ыс
Зерде • 17 Маусым, 2025
10 сынып оқушысы Еуропаның ең үздік физигі атанды
Болгарияның бас шаһары Софияда бүгін мәресіне жеткен беделді халықаралық зияткерлік сайыс – Еуропалық физика олимпиадасына (EuPhO-2025) 39 елден 200-ден астам жас физик қатысқан. Ел намысын қорғаған 5 оқушының барлығы жүлдегерлер қатарында тұрды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 17 Маусым, 2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында елімізде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 001 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Ақмола облысында бір ауылдық округке қарасты екі ауыл алкогольден бас тартты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт салынады
Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор — Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Әйелін балағаттаған қызылордалық қамауға алынды
Ер адам 10 тәулікке қамалды. Сот мәліметінше, ол спирттік ішімдік ішіп, отбасындағы жанжал кезінде жұбайына құрметсіздік танытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Алматыда балалар SIM-картасы іске қосылды
Алматы қаласының прокуратурасы мен TELE2/ALTEL байланыс операторының бірлесуімен «SIM KIDS» атты балаларға арналған арнайы SIM-карта жобасы ресми түрде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Маусым, 2025
Алматы облысында агроөнеркәсіптік парк ашылады
Қытайлық «Yili Chuanning Biological Co.» компаниясы Алматы облысында жүгеріні терең өңдеу саласында ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2025
Түркістанда тоқыма комбинаты салынып жатыр
Түркістан облысында өнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Бұл үрдіске қытайлық инвестициялар ерекше серпін беріп отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 16 Маусым, 2025
Жол сапасын бақылау – кезек күттірмейтін мәселе
«Жол құрылысы активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарына 146 рет инспекторлық бақылаумен шығып, 123 кемшілік пен бұзушылықтарды анықтады. Оның 18 түзетілгенімен қалған 105 әлі түзетілу үстінде, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 16 Маусым, 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Майтөбе ауылының баурайында ауылдық клубтар арасында Art-тимбилдинг іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Блогер жарнама түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысында супермаркеттің жарнамасын түсіру кезінде блогердің агрессивті әрекеті оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2025
Павлодар облысындағы ірі кәсіпорын 1 млрд теңгеге жуық айыппұл төледі
Ақсу қаласындағы "Қазхром" компаниясына қарасты ферроқорытпа зауытынан атмосфераға шыққан қалдықтар көлемі нормадан асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағалы біраз жұмыс атқарылып жатыр. Соның аясында Астанада «Алтын Гефест» тау-кен металлургия өнеркәсібінің салалық байқауы биыл 15-ші рет ұйымдастырылып, онда еліміздегі тау-кен металлургия саласындағы адал азаматтар марапатталған. Солардың бірі — Күлкен Дагилова, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
Алматы облысында мемлекеттік мекемелер үшін жаңа жұмыс кестесі енгізілді
Алматы облысында 2024 жылдың 16 маусымынан бастап мемлекеттік мекемелер жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Egemen.kz Бұл ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Спортшылар осы аптада 8 халықаралық жарысқа қатысады
Жарыстар кестесі сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2025
Президент айтқан ғылым қалашығы қашан бой көтереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ғылымға қатысты ерекше бастама көтергені есімізде. Онда Президент: «Шын мәнінде, ғылым қалашығы керек. Оларды Алматыда, Курчатовта салу ақылға қонады. Бірақ Үкімет те, ғалымдар мен салалық министрлік те нәтиже шығару қажет екенін түсінгені жөн», деген еді. Жуырда Абай облысына келген Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысында да бұл мәселе қайта көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста топ жарды
Осы айдың 14-15 күндері Бурабай кентінде (Ақмола облысы) триатлоннан халықаралық жарыс өтіп, оған Қазақстан, Беларусь, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия, Өзбекстан, Жапония елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты. Қазақ триатлеттері Бурабайдағы халықаралық жарыста жарқырады: үш алтын және жасөспірімдер арасында толық подиум. Турнир World Triathlon халықаралық федерациясының құрлықтық күнтізбесі аясында өтті және Азия мен әлем чемпионаттарына дайындықтың маңызды кезеңі болды. Жарыс жолдары көлдер мен ормандар арқылы өтті, сөйтіп, әділ әрі әдемі жарыс үшін тамаша жағдай жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Отбасындағы зорлық-зомбылық едәуір азайды - Ерлан Қарин
Бүгін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қабылданған заңның нақты нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Маусым, 2025
Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайы салынады
2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2025
Түркістан облысында дрон зауыты салынады
Түркістан облысында тікұшақ, дрон және пилотсыз жүк аппаратын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан талқылауда ауқымды жобаны іске асыру шарттары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Маусым, 2025
Батыстағы үш облыста браконьерлерге 21,5 млн теңге айыппұл салынды
Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Маусым, 2025
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ипподромында еліміздің ат спорты чемпионатының 4-ші іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Маусым, 2025
Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылатын болды
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қазір салынып жатқан «Қалқаман» жаңа метро бекетінің құрылыс барысын тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Маусым, 2025
«Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды
Қостанай облысында стратегиялық маңызы зор «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 14 Маусым, 2025
Ертіс бойының диірменшілері қиын жағдайға қалып отыр
Қазір өңір бойынша небәрі 8 диірмен жұмыс істейді. Оның өзінде нысандардың жүктемесі 30 пайыздан аспайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 14 Маусым, 2025
Өнеркәсіптік даму: Жамбыл облысында заманауи шыны өндірісі іске қосылды
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында өңірдегі алғашқы шыңдалған шыны шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Индустриялық жобаны жергілікті кәсіпкер қаржыландырып, сәтті іске асырды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 14 Маусым, 2025
Қысқа мерзімді оқыту жаңа жұмыс орындарын табуға көмектеседі
2025 жылы мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші бойынша 1687 адамды кәсіптік оқытуға жіберді, оның ішінде 89 адам оқуды аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2025
Шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету қажет
Шаруашылығы өркендеген Шеңгелдіге арнайы атбасын бұрған Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов бірнеше шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Маусым, 2025
Түркістан облысында 6 инвесторға қатысты заңсыз шешім қабылданған
Түркістан облысы прокуратурасының тарапынан биыл «Инвест-Караван 2025» іс-шарасы шеңберінде 3 көшпелі кездесу өткізіліп, 26 инвестормен тікелей сұхбат жүргізілген. Сондай-ақ 6 инвесторға қатысты заңсыз шешімдер қабылданғаны анықталып, оларға қатысты тіркелген әкімшілік істердің күші жойылды. Ал 4 инвесторға қатысты уәкілетті органдардың негізсіз тексерулері тоқтатылды. Нәтижесінде биылдың 5 айында 216 жеке кәсіпкердің және 6 инвестордың құқы қорғалып, жалпы сомасы 79,7 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба бойынша кейстер шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 13 Маусым, 2025
Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті
Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша этноауыл бой көтерді. Ғасырлық тойға жиналған қонақтар қазақтың ұлттық ойындарын тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты, деп хабарлайды Egemen.kz.