Бала
Балалар • 26 Тамыз, 2025
«Балақайлар мектебінде» 90 мыңға жуық бала дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 25 Тамыз, 2025
Рудныйда инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Рудныйда өткен «Run for autism» қайырымдылық жобасы аясында Рудныйдағы балабақша мен мектепте екі бірдей инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Roblox ойынына қатысты ата-аналарға ескерту жасалды
ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға интернет кеңістігіндегі, соның ішінде балалар арасында кең таралған Roblox ойынындағы ықтимал қауіптерге қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретті
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында киберқылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Оқушылармен кездесулер цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған түсіндіру науқаны аясында өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Ақмола облысында найзағай соққан бала қаза тапты
Ақмола облысында найзағайдың соғуынан бала көз жұмды, тағы бір жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 190 бала қаза тапты
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың 8 айында бір ғана Абай ауданында жол апатынан бес бала қаза тауып, тағы 222 бала жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Ана өлімі тарихи ең төменгі деңгейге түсті
Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және денсаулық сақтау сапасын арттыру бағытында Үкімет кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Соның нәтижесінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарып, ана мен бала өлімі едәуір азайды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Тамыз, 2025
Астанада жыл басынан бері 52 бала терезеден құлап кеткен
Астанада 2025 жылдың басынан бері 52 бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Тамыз, 2025
Түркістанда бір жасар бала даладағы дәретханаға түсіп кеткен
Түркістан облысында төтенше жағдай болды. Бір жасар бала даладағы дәретхананың терең шұңқырына құлап кеткен. Үйдің ауласында болған оқиғаны байқаған ересектер бүлдіршінді өз күштерімен шығара алмады. Көмекке төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Аида Балаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті
Шымкентте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қала тұрғындарымен кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: мұғалімдердің қатерлі құбылыстармен күрестегі орны бөлек
Бүгін Президент ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде балалардың көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетінін, осы тұрғыда педагогтерге артылатын жүк қандай екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Бүгін, 14 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, Президент реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға, сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыттар бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Түркістанда 8 баланың анасы дүниеге үшем әкелді
Түркістан облысы, Шардара ауданының тұрғыны 43 жастағы Орынкүл Нурабаева үшем босанды. Облыстық №1 перинаталдық орталығында өмірге келген ұлдардың салмағы – 2265, 2455 және 2405 грамм. Мезгілінен ерте босанған ана мен сәбилер дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, перзентханадан үйіне шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 14 Тамыз, 2025
Елімізде балалар құқығын қорғайтын алғашқы басқарма құрылды
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы басқарма Ақтөбе облысында құрылған, деп жазады Egemen.kz.
Келешек мектептері • 13 Тамыз, 2025
«Келешек мектептерінің» ерекшелігі неде
Деректерге сүйенсек елімізде соңғы жылдары салынған 1200 мектептің 217-сі – «Келешек мектептері» ретінде тіркелген. Оның 105-інің құрылысы аяқталған, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Осыншама мектептердің салынуы – соңғы 30 жылда болмаған серпін, бұл қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де салынды. Сондықтан, бұл – тарихи рекорд. «Келешек мектептеріне» қабылдау – ата-ананың қалауымен жүзеге асып, кез-келген оқушы өз үйіне жақын орналасқан мектепке құжаттарын тапсырып, білім ала алады, яғни барлық бала үшін қолжетімді. Ендеше ел таңдауына ие болып отырған «Келешек мектептері» басқа оқу орындарынан несімен ерекше? Бұл туралы кеңінен тарқатып көрейік.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Өскеменде салмағы 6 келіден асатын алып қыз дүниеге келді
Өскеменде облыстық Ана мен бала орталығында салмағы 6 келі 45 грамм болатын қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Балқашта 8 жастағы баланы ұрған айыпталушы тағы екі айға қамауда болады
Қарағанды облысының Балқаш қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге қатысты қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Тамыз, 2025
Алматы облысында джиу-джитсудан халықаралық балалар турнирі өтті
Алматы облысы Іле ауданында «AMANAT» партиясының бастамасымен алғаш рет «AMANAT JIU-JITSU KIDS CUP 2025» халықаралық балалар турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Тамыз, 2025
Ақтаудағы балабақшада кіші топтағы бүлдіршінді қатыгездікпен соққыға жыққан
5 тамыз күні Ақтаудағы жекеменшік "Тұмар" балабақшасында (24-шағынаудан) жаға ұстатарлық оқиға болды. Кіші топта тәрбие алып жүрген бүлдіршінді басқа бір қыз бала тұншықтырып, соққы жасап, түрлі зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Қытайлық қандас Парижде «Қыз Жібек» атауымен иіссу шығарды
Отандасымыз Нұржан Төлеген Франция астанасы Парижде люкс санаттағы парфюм жасап, сатылымға шығарды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 07 Тамыз, 2025
500 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға ваучер алған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Жоба – балабақшаларда қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2025
Қазақстан ана өлімін төмендетуден алғашқы орындарда
Бұл туралы Үкімет отырысында ЮНИСЕФ балалар қорының Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі Бауыржан Жүсіпов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ана мен бала өлімін азайту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 05 Тамыз, 2025
Елімізде 12 заманауи перинаталдық орталық салынады
Қазақстанда ана мен бала өлімінің деңгейі төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Тамыз, 2025
Атыраудағы балабақшада баланың қолы сынып, миы шайқалған
Кішкентай қыздың анасы Атыраудағы балабақшада қызына келтірілген жарақат жағдайларын тергеуді сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
Алматы • 04 Тамыз, 2025
Алматыдағы балалар үйінен кетіп қалған қыздар аман-есен табылды
Полиция қызметкерлері мекемеден өз бетімен кеткен балаларды тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Тамыз, 2025
ШҚО-да Жас жол инспекторларының слеті басталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 3–13 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында Ғазиз Байтасов атындағы Жас жол инспекторларының республикалық 20-шы мерейтойлық слеті бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Павлодар облысында 6 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады
Павлодар облысының Жертұмсық ауылында 6 жасар баланың үстіне қолдан жасалған футбол қақпасы құлап, жарақат алды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 01 Тамыз, 2025
Алматыда сәбиге интраоперациялық нейромониторинг арқылы ота жасалды
Алматы қаласындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы кішкентай пациентке (БШМКО) интраоперациялық нейромониторинг технологиясын қолдана отырып, күрделі нейрохирургиялық операцияны сәтімен жүзеге асырды. Интраоперациялық нейромониторинг — ми мен жұлынның атқаратын қызметін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі технология, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Алматы әкімдігі «Бағанашыл» балалар үйіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері «Бағанашыл» балалар үйінің ғимаратын Алматы қаласының балансына беру бойынша тиісті жұмыстарды қолға алған, деп хабарлайды Egemen.kz.