ыс
Инфрақұрылым • 12 Мамыр, 2025
Жетісу облысында тұрғындардың 70 пайыздан астамы газбен қамтылады
2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2025
Павлодар облысына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Аталған жұмысты сала министрлігі табиғатты қорғау мақсатында жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2025
Ел назарын аударған ерекше жарыс
Қызылорда облыстық татар этномәдени орталығының онкүндігі аясында «Тақиядағы жүгіріс» атты сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі
2025 жылғы 12–15 мамыр аралығында Шарапат Бейсекова көшесінен Күләш Байсейітова көшесіне дейінгі аралықта орналасқан Фах бен Абдул Азиз және Сабыр Қожаметов көшелерінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған жол бөліктерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалімге жалақы төленбей келген
Ақмола облысының Ерейментау ауданында тоғыз мектептің 298 мұғаліміне жалақы төленбей, жалпы берешек көлемі 80 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Мамыр, 2025
Қазақстанда 44 градусқа дейін аптап ыстық болады
Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған ер адам суға ағып кетті
Оқиға 10 мамыр күні Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған. Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған 1989 жылы туған ер адам өзеннің ортасына келгенде суға құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 11 Мамыр, 2025
Алматыда жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт сөндірілді
11 мамыр күні Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Мамыр-4 шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт толық сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2025
Арал қаласында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Бұрын пойыз өткенде теміржолдың екі бетіндегі көліктер кептелісі пайда болып, тіпті сағаттап күтетін де кездер болатын. Сондықтан да құны 3 млрд 140 млн теңге, ұзындығы 940 метр болатын аспалы көпірдің ашылуы нағыз ел қуанышына айналды.
Спорт • 11 Мамыр, 2025
«Хабар» агенттігінің 30 жылдық мерейтойына орай Алматыда шағын футболдан белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнирде Сыр журналистерінің командасы жеңімпаз атанды.
Қылмыс • 11 Мамыр, 2025
Ақтауда мейрамхана жанында жаппай төбелес болды
Әлеуметтік желіде Ақтауда жол бойындағы төбелестің видеосы жарияланды. Оқиға Ақтауда 9 мамырға қараған түні болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Мамыр, 2025
Қарасай ауданында үш ауысымды мектептердің саны екі жылда алты есе қысқарды
«Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда үш жаңа білім нысанының құрылысы жүріп жатыр.
Қоғам • 10 Мамыр, 2025
Атырауда Қазақстан ТЖМ үшін сатып алынған L 410 екінші ұшағын қарсы алды
Атырау халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі үшін сатып алынған жаңа L 410 көпмақсатты ұшағын пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты.
Ауыл • 10 Мамыр, 2025
«Ауыл – Ел бесігі»: Ақмола облысында ауылдарды дамыту қарқынды жүріп жатыр
Ақмола облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық аумақтарды дамыту бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 10 Мамыр, 2025
Ертең - Аналар күні: Аида Балаева Қазақстан халқына ұсыныс жасады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ертең аталып өтілетін Аналар күніне қатысты ұсыныс жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс • 10 Мамыр, 2025
45 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті Польшадан экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 10 Мамыр, 2025
Қостанайдағы станцияда пойыз бен көлік соқтығысты
Қостанай станциясында жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Мамыр, 2025
Талғарда атыс болды, зардап шеккендер бар
Алматы облысы Талғар ауданында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 09 Мамыр, 2025
Жеңістің 80 жылдығы жарқын істермен есте қалды
Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2025
«Павлодар-Водоканалға» айыппұл салынды
«Павлодар-Водоканалға» ЖШС Кенжекөл ауылы тұрғындарын сумен жабдықтау барысында негізсіз төлемақылар енгізіп, заңсыз табыс көрген,-деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Алматы облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш ашылды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Райымбек ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт болашағы үшін күрескен батыр ардагерлер есерткіші қайта жаңартылып, ашылу салтанаты болды, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 09 Мамыр, 2025
Қарашөкеев ардагерлерге құрмет көрсетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлерінің шаңырағына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2025
Биыл Абай облысында 5172 бала лагерьде демалады
Абай облысында балалардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бағытындағы кешенді жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылы бұл шаралар Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес, санитариялық талаптар, қауіпсіздік және тәрбиелік мақсаттар ескеріле отырып жүргізілуде, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 09 Мамыр, 2025
Kids Go Free: мектеп демалысында қайда баруға болады
Елімізде отбасылық ішкі туризмді дамытуға бағытталған Kids Go Free бағдарламасы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2025
Ақтауда түркітілдес елдер арасында тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты осы жылдың күзінде өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
«Жедел жәрдем» қызметі жүйелене ме
Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық қызметті ұзақ күтуге қатысты шағымдардың көбейгенін ескеріп, оның жұмысын жүйелеу үшін өзгерістер енгізді. 1 мамырдан күшіне енген жұмыс тәртібіне сай емханалардың жанындағы мобильдік бригадалар 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 4-санаттағы шақыртуға мамандар 60 минут ішінде жетуі тиіс. Жеделдіктің 4-санатындағы шақырту дегеніміз не? Бұл санатқа қандай науқастар жатады? Салалық министрлік редакция жолдаған сауалдарға ресми жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Алматы облысында соғыс ардагерлеріне пәтер кілті берілді
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2025
Бейнеуде майдангерлер ұрпақтары бабалар ерлігіне тағзым етті
Отан қорғаушылар күніне орай Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында соғысқа қатысқан майдангерлердің ұрпақтары өз ата-бабаларының ерліктерін еске алып, рухына тағзым етті. Елінің бейбіт болашағы үшін жанын қиған жауынгерлердің өнегелі өмір жолы жастарға үлгі ретінде ұсынылып, рухани тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнім • 07 Мамыр, 2025
Ақмола облысында азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілген
Азық-түлік қауіпсіздігі – елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының басты кепілі. Бұл бағытта Ақмола облысында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірдің ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай өсім көрсетті: ет өндірісі 10 пайызға, сүт 3,7 пайызға, жұмыртқа 0,4 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz,