у
Спорт • 11 Мамыр, 2025
«Хабар» агенттігінің 30 жылдық мерейтойына орай Алматыда шағын футболдан белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнирде Сыр журналистерінің командасы жеңімпаз атанды.
Қылмыс • 11 Мамыр, 2025
Ақтауда мейрамхана жанында жаппай төбелес болды
Әлеуметтік желіде Ақтауда жол бойындағы төбелестің видеосы жарияланды. Оқиға Ақтауда 9 мамырға қараған түні болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 10 Мамыр, 2025
Ауыл тұрмысы – инфрақұрылым дамуына байланысты
Инфрақұрылым – ауыл халқының әл-ауқатын арттырудың басты тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында ауылдық елді мекендердің дамуына ерекше мән беріп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдарды таза ауыз сумен, сапалы жолмен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып отыр.
Әскер • 10 Мамыр, 2025
Өмірін сақтады: ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет кәсібиліктері мен кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Оқиға Салтанат сарайы маңында орын алды. Автобус аялдамасынан келе жатқан жас қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген.
Қоғам • 10 Мамыр, 2025
Атырауда Қазақстан ТЖМ үшін сатып алынған L 410 екінші ұшағын қарсы алды
Атырау халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі үшін сатып алынған жаңа L 410 көпмақсатты ұшағын пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты.
Ауыл • 10 Мамыр, 2025
«Ауыл – Ел бесігі»: Ақмола облысында ауылдарды дамыту қарқынды жүріп жатыр
Ақмола облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық аумақтарды дамыту бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райы • 10 Мамыр, 2025
Есіл өзенінде су деңгейі ақырындап түсіп жатыр
«Қазгидрометтің» Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының мәліметіне қарағанда 10 мамыр күнгі сағат 10-да Есіл өзенінің деңгейі барлық гидробекеттер бойынша алдындағы күнге қарағанда бірнеше см төмендеген.
Қоғам • 10 Мамыр, 2025
Алаяқтардан зардап шеккендердің 1,6 млрд теңгеден астам несиесі кешірілді
Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта алаяқтардан зардап шеккен жәбірленушілердің 1,6 млрд теңгеден астам борышы кешірілгенін мәлім етті.
Қоғам • 10 Мамыр, 2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.
Шаруашылық • 10 Мамыр, 2025
Көктемгі егіске 6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды
Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген несиелеуге өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 29 қарашадан басталды.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Владимир Путин Кемел Тоқаевты марапаттау парағын еліміздің Президентіне табыстады
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Түркістан облысында батыр қыздарға арналған ескерткіш ашылды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай қазақтың үш батыр қызы Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановаға арналған еңселі ескерткіш ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Алматы облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш ашылды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Райымбек ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт болашағы үшін күрескен батыр ардагерлер есерткіші қайта жаңартылып, ашылу салтанаты болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2025
Атқарушы органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мобильді қосымша әзірленді
AIS OIP мобильді қосымшасы арқылы азаматтар атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізе алады. Қолданбаны Google Play (Android) және App Store-дан (iOS) жүктеу болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Қызыл алаңда өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан сарбаздарына құрмет көрсетті
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 09 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2025
Ақтауда түркітілдес елдер арасында тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты осы жылдың күзінде өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Президент Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Пәтерді жалға алу үшін мемлекеттен ақшалай көмекті қалай алуға болады?
2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған және жалдамалы пәтерде тұрып жатқан азаматтарға арналған жалға алу төлемдерін субсидиялау бағдарламасы күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Мамыр, 2025
Бұршақ, жел, жаңбыр: Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
9 мамыр күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Алматы • 08 Мамыр, 2025
Медеуде бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен Алматы қаласының Медеу ауданында бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Елімізге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келеді
11-12 мамыр күндері елімізге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келеді.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті
Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлы Кәкімжан Қазыбаевқа неге ашуланды?
«Журналиске диплом емес, сезгіш жүрек, көргіш көз керек!» Бұл аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының жүрек түбінен шыққан ашу-ызасы. Бұл сөздер Рейхстагқа алғаш болып жеңіс туын тіккен лейтенант Рақымжан Қошқарбаевтың есімі ел ішінде ұмыт бола бастаған тұста, ешбір журналистің бұл ерлікке үн қатпағанын көріп, төзімі таусылған сәтте айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 08 Мамыр, 2025
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшысы сарбаздарды құттықтады
Генерал-майор Бекайдар Қазкеев сарбаздарды Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Ажырасқандарға салық салу – шешім бе, шектеу ме
Соңғы жылдары отбасы институтының әлсіреуі мен ажырасу көрсеткішінің өсуі еліміздегі өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ажырасқан отбасыларға салық салу туралы ұсыныс айтқан болатын. Депутаттың бұл бастамасына қоғамның көзқарасын білу мақсатында Egemen.kz тілшісі елорда тұрғындарының арасында сауалнама жүргізген еді. Сауалнамаға қатысқан елордалықтардың барлығы дерлік бұл бастаманы қолдамайтындарын жеткізді.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлы «Халық қаһарманы» ма? (мәселенің мәнісі)
«Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген «Бауыржан Момышұлы» жинағында ерлігі елге аңыз болған батырдың Қызыл Армия қатарына алынып взвод, рота командирі, полк штабы басшысының көмекшісі, Қазақ әскери комиссариаты нұсқаушысы қызметтерін атқарып ысылғанын баяндайды. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда қолбасшы Бауыржан сол жиған тәжірибесіне сүйеніп 316 атқыштар дивизиясының (кейінірек Панфилов атындағы 8 гвардиялык дивизия) жасақталуына белсене атсалысып, осы бөлім құрамында батальон, полк командирі, кейін дивизия командирі ретінде Мәскеу тубінде, Калинин майданында ерлігімен даңқы шығады. Батыр бабамыз соғыстан кейін де он жылдай әскери қызметте болып, Ворошилов атындағы академияны, Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны аяқтап, осы әскери оқу орындарында генералдарға сабақ беріп, ұстаздық етеді.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Астана әкімдігі шеруге кіре алмаған тыл ардагерінен кешірім сұрады
Әлеуметтік желіде 7 мамыр күні Астанада өткен әскери шеруге кіре алмаған тыл ардагерінің видеосы тарады. Әкімдік видеоға назар аударып, тыл ардагерінен кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Мамыр, 2025
Тараз қаласында кеңес одағының батыры, даңқты әскери қолбасшыс, жазушы Бауыржан Момышұлының музейі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.