
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Бұқаралық спортқа ашықтық қажет
Елімізде кәсіпқой спорт пен бұқаралық спорт құстың қос қанатындай қатар дамып келеді. Бұған еліміздегі саламатты өмір салтын ұстанушылар қатарының жыл сайын артуы дәлел. Бүгінде аудандар мен ауылдарда спорттық-сауықтыру кешендерінің көптеп салынуы аталған бағытқа үлкен серпін беріп отыр.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Лудомания эпидемияға айналып барады
«Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ» демекші, басқа түспеген соң мұндай орталықтың барын көпшілік біле бермес. Бұл – тәуелділіктен оңалту орталықтары. Бүгін біз құмар ойынның қара құрдымына жұтылған адамдардың одан қалай құтылатыны жөнінде сөз етпекпіз.
Жануарлар • 15 Ақпан, 2024
Бұл жаңалықты жарықтық киіктер де естіп үлгерген бе дерсіз. Ақпанның 10-ы күні киіктерді ату тоқтатылды деген ақпарат шықты. Ал Астрахан ауданына қарасты Қалқұтан елді мекенінің тұрғындары ауыл маңына ақбөкендер келе бастағанын айтады. Бұл 11 ақпан күніне сәйкес келеді. Біз де көрдік. Аяз бен бораннан ыққан жануарлар тал-теректі паналап, қаннен-қаперсіз жайылып жүр.
Қаржы • 11 Ақпан, 2024
Жаңа жылда кімдердің жалақысы өсті?
«Тағы бір таң атты. Кімдерді қуантады екен?» (Р.Отарбаев) деген риторикалық сұрақ қоғамды әр жаңа жыл күнтізбесі басталған сайын үміттендіріп, Үкіметтің үп еткен жаңалығына қарайлатып қоятыны рас. Осыған сай, биылдан бастап елімізде бірқатар сала қызметкерлерінің айлық жалақысы өсетіні белгілі болып отыр. Ұлу жылында кімдердің жалақысы қаншалықты өсетініне шолу жасап көрген едік.
Кино • 11 Ақпан, 2024
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы қатарлы үлкен лауазымды қызмет атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов қазақ жерінің бүгінгі тұтастығына зор үлес қосқан тұлға екені сөзсіз.
Экология • 09 Ақпан, 2024
Аққу, балық һәм киік... Тіршілік иелерін тірідей қырған не?
Бір-екі жан-жануардың жазым болуы жалпы табиғи жағдай екені түсінікті. Тіпті ондай шығынның өзі жерде жатпайды. Табиғаттың өз «дала санитары» бар. Бір өлексе бірнеше жануардың қорегіне айналады. Ал саны жүз емес, мыңнан асса, бұл – шетін мәселе. Бұл ретте Маңғыстау өңіріндегі мыңдап қырылған аққудың және басқа да дала тағыларының неден өліп жатқаны туралы зерттеуші маманнан сұрап көрдік.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Декреттегі ананың жәрдемақысы қанша?
ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстанның демографиялық ахуалы жақсарып келеді. Нәтижесінде, былтыр халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Демографияның өсуі аналардың денсаулығы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты. Сондықтан мемлекет бұған ерекше назар аударып, жыл сайын әлеуметтік төлемдердің көлемін арттырып келеді.
Инфрақұрылым • 06 Ақпан, 2024
«EcoQoldau» жүйесі іске қосылды
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қалдықтарды қайта игеруге қатысты бірқатар мәселе айқындалып, нақты бастамалар қолға алынғаны туралы айтылды.
Әлем • 05 Ақпан, 2024
Қазір әлемде босқын үдерісі жылдан-жылға үдеп, үлкен проблемаға айналып барады. Халықаралық қоғамдастық жаһанның қауіпсіздік жағдайын жақсарта алмай тұр. Оның бір көрінісі – байырғы қонысынан баз кешкен адамдардың көбеюі. Әрине, олардың «астынан су шықпаса», мекеннен ауып несі бар? Мұны майшаммен зерттеп жатқан БҰҰ мен Еуроодақ та әзірге ортақ шешім таба алмай, пұшайман болып отыр.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Такси бағасы қымбаттауы мүмкін бе?
Жаңа жылдан бастап мемлекеттен таксопарктерге жалға берілетін көліктер үшін субсидия тоқтатылады деген ақпарат шықты. Осыған байланысты такси бағасы өседі деген әңгіме айтыла бастады.