м
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді
«Қазцинк» аумағындағы жарылыс салдарынан төрт зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Алматы әуежайын су басты: Мекеме басшылығына қандай шара қолданылады?
Алматы халықаралық әуежайының шатырын су басуына байланысты мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиғаға қатысты Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 05 Мамыр, 2026
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, оның ішінде 74 қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі зауыттардың бірінде жарылыс болды
Өскемен қаласында орналасқан зауытта апат болды. Әлеуметтік желіде нысан аумағында қою түтін шығып жатқан видеолар кең тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Мамыр, 2026
Ормұз бұғазындағы жағдай: Иран мәлімдеме жасады
Иран тарапы АҚШ кемелерінің Ормұз бұғазына кіруіне жол бермегенін мәлімдеді. Бұл қадам Дональд Трамп америкалық теңіз күштері өңірде кемелерге ілесіп жүруді бастайтынын жариялағаннан кейін жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Мамыр, 2026
Германияда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды
Лейпциг қаласында жеңіл автокөлік адамдар тобына соғылып, қайғылы оқиға болған. Салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Мамыр, 2026
Астанада Марал көпірінің бір бөлігі жабылады
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тарапынан Марал көпірінің көлік айырығынан Шарль де Голль көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Мамыр, 2026
Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізуге арналған жаңа нормативтік құжат әзірленді. Бұл бастама медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Мамыр, 2026
Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді
Елордада Отан қорғаушылар күні кең көлемде аталып өтеді. Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де мерекелік плац-концерт өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2026
Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі
Елордада киберспорт жанкүйерлері үшін ірі оқиға өтпек. Астанада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі ұйымдастырылып, оған әлемнің үздік командалары жиналады. Бұл дода Counter-Strike 2 бойынша өтіп, миллиондаған көрермен назарын өзіне аудармақ, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 04 Мамыр, 2026
Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады
Америкалық ғалымдар көпжылдық зерттеулер нәтижесінде адамның туған айы оның өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығына ықпал етуі мүмкін деген қорытындыға келді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 04 Мамыр, 2026
Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялады
Сәуір айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 463,09 теңгеге дейін нығайып, өсім 3,1% болды. Бұл туралы Ұлттық банк ақпараттық хабарламасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 04 Мамыр, 2026
Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Риддер қаласының жылу инфрақұрылымын жаңартуға шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Қаражат елді мекенді жылумен қамту сенімділігін арттыруға бағытталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Мамыр, 2026
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз компаниясының 50 жылдығына орай қызметкерлеріне 50 пәтер табыстады. Бұл бастама өндірістің дамуына ұзақ жылдар бойы үлес қосқан мамандарға көрсетілген нақты құрметтің көрінісі болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Мамыр, 2026
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Ұлттық музейде суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет» атты жеке көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме суретшінің шығармашылық жолындағы 200-ші мерейтойлық экспозициясы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Астанадағы Нұра ауданында эвакуатор көлігі аялдаманы қиратып кетті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Астана қаласында Конституция көшесі бойындағы «Ильяс» дүкені маңында жас жігіттің соққыға жығылғаны белгілі болды. Зардап шегушінің туыстарының айтуынша, оқиғаға шамамен 40-қа жуық адамның қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Астананың мешіттерінің бірінде қымбат брендтік күрте ұрлығы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Шымкентте 34 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жолда қауіпті әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 04 Мамыр, 2026
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мамыр айындағы мерекелік кезеңде жолаушылар сұранысының артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыз құрамдарын іске қосады. 6-11 мамыр аралығында негізгі бағыттар бойынша вагондар саны көбейтіліп, жолаушыларға қосымша орындар ұсынылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Тоқаев Dubai World Trade Center атқарушы вице-президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Атлант мұхитында 3 адам сирек кездесетін вирустан көз жұмды
Атлант мұхитындағы «MV Hondius» лайнерінде хантавирустан үш адам қаза тапқан соң, Кабо-Верде билігі кемедегі адамдарды эвакуациялаудан бас тартты. Оқшауда қалған жолаушылардың жағдайы күрделі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында сенімді инфрақұрылымды цифрлық экономиканың тағы бір берік тұғыры ретінде атады, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 04 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы «Алтын виза» иегерлеріне берілетін жаңа жеңілдіктер туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар шақыру және инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
«Не боламыз, не бордай тозамыз»: Тоқаев цифрландыруға салғырт қарауға болмайтынын ескертті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қазақстан криптохабқа айналады: Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді
Алматыда өткен Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің екінші отырысында Президент Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытайдың тәжірибесін мысалға келтіре отырып, Қазақстанның да бұл бағытта өң нәтижеге жеткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ
Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы әлемдік деңгейдегі жетекші зертханалардың соңғы деректеріне сүйене отырып, дамыған және дамушы экономикалар арасындағы алшақтық тез ұлғайып келе жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.