы ұлт ретінде елдегі сандаған этнос өкілінің тілін, мәдениетін, тарихын сақтауына барлық жағдай жасады. Сондықтан Қазақстан әлемдік аренада гуманистік, демократиялық және толеранттылық сипатымен ерекшеленеді. Мерекені арқау етіп, этносаралық саясат төңірегінде ой қозғап жүрген азаматтарды сөзге тартқан едік.

Сұхбат • 19 Қазан, 2024

Тәрбие – тұлғалық төлқұжат

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биылғы 9 айдың көрсеткіші бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейі 4,1 пайызға көбейген. Ел халқының жартысына жуығы жастар екенін ескерсек, бұл – өте алаңдатарлық ахуал. Осы орайда республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы директоры Ақнұр Тұрдалиевамен әңгімелескен едік.

Еңбек • 19 Қазан, 2024

Жас буынды еңбекке қалай баулимыз?

Елдегі NEET санатындағы жастардың үлесі 7%-ды құрады. Көрсеткіш өткен жыл­­мен са­лыс­тырғанда 0,9%-ға төмендеген. Десек те бұл дерек 35-ке дейінгі біраз аза­­мат­­тың өмірден орнын таба алмай жүргенін көрсетеді. Оның үстіне отандық сарап­шы­лар олардың деструктивті топтардың оңай олжасына айналуы мүмкін екенін айтады. Кәсіби білімі мен тұрақты жұмысы жоқ жас буынды еңбекке қалай баулимыз?

Үкімет • 17 Қазан, 2024

Бюрократиядан арылтудың заңнамалық негіздері пысықталды

Мәжіліс спикері Ер­лан Қошановтың төраға­лығымен палатаның жал­пы отырысы өтті. Жиында Мәжі­ліс коми­тет­тері депутат­тардың қолдауымен «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізу, денсаулық сақ­тау саласындағы норма­лардың артық заңна­малық регламент­телуін болғызбау, инно­ва­ция­лық қызмет саласын мем­ле­кеттік қолдау жүйесін жетіл­діру, қылмыстық жолмен алын­ған кіріс­терді заңдастыруға (жы­лыс­т­атуға) және терро­ризмді қаржы­ландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобаларын қарап, жұмысқа қабыл­дады.

Жастар • 11 Қазан, 2024

Қолдауға лайық жастар бастамалары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өткізген брифингінде: «Жастарды қолдаймын. Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Бұл – жай ұран емес, біздің басты саясатымыз», деді. Ендеше, елде жас­тар бастамаларын қолдау қалай жүргізіліп жатыр?

Заң • 10 Қазан, 2024

Сот жүйесін реформалау туралы заң жобасы қабылданды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетіл­діру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Жұмыс • 02 Қазан, 2024

Жұмыссыздық: Сұраныс пен ұсыныс мөлшері

Ұлттық статистика бюросының кейінгі дерегіне сәйкес, ел жастарының 46 пайызында жоғары білім бар. Ал 48 пайызы техникалық кәсіптік білімді игерген. Бұған қоса, сарапшылар қазір 35-ке дейінгі азаматтардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу саласында қызмет ететінін айтады. Сонда білім жүйесі экономиканың нақты қажеттіліктерін әлі де толыққанды өтей алмай отыр ма? Бұған не себеп?

Жастар • 03 Қыркүйек, 2024

Бүгінгі буынның саяси белсенділігі қандай?

Тәуелсіздік алғалы бері түрлі саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени жетістіктер еліміздің әлемдегі орнын нықтауына негіз болды. Бұл ретте жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымының өзіндік маңызы, алар орны ерекше. Қазіргі орда бұзар жастағы отандастарымыздың саяси көзқарас-пайымы қандай?

Экономика • 27 Тамыз, 2024

АЭС-ке қажетті уран қалай өндіріледі?

Атом электр стансасын салу мәселесі елімізде қызу талқыла­нып жатыр. Азаматтар мен кәсіби сарапшылар ауқым­ды жобаның артықшылығы мен пайдасын әрі қауіпсізді­гін саралайды. Негізі, АЭС салудағы маңызды тетік – энергетикалық әлеуетті қамтамасыз ету. Өйткені мемлекетте қазірдің өзінде электр қуатының тапшылығы сезіліп отыр. Қажеттілік жылдан-жылға арта түспек. Сондықтан салада озық тәжірибеге сүйенген стратегиялық нысан керек. Ал салынған жағдайда, отын ретінде уран пайдаланылады. Маңызды металды өндіру үдерісімен тереңірек таныспаққа Астанадан шамамен 320 шақырым қашықтағы кен орнына барып қайтқан едік.