Ер
Әскер • 23 Маусым, 2025
«Айбын-2025»: 700-ден астам бала әскери-патриоттық жиынға қатысуда
Ақтөбе облысында «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиыны басталды. Бір күн бұрын далалық лагерь аумағына 50-ден астам команда, оның ішінде 5 шетелдік команда келді. Жиынға қатысушылардың жалпы саны 700-ден астам ұл мен қыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
«Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады, деп жазады Egemen.kz.Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qazaqstanda-zang-men-tartip-zhanga-tsifrlyq-servisi-iske-qosyldy/
Әскер • 23 Маусым, 2025
«Айбын-2025» халықаралық әскери жиыны басталды
Әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар елдімекеніндегі Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полигонында өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан және Әзербайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ден астам қыздар мен жігіттер қатысуда. Жиынға алғаш рет Қытайдан бақылаушылар да келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Қазақстан Еуропа Кеңесі Конвенциясына қосылады
2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Риддерде заманауи емхана салынып жатыр
Риддер қаласында тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоба аяқталған соң, ол қала мен оған іргелес орналасқан бірнеше ауылдық округтердің халқына заманауи стационарлық және амбулаториялық-емханалық қызмет көрсететін негізгі медициналық орталыққа айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Президент полиция мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
Бүгін – Мемлекеттік қызметкерлер күні
Бүгін Қазақстанда ресми кәсіби мерекелердің бірі – Мемлекеттік қызметкерлер күні. Бұл дата 2013 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Президент «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Маусым, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Апталық шолу ақпаратты сала министрлігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Елімізде отбасындағы қылмыстардың саны едәуір азайған
Ақмола облысының Бурабай ауылында ҚР Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата көшпелі отырысын өткізіп, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа заңның орындалу барысын саралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 23 Маусым, 2025
Екі облыста фермерлік далалық мектептер ашылады
GCP/KAZ/005/GFF жобасы – «Қазақстанда климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдарды қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация» шеңберінде Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлік далалық мектептер құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы Герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Маусым, 2025
Үкіметте дәрі-дәрмек өндірісін кеңейту жобасы талқыланды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті. Кездесу барысында тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Абай облысында жер сілкінісі тіркелді
2025 жылғы 23 маусымда Абай облысында магнитудасы 4.0 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Ұлытау облысында ауру малдың қалдығын жоятын пеш сатып алынды
Ұлытау облысының ветеринария саласына жануарлардың аса қауіпті жағдайлары тіркелген жағдайда қалдықсыз жою үшін Камаз автокөлігіне орнатылған жылжымалы инсинератор пеші алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Маусым, 2025
Колледждерде студенттерді халықаралық сертификаттау басталды
Қазақстанда алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері халықаралық деңгейде кәсіби құзыреттерін растай бастады. Бұл бастама Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынып, білім алушылардың нақты дағдыларын мойындаудың жаңа құралы ретінде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Балқаш көлі бассейніне зерттеу жүргізілді
Алматы облысы Балқаш ауданында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Францияның ғылыми ұйымдарының қатысуымен кең көлемді далалық зерттеу жұмыстары өтті. Экспедицияны еліміздің ғылыми ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 22 Маусым, 2025
Алматыда тері күтіміне арналған шеберлік сабағы өтті
Алматы қаласындағы Жетісу комьюнити орталығында әйелдерге арналған «SkinCare» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара бет терісіне күнделікті күтім жасаудың тиімді тәсілдерін үйретуге бағытталды. Шараға тәжірибелі косметолог Қарлығаш Темірбаева арнайы шақырылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2025
Сәтбаев геологиялық универсиадасы мәресіне жетті
15–21 маусым аралығында Satbayev University бастамасымен және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қолдауымен II Қазақстандық геологиялық Универсиада «Сәтпаев» табысты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 22 Маусым, 2025
Үлескер қауіпсіздігіне бағытталған жүйе
Үлестік тұрғын үй құрылысын цифрландыру аясында Қазақстандық тұрғын үй компаниясы «Қазреестр» ақпараттық жүйесін жақсарту үшін ауқымды жұмыстар жүргізді. Сервис азаматтарды заңсыз қаражат тартатын құрылыс компанияларынан тұрғын үй сатып алудан қорғауға негізделіп отыр. деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 21 Маусым, 2025
Профилактика жылы: ІІМ Әскери-тергеу департаменті құқықбұзушылықпен күресті күшейтті
Ішкі істер министрлігі жүйесінде "Құқықбұзушылықтардың алдын алу жылы" деп жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Маусым, 2025
Интернет-алаяқтықты құрықтау барысы
Солтүстік Қазақстан облысының ПД бастығы генерал Айдын Қабдұлдинов облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 20 Маусым, 2025
145 жас офицер Қазақстан ТЖМ қатарын толықтырды
Көкшетау қаласындағы «Абылай хан» алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультеті курсанттарының салтанатты шығарылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды
Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды. Ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Парламенті және Сенат депутаттары, шетелдік және отандық инвесторлар, Абай облысынан шыққан ірі кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері қатысуда. Маңызды жиынға 500-ге жуық кәсіпкер шақырылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Премьер-министрдің орынбасары жазғы маусымға дайындықты пысықтады
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр орынбасары Ермек Көшербаев әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар, салалық ведомстволар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Алматыда кәріз жүйелерін тартатын мердігерге қатаң талап қойылды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы Түркебаев көшесінде Кіші Абай көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан кәріз желілерінің құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • 20 Маусым, 2025
Волонтерлар қарттарға қолқабыс жасады
Ақтөбелік жиырмаға жуық волонтер «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында тыл ардагерлері мен жалғызбасты қариялардың үйлеріне барып қолғабыс етті. Іс-шараны «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 20 Маусым, 2025
Алматыда түркі опера өнерінің фестивалі өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында түркі опера өнерінің XXVI халықаралық фестивалі аясында Гала-концерт ұйымдастырылды. Ауқымды мәдени іс-шараның бастамашысы – Түркі тілдес елдердің мәдениет жөніндегі халықаралық ұйымы, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Елімізде суару қондырғыларын шығаратын төрт зауыт бар
2024 жылы ел бойынша шамамен 158 мың гектар жерге (оның 130 мың гектары оңтүстік өңірлерге тиесілі) су үнемдеу технологиялары енгізілген. Ал биылғы жыл басталғалы бері 85 мың гектар (оның ішінде оңтүстік өңірлерде 59 мың гектарға жуық) жерге су үнемдеу технологиялары орнатылып, оның ішінде 15,5 мың гектарға жаңбырлатып суару және 29,4 мың гектарға тамшылатып суару жүйелері қолданылған, ал 14,1 мың гектар жер лазерлік құрылғымен тегістелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
310 млрд теңге жәрдемақы кімдерге төленді
Жыл басынан бері мүгедек және асыраушысынан айырылған адамдарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау аясында республикалық бюджеттен 272,7 млрд теңге бөлінді. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жандарға шамамен 37,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.