Редакция таңдауы
Қарапайым мамандықтарға грант көбейді
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, былтыр қалада 49 мың адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шарасына қатысуға тиіс болған. Қуантарлығы, бұл көрсеткіш асыра орындалып, 53 мыңнан астам тұрғын жұмыс мәселесінде мемлекеттен үлкен қолдау тапты.
10 Қаңтар, 2026
Бұл күндері Аустралияның Брисбен қаласында жүлде қоры 1 691 602 долларды құрайтын WTA 500 турнирі өтіп жатыр. Аталған додаға әлемнің бірқатар мықты теннисшілері қатысуда.
10 Қаңтар, 2026
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге жоспарланған жұмыс сапарлары әлі жалғасын тауып келеді. Бұл жолы депутаттар Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында болып, жергілікті жұртшылықпен кездесті.
10 Қаңтар, 2026
Елімізде ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету уақытша тоқтатылады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкі бірлескен қаулы қабылдады. Бірлескен қаулыға сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету жөніндегі норманы тоқтата тұру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2026
Президент бірнеше маңызды кодекс пен заңға қол қойды
Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше кодекс пен заңға қол қойғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2026
Қазақстан қай елдерге астық тасымалдауды арттырды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 14,3 млн тоннадан асты. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2026
Тауарын теміржол арқылы тасыған кәсіпкерлердің шығыны өтеледі
«Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына» өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2026
Көрнекті ғалым, ұлт руханиятының ірі тұлғасы, ұстаз, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР гимнінің авторы, Абайдың мемлекеттік музейін ұйымдастырушы, абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, алаштану, мәтінтану ғылымының біртуар тұлғасы Қайым Мұхамедханұлының 110 жылдық мерейтойы Семейде басталды.
09 Қаңтар, 2026
Венесуэла бұл күйге қалай түсті?
АҚШ Венесуэла аумағында арнайы операция жүргізіп, ел астанасы Каракаста президент пен жұбайын ұстап әкеткені әлемді дүр сілкіндірді. Мұның себебін Америка тарапы «Венесуэла президенті Николас Мадуро наркотерроризмге жол беріп, сайлау нәтижесін бұрмалады» деп түсіндірді. БҰҰ АҚШ-тың бұл әрекетін орынсыз деп айыптады. Осы орайда біз қойнауы мұнай мен газ секілді табиғи байлыққа толы Венесуэла әлемдегі кедей елдердің қатарына қалай қосылғанына тоқталайық. 50 жыл бұрын халқының әлеуметтік жағдайын жақсартқан Венесуэлаға дүние жүзі тәнті болған еді. Алайда қазір тұрғындарының көпшілігі кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жатыр.
09 Қаңтар, 2026
Өкілді билік тармағы сын-қатерлерді еңсереді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысының жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және өңірдегі дарынды жастармен жолықты. Кездесулерде Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтылған бастамалар, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан өңірлерді орталықсыздандыру бағдары мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы тапсырмаларды іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Одан бөлек, бірқатар маңызды бағыт бойынша Сенаттың мәслихаттармен бірлескен жұмысының негізгі басымдықтарына мән берілді.
09 Қаңтар, 2026
Ел мүддесіне сай жаңа көші-қон саясаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Үкімет өткен жылдың аяғында еліміздің 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Оның негізінде адам капиталы дамып, мигранттарды сапалы іріктеуге негізделген қауіпсіз әрі басқарылатын көші-қон жүйесі қалыптаспақ.
09 Қаңтар, 2026
Көкейдегі көп сауалға нақты жауап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында ана тіліміздегі республикалық басылымдарға көлемді сұхбат беруі жақсы дәстүрге айналып отыр. Жақында ол «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да жұртшылық көкейінде жүрген бірталай сауалға ашық та нақты жауап беріп, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының маңызды мәселелері туралы пайымын ортаға салды.
09 Қаңтар, 2026
Қордаланған мәселелер талқыланды
Сенат депутаттарының өңірлерге сапарлары жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындармен, ұжымдармен кездескен олар халықтың пікіріне құлақ асып, қоғамдағы қордаланған мәселелерді бірге талқылады.
09 Қаңтар, 2026
Санитарлық бақылаудың берері мол
Ауруханаішілік инфекциялар (АІИ) – денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Инфекциялар пациенттердің ем алу мерзімін ұзартуға, асқынулардың дамуына, медициналық көмек сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осы орайда облыстардағы медициналық стационарларда АІИ-дің алдын алу мәселесі ерекше маңызға ие, санитарлық бақылау бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі.
09 Қаңтар, 2026
Саланы жетілдіруге байланысты кешенді шаралар
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі пациентке бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту мен дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.
09 Қаңтар, 2026
Сеулден Астанаға бет алған ұшақ Бейжіңге шұғыл қонды
Бүгін Сеулден Астанаға бағыт алған KC210 рейсінде ұшақ дәретханасы істен шығып, Air Astana әуе кемесі Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.
08 Қаңтар, 2026
«Теңізшевройл» қазақ экономикасына қандай үлес қосты?
Соңғы он жылда еліміздің республикалық және жергілікті бюджеттеріне түскен жиынтық салық түсімдері (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді есептемегенде) шамамен төрт есеге өсіп, 5,4 трлн теңгеден 21,6 трлн теңгеге жетті. Өсімнің негізгі серпіні 2020 жылдан кейінгі кезеңге тиесілі болып отыр. Бұл өсім экономиканың қалпына келуі, шикізат бағасының көтерілуі мен салық базасының кеңеюімен байланысты тіркеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
08 Қаңтар, 2026
Мегаполисте 1 ай бұрын дүниеге келген үшем 6 қаңтар күні үйіне шығарылды. Нәрестелер Шымкенттегі қалалық перзентханада 39 күн бойы патология бөлімінде ем қабылдаған, деп жазады Egemen.kz.
08 Қаңтар, 2026
Жыл қорытындысында Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі жаңарды. Үздіктер тізімінде еліміздің бірнеше балуаны бар.
07 Қаңтар, 2026
«Қайрат» футзал клубы «Futsal Planet Awards 2025» конкурсының «Әлемдегі ең үздік клуб» аталымында бас жүлдеден үміткерлер қатарында енді. Алматылықтардан бөлек, бұл тізімде Аргентинаның «Бока Хуниорсы», Таиландтың «Хонген Тхакамы», Бразилияның «Жарагуасы», Италияның «Мета Катаниясы», Уругвайдың «Пеньяролі» бар. Бұл тартыста кімнің бағы жанатыны бүгін белгілі болады. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы маусымда «Қайрат» Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, шешуші тұста Испанияның «Пальмасына» 4:9 есебімен есе жіберді.
07 Қаңтар, 2026