Астана
Білім • Кеше
Астанада екінші ауысымның оқушылары да қашықтан оқитын болды
Бүгін елордада қолайсыз ауа райына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары да онлайн оқиды. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды
Астана қаласындағы TargetAI IT-компаниясының кеңсесінде №49 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Әділхан Рүстемұлымен кездесу өтті. Әділхан мектептердегі төбелес жағдайларын анықтауға арналған қауіпсіздік жүйесінің концепциясын әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Ақпан, 2026
Астанада альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Астанада көпқабатты ғимараттардың терезелерін тазалауға дайындық кезінде альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 10 Ақпан, 2026
Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Астана әуежайында жоспарланған 72 рейстің 10-ы кешігіп жатыр. Сондай-ақ 74 ұшып келу рейсінің 8-і уақытынан кеш орындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Ақпан, 2026
Астана қаласының прокуроры ауысты
Президенттің келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Ақпан, 2026
Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT жобасының екінші кезеңін іске асыруға байланысты дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Ақпан, 2026
45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Астанада 6 ақпанда қалың қар мен көктайғақ салдарынан таңғы уақыттың өзінде 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Ақпан, 2026
Астана – Павлодар тасжолында жылдамдық режимі өзгереді
Астана – Павлодар республикалық автожолында көліктер бұдан былай сағатына 110 км жылдамдықпен жүйтки алады. Жылдамдық режимін шектеу қысқы уақытта ғана қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 04 Ақпан, 2026
Берн одағы Астанада бас қосады
Биыл 11-14 мамыр аралығында Астанада Берн одағының кезекті көктемгі отырысы өтеді. Беделді халықаралық жиын ТМД кеңістігінде тұңғыш рет біздің елде ұйымдастырылмақшы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Ақпан, 2026
Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді
Астанада балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу ережелері өзгертілді. Енді балалар стационарларға қызылшаға қарсы вакцинасы бар жағдайда ғана қабылданады. Тиісті қаулыға елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 02 Ақпан, 2026
Босану саны 35%-ға артты: Астанада екі перинаталдық орталық бой көтереді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада салынып жатқан медициналық нысандардың барысы туралы айтты. Соңғы он жылда қалада босану саны 35% көрсеткішке артқандықтан, акушерлік стационарларға түсетін күш едәуір көбейген. Осы мәселені шешу үшін қалада әрқайсысы 250 орынға арналған екі перинаталдық орталық салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 02 Ақпан, 2026
Ұлы күйшінің туғанына – 165 жыл: Астанада «Күй анасы – Дина» атты рухани кеш өтті
Қазақ күй өнерінің шамшырағы, ұлы композитор, халық күйшісі Дина Нұрпейісованың (1861-1955) туғанына биыл – 165 жыл. Осы орайда Астанада Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Күй анасы – Дина» атты рухани кеш өтті. Филармонияның камералық залына күй сүйер қауым лық толды. Халықтың тағдырын домбыраның қос ішегіне сыйдырған күй анасына деген өзгеше құрметті біз осыдан-ақ аңғардық, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Ақпан, 2026
Астанадағы Майбалық көлінде екі балықшы құтқарылды
Астана қаласындағы Майбалық көлінде құтқарушылар екі балықшыны эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Ақпан, 2026
Астана қаласының Есіл ауданында Елубай Тайбеков көшесінде орналасқан екі қабатты дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Қаңтар, 2026
Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті
Елордадағы №13 «Creative centre» қалалық кітапханасында «Қазақстан әдебиетіндегі таңдаулы 100 кітапты бірге оқиық» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларына арналған қалалық байқау өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 29 Қаңтар, 2026
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Астана қаласында қоғамдық көлік аялдамаларының атауларына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Астанада Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапты
Астанадағы Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Экспресс бағыттар қосылды: Енді елордалықтар автобус аялдамасында ұзақ тұрмайды
Елордада қалалық және экспресс бағыттардың бірқатарында автобус саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі
Елордалық «Astana Recycling Plant» ЖШС-ға тариф бағасын негізсіз көтергені үшін 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Астаналық кәсіпкер жаңа бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Елордалық полиция қызметкерлері алаяқтық схемасына қатысы бар деген күдікпен азық-түлік дүкенінің иесін анықтады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген әйел заңсыз ақша айналымына көмектескені, яғни «дропперлік» жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Қаңтар, 2026
Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?
25 қаңтардан бастап елордада жаңа экспресс-маршруттар жолға шығады. Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтып, уақытты үнемдеуге және қала ішінде қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қаңтар, 2026
Астанада ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелері талқыланды
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен цифрландыру мен креативті индустрияның дамуы жағдайында ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелеріне арналған «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» атты республикалық семинар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 23 Қаңтар, 2026
Startup Garage: Astana Hub стартаптарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдап жатыр
Astana Hub Startup Garage бағдарламасының бесінші легіне өтінім қабылдау басталғанын жариялады. Бағдарлама идеядан алғашқы сатылымдарға дейінгі жолды өтуге дайын стартаптарға арналған. Үш ай ішінде қатысушылар гипотезаларын тестілеуден өткізіп, мақсатты аудиторияны анықтап, тұрақты бизнес-модель қалыптастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қаңтар, 2026
Астанада ғимарат шатыры өртенді: Зардап шеккендер жоқ
Елорданың Байқоңыр ауданындағы Сәкен Жүнісов көшесінде жеке тұрған ғимарат өртеніп, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мүлік аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?
Бұқаралық шаңғы жарысы 24 қаңтар күні ұйымдастырылады. Жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қаңтар, 2026
Астанада 500 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
Елордалық полицейлер бес күнге созылған рейд барысында 530-дан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Жүргізуші ұйықтап кеткен: Астанада ақы төлеу аймағында жүк көлігі қоршауға соғылды
Бүгін таңғы сағат 09:00 шамасында «Астана – Щучинск» автожолы бойындағы «Астана» ақы алу аймағында Volvo маркалы жүк көлігі қоршауға соғылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себеп болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Астаналық жастар отандық иіссу өнімдерін дайындайды
Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл келісім білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған тың жобаның бастамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.