өрт
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Елордада қонақүй өртінен 60-қа жуық адам эвакуацияланды
Бас қаланың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойындағы бес қабатты қонақүйден өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Қазан, 2025
Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш баласын өрттен құтқарып, өзі құрбан болды
Ер адам өртеніп жатқан үйдің терезесінен отбасы мүшелерін тегіс алып шыққан. Өзі ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Екібастұзда үй өртеніп, 6 адам тірідей жанып кетті
Екібастұздың ауылдық аймағында жеке шаруашылықтың үйі мен шаруашылық ғимараттары өртенген. Тілсіз жаудың салдарынан үйде болған 6 адам өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қазан, 2025
Атырау облысында 30 гектарда қамыс қопасы бықсып жатыр
Атырау облысының Құрманғазы ауданында 30 гектарда қамыс қопасы бықсыды. Бүгін оның 12 гектары сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Қазан, 2025
Бірнеше адамды өрт қойып өлтірген күдікті ұсталды
Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Полтавка ауылында өрт болып, отта қалған үш адамның мәйіті табылған еді. Сол кезде полиция бұл төтенше жағдай емес, қастандық жасалғанға ұқсайды деп жариялағанын Egemen.kz хабарлаған.
Төтенше жағдай • 04 Қазан, 2025
Атыраудағы мейрамхана кешенінде ірі өрт болды
Атырау қаласында орналасқан мейрамхана кешенінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 28 Қыркүйек, 2025
Саран қаласында көпқабатты үйде алапат өрт болды
Қарағанды облысының Саран қаласында көпқабатты үйден шыққан алапат өрттен 4 адам ажал құша жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында өрттен 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды
Жамбыл облысында таңғы сағат бестің шамасында ірі өрт шығып, 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Қыркүйек, 2025
Түнде Алатау ауданы, Солтүстік айналым шағын ауданындағы сауда базарының аумағында тез тамақтану дүңгіршегі өртеніп, жалын металл контейнеріне тараған. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп алапат өрттің алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Қыркүйек, 2025
Петропавлдың орталығындағы Интернационал көшесіндегі 2 қабатты ескі үйлердің бірінен өрт шығып, бір пәтер от құшағына оралды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Қыркүйек, 2025
Алматының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан дәмхана отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2025
Петропавлда ескі үйлерден өрт шықты
Петропавлдың орталығындағы Интернационал көшесіндегі 2 қабатты ескі үйлердің бірінен өрт шығып, бір пәтер от құшағына оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Қыркүйек, 2025
Өңірдегі мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 4 млн 425 мың гектарды құрайды. Оның 2 млн 311 мың гектары орманмен қамтылған жерлер санатына жатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қыркүйек, 2025
Ауа құрамы әр төрт сағат сайын тексерілуде
Алатау қаласының аумағындағы қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ауқымды аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға қажетті күш-құралдар жұмылдырылды. ТЖД бөлімшелері жану ошақтарын инертті материалдармен толтырып, топырақты нығыздау және инъекциялық сөндіру әдісін қолдануда.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер зақымданды
Өткен түні Астана қаласы Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Қыркүйек, 2025
Үш адамның өмірін жалмаған өрт
Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полтавка ауылында күйген үйден үш адамның мәйіті шыққан. Оның біреуі әйел, екеуі ер адам, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Қыркүйек, 2025
Алатау полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны үш күннен бері жанып жатыр. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі полигондағы өртті сөндіру үшін басқа облыстардан қосымша күштер тартты. Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында қоқыс полигонынан өрт шықты
Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, оны сөндіруге 108 адам мен 54 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты
Алатау қаласындағы Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 14 Қыркүйек, 2025
Шымкентте екі қабатты мешіттің шатыры өртеніп, оқиға орнына төтенше жағдай қызметі жедел жетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыда ірі өрт шығып, үш қабатты ғимараттың шатыры құлады
Алматы қаласының Әуезов ауданында ірі өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, жалын алғашында шаруашылық нысанынан басталып, кейін үш қабатты ғимараттың шатырына тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 31 Тамыз, 2025
Алматы облысында өрттен үш адам қаза болды
Алматы облысындағы Қарайсай ауданына қарасты Тұрар ауылында құрғақ шөп өртеніп, ол ауыл маңындағы саяжайлар мен шаруашылық құрылыстарды да шарпыды. Өрт салдарынан үш адам мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Тамыз, 2025
Францияда 17 мың гектарды шарпыған орман өрті сөндірілді
Францияның Од департаментінде соңғы ондаған жылдағы ең ауқымды орман өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Испанияда орман өртіне қатысы бар 48 адам ұсталды
Испанияда орын алған жойқын орман өрттеріне адамдардың әдейі қатысы болуы мүмкін деген болжам жасалды. Бірқатар өрт оқиғалары қасақана ұйымдастырылғаны белгілі болды. Тамыз айында полиция 48 адамды өрт қоюға күдікті ретінде қамауға алып, тағы 134 іске байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Тамыз, 2025
Ресейдің төрт өңірінде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Якутия аумағында орман өрттері 8,4 мың гектардан астам жерді шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 20 Тамыз, 2025
ШҚО ормандарын өрттен қорғау шаралары күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысында орман қорының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері жалпы аумағы 192,8 гектарды қамтыған 14 өрт тіркелген. Оның 5,1 гектары орманды жерлер. Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысы, Нұра ауданының Ахмет ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Енді мұнда төрт құтқарушы тәулік бойы кезекшілік атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Тамыз, 2025
Испанияда орман өрті салдарынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Испанияның солтүстік және батыс өңірлерінде ірі орман өрттері өршіп тұр. Салдарынан бірқатар аймақта теміржол және автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Тамыз, 2025
Қызылорда облысында сауда үйі өртенді
Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде екі қабатты сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2025
Қостанай облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Қостанай облысы аумағында 15 сәуірден бастап өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ауқымды рейдтер өтеді. Аталған іс-шара өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметтердің алда келе жатқан жылу маусымына әзірлігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ өрттің алдын алуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.