е
Экология • 16 Шілде, 2025
«Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджі басталды
Экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаев республикалық «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 16 Шілде, 2025
Қазақстан мен Ауғанстан маңызды меморандумға қол қойылды
Таяуда Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ауғанстанға жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы теміржолды салу мен пайдаланудағы негізгі қағидаттар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Делегация құрамында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров та болды.
Заң • 16 Шілде, 2025
Өскемен әуежайының бұрынғы президенті қамауға алынды
«Өскемен әуежайы» АҚ бұрынғы президенті 5 жыл бойы аса ірі көлемде қаржыны жымқырған деген күдікке ілініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Шілде, 2025
Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Шілде, 2025
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы әзірленіп жатыр
Ешбір өңірде болмаған бастама өңірдегі шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Жоба аясында 6 000 бас асыл тұқымды ірі қара және 12 900 бас асыл тұқымды қой сатып алынады, 2 000 бас жылқы күтіп бағылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Шілде, 2025
ШҚО-да бір жастағы бала шеге жұтып қойған
ШҚО-дағы Шемонаиха ауданында бір отбасы үлкен қайғылы жағдайдан аман қалды, деп хабарлады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Шілде, 2025
Астанада балалардың терезеден құлап кету оқиғалары әлі де азаймай тұр
Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы басшысының міндетін атқарушы Жанат Камерденов айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 15 Шілде, 2025
Әскери оқу орындарына құжат қабылдау басталды
Әскери қызметкер болып, Отаныңды қорғау – жоғары мәртебелі міндет. Бұл салаға мойын бұрып, мамандық алып, оқалы киім кию үшін елімізде бірнеше әскери оқу орны жұмыс істейді. Бүгін аталған оқу ордаларына түсу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Қазақстандағы ерлердің үштен бірі темекі тартады - статистика
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтарда ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Шілде, 2025
Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап, қайтыс болды
14 шілдеде жедел жәрдем станциясының фельдшері полицияға қала кәсіпорындарының бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Шілде, 2025
Жаңбыр, бұршақ, жел: Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 16 өңірінде 16 шілде күні ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді. Бірқатар аймақтарда найзағай, бұршақ, күшті жел мен аптап ыстық күтіледі.
Кәсіпкер • 15 Шілде, 2025
«Almaty Business – 2025» бағдарламасы 750-дей жобаны жарылқады
Егер 2025 жылдың алты айдағы жұмысына көз жүгіртетін болсақ, «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес компаниялары «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 4,7 млрд теңгеге 44 жобаны қаржыландырып, бұл 320 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген. «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын Алматы қаласының мәслихаты 2019 жылы бекіткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Министр лауазымды қызметке тағайындалды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) директорлар үйлестіру комитетінің құрамына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Шілде, 2025
ЕЭК еліміздің агроөңдеу саласындағы тәжірибесіне шолу жасады
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту қосылған құнның тікелей тізбектерін қалыптастыруда, азық-түлік түрлерін кеңейту мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 15 Шілде, 2025
Трамп Зеленскийге Мәскеуге соққы жасауды ұсынған
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийге Ресей аумағына, оның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербургке соққы жасауды ұсынған. Бұл туралы Financial Times басылымы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Елімізде темекі шегетіндер азайып келеді
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, елімізде темекі өнімдерін тұтынушылардың үлесі азайып келеді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қазір ел тұрғындарының 17,5%-ы темекі шегеді. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,7% болған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Түркі елдерінің тау курорттары одағының екінші саммиті Шымбұлақта өтеді
2025 жылғы 11-13 шілде аралығында Шахдаг (Әзербайжан) туристік орталығында Түркі мемлекеттері тау курорттары одағының халықаралық саммиті өтті. Оған түркі әлемінің жетекші тау шаңғысы курорттары: Шымбұлақ (Қазақстан), Шахдаг (Әзербайжан), Улудаг (Түркия) және Әмірсой (Өзбекстан) қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Жазғы Универсиадаға 76 студент-спортшы қатысады
ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада – осы айдың 16-27 күндері аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында, нақтылағанда Берлин, Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм қалаларында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2025
Шымкент гарнизонының әскери қалашығында балалар алаңы ашылды
Әскери азаматтардың балалары енді жаңа алаңда ойнайды. Оған қаланың Әл-Фараби аудандық әкімдігі мен кәсіпкерлер демеушілік көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
Қазақстандық танымал дәрігер Нина Каюпова өмірден озды
90 жасында Қазақстандағы акушерлік және гинекология саласының негізін қалаушылардың бірі, атақты дәрігер, қоғам қайраткері, академик Нина Амировна Каюпова дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 15 Шілде, 2025
Халықтың несие қарызы 24 трлн теңгеден асты
Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша экономикаға берілген жалпы несие көлемі 44,5 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1 трлн теңгеге немесе 22%-ға артық. Оның ішінде 24 трлн теңгеден астамы халықтың алған несиесі, 20,4 трлн теңгесі бизнеске берілген қарыз, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2025
Жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай алады
Жазғы демалыс уақыты. Бұл мезгілде көптеген отбасы балаларымен бірге шетелге саяхаттайтыны белгілі. Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының мамандары шетелге шыққанда қандай құжаттар керек екенін және балаға шетелдік төлқұжатты рәсімдеудің маңыздылығы жөнінде тағы бір мәрте ата –аналардың есіне салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
«Ansar Gold» қаржы пирамидасының мүшелері құрықталды
Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша Шымкентте «Ansar Gold» деп аталатын қаржы пирамидасы анықталды. Күдіктілер зергерлік компания ретінде өз әрекеттерін жасырып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Шілде, 2025
Елімізде ана мен бала өлімі азайған
Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша өлімнің бірқатар көрсеткіштерінің төмендеуі және балалар мен аналарға медициналық көмек көрсету тиімділігінің өсуі байқалған. Осылайша, ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректеріне сәйкес, сәбилер өлімінің көрсеткіші 26,3%-ға, алты айда ана өлімі 9,7%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 15 Шілде, 2025
Қарағанды облысында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалды
Кеше Долинка кентінінің жайылымында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалған. Қырылған ұсақ мал Абай ауданы Жартас ауылының фермеріне тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Алматыда үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу өтті
Алматыдағы «ADD Ustel Tennis Ortalygy» спорт кешенінде 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 15 Шілде, 2025
Қазақ балуандары Азия бәсекесінде 12 медаль алды
Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен 20-ға дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақ балуандары 12 жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Шілде, 2025
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесі жетілдіріледі
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
245,5 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2025 жылдың 1 шілдесіндегі деректерге сәйкес, еліміздегі 45,7 мың отбасындағы 245,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) берілді. Бұл мақсатқа 16,2 миллиард теңге бөлінген. Жалпы алғанда, 2025 жылы АӘК төлемдеріне республикалық бюджеттен 10,7 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.