Іс
Төтенше жағдай • 27 Желтоқсан, 2025
Ресейде Ақтау маңында құлаған AZAL ұшағына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Ресей Федерациясында Ақтау маңында құлаған AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімге Әзербайжан тарапы қатаң реакция білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Желтоқсан, 2025
Қос аққу жылжымайды: «Жақын барып хал-жайын кім сұрайды?»
Табиғат қашанда тосын құбылыстарға толы. Осыдан төрт-бес күн бұрын Семей қаласындағы ақ Ертістің айдынына қос аққу келіп қонған еді. Міне, бір аптаға айналып барады, жыл құстары әлі жылжыған жоқ.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті
Түркістан облысында отшашу атпақ болған екі жасөспірім ауруханаға түсті. Оқиға балалардың пиротехниканы үлкендердің қарауынсыз қолдануы салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?
Әлемдік нарықта бағалы металдардың құны күрт өсті. 24 желтоқсанда алтынның бір унциясы алғаш рет 4 500 доллардан артып, жыл басынан бергі өсім 70%-дан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды
Жетісу облысында мал ұрлығы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Шағын бизнесті қолдауға арналған өңірлік бағдарламалар әзірленеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнесті қолдаудың және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Ақтаудағы жағымсыз иістің себебі белгілі болды
15 желтоқсан күні кешке Ақтау қаласы мен оған жақын аумақтарды жайлаған жағымсыз иістің неден шыққаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді
Бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:32-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Хакерлер әлемдегі ең ірі музыкалық платформалардың бірін бұзған
Хакерлер Spotify стримингтік сервисінің музыкалық каталогына қол жеткізген. Бұл әрекет музыканттардың табысына, авторлық құқыққа, цифрлық қауіпсіздікке тікелей әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2025
Астанада екінші әуежай салына ма?
Елорда маңынан тағы бір халықаралық әуежай салынады деген ақпарат соңғы уақытта қоғам талқысына түсті. Әсіресе, жаңа әуе айлағы Қарағанды бағытында салынада деген сыбыс жұртты елең еткізді. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Түркістанда менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық іске қосылды
Түркістан облысында менталды бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік нысан – «Қамқорлық» арнаулы қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2025
2027 жылдан бастап Астанада кептеліс 40%-ға азаяды
Елорда билігі көлік кептелісімен күрестің түбегейлі жолын тапты. 2027 жылы Астанада алғаш рет екі деңгейлі алып автомагистраль құрылысы басталады. Бұл жоба қала жолдарындағы жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Желтоқсан, 2025
LRT-ның ресми іске қосылуына санаулы күндер қалды
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек жобаның сынақ мерзімі аяқталуға жақын екенін және оның жоспардан ерте ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Көлік ұрлығының жаңа схемасы әшкереленді
Елімізде автокөлік пен жүк тасымалы цифрланған сайын қылмыс та жаңа кейіпке еніп жатыр. Ішкі істер органдары онлайн-платформалар арқылы жасалатын көлік ұрлығының тың схемасын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 22 Желтоқсан, 2025
Тарбағатайдағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан Сансызбай Иісұлы туралы не білеміз?
Енбегі екі қазаққа бірдей сіңіпті. Екі қазақ емес, иісі бір қазақ. Екі қазақ дейтініміз – Семей топырағында туып, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілісінде Тарбағатайда қол бастаған, ал өмірінің көп бөлігінде (туған жері Мақаншыға оралған соң) еліне қызмет еткен тұлға – Сансызбай Иісұлы еді.
Төтенше жағдай • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Бүгін түнде, 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2025
Семейде жаңа өндірістік цехы іске қосылды
Абай еліндегі ірі экспорттаушы кәсіпорындардың бірі – «Казполиграф» ЖШС-нің жаңа өндірістік желісін – «Gable Top» картон қаптамалар цехы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Желтоқсан, 2025
Пәкістанның экс-премьері Имран Хан мен жұбайы 17 жылға сотталды
Пәкістанның арнайы соты елдің бұрынғы премьер-министрі, PTI партиясының негізін қалаушы Имран Хан мен жұбайы Бушра Бибиді тағы бір қылмыстық іс бойынша 17 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 20 Желтоқсан, 2025
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында орналасқан Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Тоқаев: БҰҰ әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек
Бұл туралы Мемлекет басшысы Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінде оқыған дәрісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2025
Түркістанда құлаған көпірдің орнына жаңасы салынады
Келес ауданы аумағындағы ұзақ жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан Келес өзенінен өтетін көпір бірнеше күн бойы жауған нөсер жаңбырдың салдарынан тірек бағандарының түбі шайылып, құлаған болатын. Ескі көпірдің орнына жаңасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, 2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 18 Желтоқсан, 2025
Сенат маңызды заң жобасын мақұлдады
Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге теңестірілген кей тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуына рұқсат етілуі мүмкін. Себебі бүгін Сенат «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына ел тұрғындарының көзқарасы қандай?
Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына халықтың көзқарасын анықтау мақсатында 1000 респондент қатысқан әлеуметтанулық зерттеу жасалды. Деректер көрсеткендей, негізгі салалардағы реформалар көпшіліктің назарында болды, деп хабарлайды Egemen.kz nacanalytica.kz-ке сілтеме жасап.
Футбол • 18 Желтоқсан, 2025
«Жетісу» футбол клубына бас бапкер тағайындалды
«Жетісу» футбол клубының бас бапкері болып Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында көпір құлады
Алдын ала мәліметке сәйкес, көпірдің ұзақ жыл бойы пайдаланылғандықтын және тірек бағаналарының түбінің шайылуы салдарынан қауіп туындаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық мониторинг жұмыстары барысында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Семейде Қайрат Рысқұлбеков пен оны айыптаған прокурордың көшесі қиылысады
Міне, Семейде ақ боран. Мен 4-Лодочнаядан кейінгі Достоевский көшесін көктей өтіп, Гагарин көшесінен түстім. Дала боран. Ұйтқыған жел қойын-қонышыңды орайды. Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков көшесі кілт бұрылыс болып басталады. Иә, Қайрат десе, желтоқсан, желтоқсан десе, ойымызға Қайрат Рысқұлбеков оралады. Өйткені ол 86 жылғы азаттықтың алауын мұзға жаққан мыңдаған боздақтардың бір ғана символы десе де болар. Оған қандай жала жабылып, жаза құшса, қалғандары да сондай әділетсіздіктің ақ лағы болып кете барды. Бір айналдырса, шыр айналдыратын көмескі күш оның тағдыр жолында тағы да түйісіп, көрмей кеткен көшесі қиылысады деп кім ойлаған. Бұл кездейсоқ болатын сәйкестік пе, әлде зауал ма?
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Осыдан 39 жыл бұрын... Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздіктің бастауы
Осыдан 39 жыл бұрын қазақ жастары Алматының орталық алаңына қарай беттеп бара жатты. Тұс-тұстан ағылған адамдар тобы көше қиылыстарында біріне бірі қосылып, қарақұрым халық ә дегенде-ақ жиналған еді. Олар қазақ елін қазақ басшы ғана басқаруы тиіс деп ұрандатып, Колбиннің билікке келуіне айырықша қарсылық танытты. Ал шын мәнінде бұл азаттық аңсаған, бұғаудан босап шыққысы келген халықтың жанайқайы, тұяқ серпіген тағдырлы зары еді.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2025
Ұлттық қордың биылғы инвестициялық кірісі белгілі болды
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады. Ол Ұлттық қордың 11 айдағы инвестициялық кірісі 8,2 млрд долларға жеткенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.