у
Аймақтар • 20 Мамыр, 2025
Шегірткеге қарсы жұмыс жүріп жатыр
Ұлытау облысында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2025
Зеленский жаңа кездесу өткізуге ниетті
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Киевтің халықаралық кездесу ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен
Осы жылдың 19-мамырындағы дерек бойынша, терезеден құлап кеткен 60 баланың бесеуі оқиға орынында көз жұмған. 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ күннің жылуына байланысты осындай оқыс оқиғалар жиілейтінін қаперге салып, ата-аналарды сақтыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2025
Жезқазған қаласының халқы сапалы су тұтынатын болады
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 20 Мамыр, 2025
Қостанайда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Қостанай қаласының орталық алаңында өткен жәрмеңкеге биыл университет, колледж бітіретін мыңнан аса студент жастар келді. Іс-шараға жүзге тарта жұмыс беруші қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар да бар.
Ауыл • 19 Мамыр, 2025
Алматы облысында алғаш рет қос функциялы тірек орнатылды
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында өңірдегі алғашқы қос функциялы тірек іске қосылды.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Петропавлда 30 жастағы жігіт канистрден дәнекерлеуші лампаға бензин құйып жатқанда отқа оранып, денесінің 90 пайызы күйікке ұшырады.
Әлем • 19 Мамыр, 2025
Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті
АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің алғашқы халықаралық форумы өтті
Астанада елдегі тау-кен металлургия (ТКМ) саласындағы корпоративтік университеттердің кеңейтілген форматтағы халықаралық кездесуі өтті.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты
2025 жылғы 19 мамырда Астанада Мәдениет қызметкерлері форумының ашылуы болып өтті. Іс-шара мәдениет және өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне арналды.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер
14 жасар ақтаулық Эдгар Мамедов – Қазақстанның шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер ретінде тіркеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Алматыда бір түнде 20 мың адам музейге барды
Алматыда аңыз тұлғалар «тірілді». Өткен түнде мегаполис музейлері театрландырылған қойылымдар мен перформанстар арқылы жанды тарих кеңістігіне айналды. Биыл жиырмасыншы рет өткен ауқымды акцияға 20 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Мамыр, 2025
Былтырғы шілдеден бастап елімізде барлық дәрілік препарат міндетті цифрлық таңбалауға жатады. Бақылау механизмі зауыттан дәріханаға дейін дәрі-дәрмектің бүкіл қозғалысын қамтиды. Тәжірибе көрсеткендей, таңбалау жүйесі фармацевтикалық нарыққа қатысушыларға айтарлықтай артықшылық береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 19 Мамыр, 2025
Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді
Соңғы үш жылда қалада рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылған. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті. Ал, биыл заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Деструктивті мультфильмдер министрлікті алаңдатып отыр
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті интернет кеңістігінде таралып жатқан деструктивті мазмұндағы мультфильмдерге қатысты ата-аналарға ескерту жасады. Комитеттің мәлімдеуінше, сырт көзге балаларға арналған секілді көрінетін кейбір бейнематериалдар шын мәнінде агрессияны насихаттайтын және адамгершілік құндылықтарға кері әсер ететін бұрмаланған ақпаратты қамтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
24 мамырдан бастап үйі жоқ азаматтар онлайн кезекке тұра алады
Елімізде тұрғын үй алу жүйесінде жаңа өзгерістер енгізілді. Енді 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне бұрынғыдай тек жергілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Елімізде «Музей түні – 2025» акциясы қалай өтті
18 мамыр әлем бойынша «Халықаралық музей» күні аталып өтілді. Айтулы датаны еліміздегі мәдени мекендер «Музей түні – 2025» акциясымен айшықтады. Бұл күнді келушілер көңілін бұрып, таңғажайып түн форматында өткізу Қазақстанда 2006 жылдан қалыптасты. ҚР Орталық музейінің осы бастамасы бүгінде бұлжымас дәстүрге айналып, осы жылы жиырмасыншы рет ұйымдастырылды. Қазір ел бойынша 294 музей жұмыс істеп тұр. Өткеннің өрнегін бүгінге жеткізіп, болашаққа аманаттар орындарда 4,5 млн жәдігер сақтаулы. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстан музейлерінің табалдырығын 6,6 миллионнан астам адам аттаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Оралда тіл оқыту орталығы ашылды
Орал қаласындағы «Достық үйінде» Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
«Қайрат» биылғы маусымда алғаш рет ұтылды
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аяқталды. Бұл матчтарда төмендегідей нәтижелер тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 19 Мамыр, 2025
Демеушілер 101 жастағы ардагердің баспанасын жөндеп берді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Осакаров ауданының тұрғыны Анна Котованың үйі күрделі жөндеуден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 19 Мамыр, 2025
Александр Бублик халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Ерлер арасында еліміздің көшбасшы теннисшісі Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 19 Мамыр, 2025
Баянауылға сыбырлақ аққулар ұшып келіп жатыр
Баянауыл ұлттық табиғи паркінің директоры Аждар Жүсіпов су айдындарына аққулар жиі ұшып келіп жатқанын хабарлады. Құстар сыбырлақ аққу түріне жатады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Жетісуда қаламгер есімі ұлықталды
Жетісу облысында көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында ұйымдастырылған мерейтойлық шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, ақын Ұлықбек Есдәулет, ғалымдар мен қаламгерлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Мамыр, 2025
Үкімет Жезқазғандағы әлеуметтік мәселені шешуге 1,8 млрд теңге бөлді
Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 60 мың гектар күріш алқабы лазермен тегістелді
Су үнемдеу және егін өнімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысында биыл 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазерлік технологиямен тегістелді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңір диқандарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Мамыр, 2025
Жасанды интеллект: Қазақстанда құқықтық негіз қалыптасты
Өткен аптада Қазақстанның цифрлық даму тарихындағы айтулы оқиға орын алып, Мәжіліс палатасы еліміз үшін маңызды қадам жасады. «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленген заң жобасы – технологиялық прогрестің жылдам қарқынына жауап ретінде жасалған алғашқы іргелі қадам еді.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Арқалықта «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда жариялаған бастамаларын қолдау мақсатында өткен шараға 250-ден астам студент қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 19 Мамыр, 2025
Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілді
Өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайтын суперкомпьютер Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Цифрлық даму министрлігі ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жинақталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Полиция қызметкері «Елорда кубогінің» жеңімпазы атанды
Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция майоры Думан Бекмағанбетов Астана қаласында өткен «Елорда кубогі» турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Уақыт және музей» тақырыбында Музей түні акциясы өтті.