и
Әлем • 02 Қыркүйек, 2025
Қытай ресейліктер үшін бір жыл бойы визасыз режим енгізеді
Бейжің 15 қыркүйектен бастап тұрақты шетелдік төлқұжаты бар Ресей азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 02 Қыркүйек, 2025
850 мың отандасымыз несиесін төлей алмай жүр
Елімізде қарызын қайтара алмай жүрген адамдардың саны көбейіп барады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, қазір 500 мыңнан астам адам банк алдындағы несиесін төлей алмай жүр, ал тағы 350 мың азаматтың микрокредиттік ұйымдарға қарызы бар. Яғни, елде шамамен 850 мың адам қаржылық тәуекел аймағында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 02 Қыркүйек, 2025
Олжас Бектенов Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді
Жиында тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері талқаланып, тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындарының басшылары мен салалық қауымдастық өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
Таразда 1 қыркүйекте болған төбелестен мектеп оқушысы қаза тапты
Әлеуметтік желіде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, нәтижесінде олардың бірі пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы CRRC компаниясымен серіктестікті жоғары бағалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CRRC директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Юнцайды қабылдады деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 02 Қыркүйек, 2025
Алматыға келген америкалық дәрігерлер 10 науқасқа күрделі ота жасады
Алматыда америкалық және қазақстандық хирургтардың бірлескен гуманитарлық миссиясы өтті. Әлемдік деңгейдегі мамандар бірнеше күн ішінде бет пен мойын аймағындағы күрделі патологияларға ота жасап, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Президент Сян Вэньбоны қабылдады
Мемлекет басшысы мен Sany Group Co. Ltd. корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбо әңгімелесу барысында «жасыл» энергетика, машина жасау салаларында бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық технологиялар бойынша серіктестік орнату мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
Әлеуметтік осал жандардың атынан заңсыз несие рәсімдеген топ ұсталды
Ақмола облысында әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды алдап, олардың атына заңсыз несиелер рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Тоқаев пен Цзинь Лицюн стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен кездесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Цзинь Лицюн Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы жөнінде пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2025
Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды - Тимур Сүлейменов
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның банк жүйесінде шамамен 8 трлн теңге артық өтімді ақша жиналып қалғанын, артық ақшаның 3,5 трлн теңгеге дейінгі бөлігін, яғни 40%-дан астамын, ең төменгі резервтік талаптарды (ЕРТ) қатаңдату тетігі арқылы алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Алматыдан жаңа туристік пойыздар жолға шығады
Алматы қаласынан бастау алатын үш туристік пойыз бағыты іске қосылады. Бағыттардың ұзақтығы бес-жеті күнге созылады. Туроператорлар жолаушыларға экскурсиялық бағдарлама, заманауи вагондарда жайлы орналастыру, ішінара тамақтану мен көлік қызметтерін қамтитын пакеттерді ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
Жерде магниттік дауыл басталды
Жерде G3 деңгейіне жететін күшті магниттік дауылдар басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz РИА агенттігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 02 Қыркүйек, 2025
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа ластануы мүмкін
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2025 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстанның басым қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Президент Жамбыл облысындағы зауыттың ашылуына онлайн қатысты
Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде 70-тен аса құжатқа қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен өткен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Тоқаев: Alatau City – өңірлік технологиялық орталыққа айналады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Жасанды ителлект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құру бастамасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» транзит дәлізінің әлеуеті артады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды. Іскерлік кеңесте Мемлекет басшысы Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Қытай энергетикалық әріптестікті жаңа деңгейге шығарады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өседі
Қазақстанда су шаруашылығы саласының мамандарына төленетін жалақы өседі. Бұл өзгерістер «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулер негізінде жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Президент: «Қытай – Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі»
Президент Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Президент ертең Бейжіңге барады
Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды. Президенттің сапары ертең Бейжің қаласында жалғасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Президент Ауғанстан басшылығына елдегі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде болған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Каспий теңізінің мүшкіл хәлі экологиялық апатқа ұласуы мүмкін
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөйлеген сөзінде климат мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажет екенін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөйлеген сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажет екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ даму банкін құру туралы бастаманы қолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Білім • 01 Қыркүйек, 2025
«Келешек мектептері»: Риддерде 600 орындық заманауи мектеп ашылды
Бүгін Риддер қаласында 600 орынға арналған жаңа №12 мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқу орны «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды және қаланың ең маңызды әлеуметтік нысандарының біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 01 Қыркүйек, 2025
Қытай капиталы Қазақстанда жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын қалыптастыруда
Қытай – Қазақстан экономикасына ең ірі инвесторлардың бірі. ҚХР бүгінде Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі бойынша алғашқы он елдің қатарында, жалпы көлемі 27 млрд АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Қыркүйек, 2025
Жаңа оқу жылында мектептерге жасанды интеллект және жаңа тәрбие бағдарламасы енгізілді
2025–2026 оқу жылы қазақстандық мектептер үшін бірқатар маңызды өзгерістермен басталды. Бұл жаңашылдықтар білім беру мазмұнын жаңғыртуды, тәрбиелік бағытты күшейтуді және әлеуметтік қолдауды қамтиды, деп жазады Egemen.kz.