Жұманғарин
Экономика • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Серік Жұманғарин Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесті. Келіссөз кезінде 30 жылдан аса уақыт ішінде Қазақстан мен Вьетнам арасында саяси диалог дәйекті түрде дамып, үкіметаралық және парламентаралық өзара іс-қимыл нығайып келе жатқаны атап өтілді. Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел көшбасшылары ең алдымен сауда, инвестиция, көлік және логистика, АӨК және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің нақты бағытын белгіледі. Қазақстан 2026 жылы өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті. Осы жылдың ортасында Вьетнамға сауда-экономикалық миссия жіберуге дайын, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 24 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал
Жаңа жылмен бірге жаңа Салық кодексі де күшіне енеді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық жүйесі түбегейлі жаңарады. Бұл бір мезетте қабылданған шешім емес. Айлар бойы Үкімет, депутаттар мен бизнес өкілдері қатысқан талқылаулардың нәтижесі. Алайда қоғамды алаңдатқан басты сұрақ: Жаңа салық реформасы базардағы бағаны қаншалықты өзгертеді?
Экспорт • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда ірі қара мал етінің экспортына енгізілген шектеулер нарықтағы бағаны тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бұл туралы Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Желтоқсан, 2025
Серік Жұманғарин: Мені көбі «салық реформасының әкесі» деп атайды
Вице-премьер жаңа жүйенің қалай әзірленгенін және оның қауіпсіздігіне кім кепіл болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қараша, 2025
2026 жылы зейнетақы тек 10%-ға өседі
Бүгін Сенатта өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин зейнетақыны 10%-ға арттыру шешімі елдің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 19 Қараша, 2025
Үкімет инфляцияны тежеуге бағытталған шараларды күшейтеді
Бұл туралы макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қазан, 2025
Республикалық бюджеттің қамтамасыз етілуі 83,5%-ға дейін өседі
Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік қаржы параметрлерінің ағымдағы жағдайы мен алдағы жылдарға арналған болжамдарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Қазан, 2025
Серік Жұманғарин: 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4% болады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Kazakhstan Growth Forum K25: бизнес пен билік экономикалық өсім көздерін талқылады
Бүгін Алматыда 500-ден астам кәсіпкердің, топ-менеджерлердің және Қазақстанның ірі компанияларының басшыларының басын қосқан Kazakhstan Growth Forum K25 өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Кәсіпкерлердің басым бөлігі үшін жеңілдетілген салық режимі сақталады - Серік Жұманғарин
Елордада 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне арналған республикалық семинарлардың қорытынды кездесуі өтті. Іс-шараға Үкімет мүшелері, оның ішінде Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев, Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2025
Ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Премьер-министр орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі $4,2 млрдқа жетті
Өткен жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі $4,2 млрд-қа жетті. Осы көрсеткішті ұлғайту жолдары Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің америкалық инвесторлармен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғаяды - Серік Жұманғарин
Үкімет отырысында 2026–2035 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму болжамы қаралды. Құжатты Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Үкімет азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді
Вице-премьер — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі апталық кеңес өтті. Онда 2025–2026 жылдарға арналған тұрақтандыру қорларын толықтыру мақсатында жаңа өнімдер бойынша келісімшарттар жасасу барысы және соңғы аптадағы баға өзгерістері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Үкімет басшылығы журналистердің сұрақтарына жауап берді
Үкімет отырысынан соң Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған вице-премьерлер тобы арнайы брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сондай сұрақтардың бірі – «Банктердің экономикаға қаржы салуы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деген сұрақты БАҚ өкілі Серік Жұманғаринге қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 18 Маусым, 2025
Биыл туризм саласына қанша инвестиция тартылады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысында туризм, спорт және су ресурстары салаларындағы қазіргі даму мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Маусым, 2025
Үкіметте ЖІӨ-ді өсіру мәселесі талқыланды
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Үкімет ҚҚС шегін 40 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды
Үкімет депутаттардың қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады. Жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығының шегі 40 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 08 Сәуір, 2025
Үкіметте бизнес саласындағы негізгі мәселелер талқыланды
Үкімет аппаратында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2025
Мажарстандық инвесторлар елімізде үш зауыт салады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мажарстандық «UBM Group» компаниясының басшылығымен кездесті.Тараптар Қазақстанда премикстер мен құрама жем өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2025
Блогерлер 1,5 млрд теңге салық төледі
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Наурыз, 2025
Биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Наурыз, 2025
«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге ұлғайтылады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Мұнай-газ саласының әлеуеті артып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Кәсіпкерлер әділетті салық сомасын төлесін - Олжас Бектенов
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен жұмыс кеңесін өткізді. Салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Қазақстан ХВҚ-ның ұсынымдарын жоғары бағалайды - Серік Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысымен кездесті. Ол Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтарда Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан ХВҚ-ның сараптамалық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жоғары бағалайтынын, бұл еліміздің экономикалық саясатын қалыптастыру мен маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау үшін таптырмас ресурсқа айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
ҚҚС-ның өсуі бөлшек саудамен айналысатындарға әсер етпейді - Серік Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС-ның өсуі кімдерге әсер етпейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Желтоқсан, 2024
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі атанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Үкімет • 04 Қараша, 2024
Үкіметте инфляцияны тежеу шаралары талқыланды
Вице-премьер Серік Жұманғарин сенбі күні инфляция мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Үкіметтің негізгі міндеті – 8%-дан аспайтын инфляция дәлізіне кіру. 10 айдағы деректерді және инфляция индексінің негізгі құрамдас бөліктері – ақылы қызметтер, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бойынша баға жағдайын дамыту перспективаларын ескере отырып, Үкімет жылдық инфляцияны тежеу үшін ықтимал шараларды қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.