
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Мүгедектерге нысандарға кедергісіз кіруге жағдай жасалды
Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылға жоспарланған 447 нысаннан асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Сәуір, 2025
Шерзат ісі: Дархан Әскентайдың сыныптасы жауап берді
Жетісу облысында Шерзат Полаттың кісі қолынан қаза табуына байланысты өтіп жатқан сот процесінде маңызды куәліктер тыңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 29 Сәуір, 2025
Жетісу облысы 92 пайызға газбен қамтылады
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі газдандыру және цифрландыру жұмыстары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Талдықорғанда 60 отбасы үйлі болды
Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында 60 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Баспанаға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, көпбалалы аналар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ие болды.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Жетісуда ауыз су мәселесі түбегейлі шешілуде
Жетісу өңірінде бүгінде қала халқының 100 пайызы, ауыл халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. Жыл соңына дейін 331 елді мекеннің барлығы (694,2 мың адам) таза ауыз суға қол жеткізеді деп күтілуде.
«Таза Қазақстан» • 28 Сәуір, 2025
Жетісуда 12 мың адам сенбілікке шықты
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылып, оған жалпы саны 12 мыңға жуық жетісулық тұрғын қатысты.
Өшпес даңқ • 26 Сәуір, 2025
Ерлік көрсетсе де есімі ұмыт қалған батырларымыз қаншама? Мұндай ержүрек ерлер еліміздің түкпір-түкпірінен табылады. Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл өтсе де, ақиқат әлі толық ашылған жоқ. Бұл ретте әскери тарихшы Қайрат Қараманов 200-ге тарта батырдың есімін жазған. Мәселен, Жетісу жерінде батыр атағы берілмеген 9 тұлға бар. Олар ерлікпен елге оралса да, белгісіз себептермен тізімнен түсіп қалған.
Тағзым • 26 Сәуір, 2025
Жетісу даналарының бірі – әнші-сазгер, ақын Пышан Жәлмендеұлы. «Баласы Жәлменденің Пышан едім» деп жырлаған алыптың биыл 140 жылдық мерейтойы. Соған орай Талдықорғанда республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Онда белгілі ғалымдар мен жазушылар тауарих пен ұлы өнер хақында сөз қозғап, ақынның шығармашылық мұрасына тоқталды.
Медицина • 25 Сәуір, 2025
Өңір медицинасында серпіліс бар
Жетісу облысы құрылғаннан бері 81 медицина мекемесі салынған. Соның нәтижесінде, өңірде дәрігер тапшылығы едәуір азайды. Өткен жылы бірнеше маман көтерме жәрдемақы алып, ауыл-ауылға көшіп барды. Нәтижесінде, халық бұрынғыдай облыс орталығына сабылмайды. Дегенмен қажетті кадрларға сұраныс әлі де бар. Алдағы уақытта 72 ауылда жаңа заманауи емхана ашылады.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Сәуір, 2025
Енді жетісулық жас мамандар іргелі кәсіпорындарға барып жұмыс істей алады. Бұрынғыдай қолына дипломын алып, қызмет іздеп қала кезіп жүрмейді. Өңірге қажетті кадрларды жергілікті оқу орындарынан алуды көздеген зауыт басшыларының ұсынысы қабылданды. Оған колледж директорлары да мүдделі болып отыр. Осылайша, екі тарап өзара 10 меморандум жасады.