трамп
Саясат • 17 Желтоқсан, 2025
АҚШ президенті Венесуэла билігін террористік ұйым деп таныды
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэладағы қазіргі билікті «шетелдік террористік ұйым» деп жариялап, санкцияға іліккен мұнай танкерлеріне қатаң шектеу енгізу жөнінде пәрмен берді. Сөйтіп бұл елге қатынайтын және одан шығатын барлық санкцияланған мұнай танкерлеріне теңіздік бөгет қоюды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Желтоқсан, 2025
Трамп Би-би-сиден 5 млрд доллар өндіріп алмақшы
АҚШ президенті Дональд Трамп британдық хабар тарату корпорациясын (BBC) жала жапты деп айыптап, 5 миллиард доллар көлемінде өтемақы өндіруді талап етіп, сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла үстін және оған жақын аймақтағы әуе кеңістігін толық жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BBC хабарлады.
Саясат • 21 Қараша, 2025
Украина Донбасс аймағынан бас тартуы мүмкін
АҚШ президенті Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі жаңа жоспар жобасын даярлаған болатын. Сол жоспар Украина башысы Владимир Зеленскийдің қолына жетті. Енді ол Ақ үй басшысымен келіссөз өткізуге ниетті. Бұл туралы Украина президентінің әкімшілігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Қараша, 2025
«Сөзімді бұрмалады»: Трамп BBC тілшілерін сайлауға әсер етуге тырысқан деп айыптады
АҚШ президенті Дональд Трамп BBC тілшілерін өзінің сөзін бұрмалап, 2024 жылғы президент сайлауының қорытындысына ықпал етуге тырысқан деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz TACC агенттігіне сілтеме жасап.
Саясат • 07 Қараша, 2025
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін
«Орталық Азия – АҚШ» саммитінде Дональд Трампқа Қазақстанға қонақ болу жоспарыңызда бар ма деген сауал қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Саясат • 03 Қараша, 2025
АҚШ Украинаға «Томагавк» зымырандары берілмейтінін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп алыс қашықтыққа ұшатын «Томагавк» қанатты зымырандарын Украинаға жөнелту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Қараша, 2025
Трамп АҚШ-та ядролық сынақтар жүргізілетінін растады
АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның ядролық қаруды сынақтан өткізу ниетін ресми түрде растады. Алайда ол нақты қандай сынақтар туралы сөз болып отырғанын ашып айтпады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2025
АҚШ-та Дональд Трамптың танымалдығы рекордтық деңгейге дейін төмендеді
Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та президент Дональд Трамптың танымалдығы күрт төмендеп, рекордтық ең төмен деңгейге жетті. Мұндай қорытындыны Reuters және Ipsos зерттеу компаниялары жүргізген жаңа сауалнама көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қазан, 2025
Трамп пен Си Цзиньпин Сеулде кездесуі мүмкін
Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин осы айда Оңтүстік Кореяда кездесу өткізуі мүмкін. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Қазынашылық министрі Скотт Бессент CNBC телеарнасына берген сұхбатында растаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қазан, 2025
Трамп Ақ үйде UFC турнирінің өтетін күнін жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 14 маусымында Ақ үйде тұңғыш рет тарихи UFC турнирі өтетінін жария етті. Бұл күн Трамптың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қазан, 2025
Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп One America News телеарнасына берген сұхбатында биыл енгізілген баж салығынан түсетін табыс 1 трлн доллардан асуы ықтимал екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2025
Ким Чен Ын АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын егер Вашингтон ядролық қарусыздандыру талабынан бас тартса, Америка Құрама Штаттарымен келіссөз жүргізуге әзір екенін жеткізді. Бұл туралы ВВС Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Қыркүйек, 2025
Трамп TikTok желісінің бұғатталуын желтоқсанға шегерді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайдың TikTok әлеуметтік желісін ел аумағында бұғаттауды кейінге шегеру туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, қосымшаны тоқтату шаралары мен айыппұл санкциялары 2025 жылдың 16 желтоқсанына дейін қолданылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 05 Қыркүйек, 2025
Трамп Қорғаныс министрлігінің ресми атауына өзгеріс енгізеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрлігінің ресми атауына өзгеріс енгізу жөнінде шешім қабылдады. Fox News таратқан деректерге сәйкес, Ақ үй басшысы Пентагонды «Соғыс министрлігі» деп қайта атау туралы атқарушы бұйрыққа қол қояды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Қыркүйек, 2025
АҚШ соты Гарвард университетін гранттан айыру шешімін тоқтатты
АҚШ федералды соты Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвард университетін федералды зерттеу гранттарынан айыру туралы шешімін жарамсыз деп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
АҚШ президентінің әулеті бір тәулікте 5 млрд доллар тапты
Дональд Трамптың отбасына тиесілі World Liberty Financial компаниясы шығарған жаңа криптовалюта бір тәулік ішінде олардың қағаз жүзіндегі байлығын шамамен 5 миллиард долларға арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Дональд Трамп Чикагоны «әлемдегі ең қауіпті қала» деп атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Чикагоны әлемдегі ең қауіпті қала деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Қыркүйек, 2025
Трамп өзінің өлімі туралы қауесеттен кейін ел алдына шықты
АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше аптаға созылған үнсіздіктен кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты. Кейінгі уақытта оның денсаулығы нашарлағаны, тіпті қайтыс болғаны туралы түрлі қауесеттер тараған еді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Трамп Украинаға қарсы санкциялар енгізуі мүмкін
АҚШ тек Ресейге ғана емес, егер бейбіт келіссөздер сәтсіз аяқталатын болса, Украинаға да санкциялар мен кедендік баж салығын енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz NDTV-ге сілтеме жасап.
Саясат • 19 Тамыз, 2025
Вашингтонда тарихи келіссөз аяқталды
18 тамызда Вашингтонда Украина президенті Владимир Зеленский, АҚШ президенті Дональд Трамп және Еуропаның жеті елінің жетекшісі кездесті. Ақ үйдегі келіссөздер Украинадағы соғысты тоқтату жолдары мен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылауға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 18 Тамыз, 2025
Трамп: «Зеленский, Қырым үшін қырылма!»
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадан НАТО-ға қосылу ниетінен және аннексияланған Қырымды қайтару талабынан бас тартуды сұрады. Ол дүйсенбі күні Вашингтонда Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесіп, кейін Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Финляндия, Еуропалық одақ пен НАТО жетекшілерімен ортақ келіссөз өткізбек, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 18 Тамыз, 2025
Вашингтондағы басқосу Аляска саммитінен де маңызды болуы мүмкін
Әлем назары бүгін тағы да АҚШ астанасы Вашингтонға ауып отыр. Ақ үйде өтетін келіссөздер Украина үшін ғана емес, тұтас Еуропаның қауіпсіздігі үшін шешуші сын болғалы тұр. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл кездесудің маңызы жақында ғана өткен АҚШ пен Ресей арасындағы Аляска саммитінен де асып түседі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Тамыз, 2025
Жеті мемлекет Трампты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды
АҚШ президенті Дональд Трамп бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына қайтадан ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Тамыз, 2025
Трамп Ресейге баратынын мәлімдеді
Бұл туралы Ақ үй басшысы журналистермен өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Шілде, 2025
Трамп бірқатар елмен сауда келісіміне қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамызға жоспарланған жаңа тарифтер енгізілмей тұрып, бірнеше мемлекетпен сауда келісімдеріне қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
АҚШ пен Қытай сауда бітімін ұзарту мәселесінде келісімге келді
Стокгольмде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарында 90 күндік бітімді ұзарту жөніндегі келіссөздер өтті. Екі тарап келіссөздерді конструктивті деп бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.