
Жәдігер • 10 Сәуір, 2024
Әлемдегі ең үлкен Құран Кәрім нұсқасының бірін Үндістандағы құсни хатшы Мәулана Жәміл Ахмад дайындап шықты. Ұзындығы 3,2 метр, ені 2,3 метр кітаптың көшірмесін жасауға шебер екі жыл уақытын жұмсаған екен.
Таным • 08 Сәуір, 2024
Оның заманы біздің дәуірден жиырма үш ғасыр ілгері. Шумер мен Аккад жұртшылығы оны төбесіне тұтты. Жырларын жаттап, өнегесін орындады. Бұл қасиетті әйелді ғалымдар ең алғашқы ақын деп тұжырымдайды. Ол кім болған? Өлеңдері не туралы? Бүгінгі әңгімеміз қадым заманның қалам иесі – Энхедуанна хақында болмақ.
Әдебиет • 04 Сәуір, 2024
Комикс – әдебиеттегі жаңа жанр
Ақпарат тасымалының алғашқы аясы – бітік тастар. Олардың орнын кітап алмастырғанына да мыңжылдықтардың мұғдары болды. Ендігі жерде кітаптың шағын әрі көркем көрінісі ретінде комикстердің алға шыққанын байқап отырмыз. Бұл – дамыған дәуір дидарына сай құбылыс. Комикс жасампаз жасөспірімдердің әдебиет әлеміне енетін порталы қазір.
Таным • 02 Сәуір, 2024
Қытайда ең қарт қаламгер 110 жасында дүниеден озды. 1915 жылы өмірге келген Ма Шиту – ХХ ғасырдың ең айтулы оқиғаларын көзбен көрген адам. Артында 18 том кітап, 7 млн иероглиф қалдырған жазушы соңғы шығармасын 107 жасында жазып бітірген.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
Ата-анасы баласын үнемі жақсылық жасап жүруге үйретіпті. Ол әрекеттері айтарлықтай қиын да емес. Бірақ ізгі болуы – шарт. Осылайша, бала қоғамға пайдалы іспен күнделікті айналысуға дағдыланыпты. Қажетсіз қалдықтарды қоқыс жәшігіне апарып тастау, тамақтанып болған соң ыдыс-аяғын жуу, қария кісілермен амандасу, табиғатқа қамқор болу жас баланың жүрегіне ерекше қуаныш сыйлайтын амалдарға айналады.
Әлем • 31 Наурыз, 2024
Соңғы 1200 жылдың мұғдарында Нидерланд отызға жуық су апатына тап болған. Жүз мыңнан астам тұрғын тілсіз жаудың құрбанына айналып кете барды. Толассыз толқын жер көлемінің мыңдаған шаршы шақырымын жұта беріп, мемлекеттің өзін шайып кетуге шақ қалған. Ақыр аяғында нидерландықтар теңізге қарсы жер үшін «соғыс» ашады. Бақсақ, олар бұл майданда сөзсіз жеңіске жеткен сияқты. Қазір Нидерланд инженерлері жасап шыққан «Дельта» жобасы отыз жыл бойы халықты су тасқынынан қорғап келеді.
Әдебиет • 28 Наурыз, 2024
Көркем әдебиеттің күрмеуі күрделеніп, сюжеттік коллизияның кернеуі күннен-күнге күшейіп келеді. Шытырман оқиға оқырманды ой орманында әбден адастырып әуреге салады. Онысы оқырманды тіптен шаттандыра түседі. Себебі оған алда не болатыны қызық. Осындай мың құбылған, бір-біріне ұқсамайтын сюжеттерді ойлап табуға адам санасы қалай қол жеткізді? Асылында адам баласы бір ата, бір шешеден тарағанындай барлық сюжеттік композиция да бір оқиғадан өрбуі мүмкін ғой?
Өнер • 26 Наурыз, 2024
Ұлыс күніне орай Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының халық аспаптар ансамблі «Әз Наурыз келгенде...» атты мерекелік концертін тарту етті. Ансамбльдің дирижері әрі көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Маралжан Мырзақұлова.
Таным • 26 Наурыз, 2024
ХХ ғасыр басындағы қоғамдық қопарылыс пен саяси сапырылыстар адамзат ақылын айрандай ашытты. Мазмұнсыз майдан, тәпсірсіз талас, себепсіз сүргін тудырған жауапсыз сұрақтар әлемге абсурдизм ұғымын әкелді. Бұл тұжырым иелері өмірді мәнсіз әрі мазмұнсыз санады. Анығы, солай екенін дәлелдеумен айналысты. Нәтижесінде идея деңгейіндегі пікір санадан сахнаға көшіріліп, абсурд театры болып шымылдығын ашты.
Қоғам • 22 Наурыз, 2024
Наурыз мерекесі – ағайынды ғана емес, қалың жұртты ынтымаққа шақыратын керемет мейрам. Осындайда есіме ауылдағы неміс көршілердің қазақы дәстүрмен жаятын дастарқаны түседі. Кезінде даламызға қоныс аударған жүздеген этностың ішінде неміс жұртының қазақ халқына деген ықыласы ыстық, махаббаты мазмұнды көрінеді.