Редакция таңдауы
Тылдағы майдан – «Егемен» архивінде
Екінші дүниежүзілік соғыстағы батырларымыздың көзсіз ерлігі туралы аз жазылған жоқ. Сөйтсе де төрт жылға созылған қан майданда жеңіске жетуімізге тылда қалған халықтың қандай еңбек сіңіргенін біз ылғи да ұмыт қалдырамыз. «Egemen Qazaqstan» (сол кездегі «Социалистік Қазақстан») газетінің 1941–1945 жылдар аралығындағы архивін ақтарып отырсаңыз, сол бір сұрапыл жылдардың тауқыметті келбеті көз алдыңызға келеді. Қара жұмысқа жегілген қарттар, балалық балғын шағын еңбекке айырбастаған жеткіншектер мен ауыр тіршіліктің жалына жармасқан аналардың маңдай тері жаныңызды жауратады.
03 Сәуір, 2025
Сенбі күні Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінің толық карды белгілі болды. Басты жекпе-жекте WBO мен IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) франциялық Ануаэл Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) айқасады. Өзге бәсекелер Сұлтан Зәуірбек (19-0, 13 KO) пен Азинга Фузиле (18-2, 12 KO), Батыр Жүкембаев (23-1, 17 KO) пен Кейн Гарднер (17-4, 7 KO), Баходир Жалолов (14-0, 14 KO) пен Игорь Шевадзуцкий (12-2, 10 KO), Отабек Холматов (12-1, 11 KO) пен Джейсон Кано Манигос (30-12-2, 20 KO), Балауса Мұздиман (6-0, 5 KO) мен Мария Тереза Пинили (7-1, 2 KO), Махмұд Сабырхан (дебют) пен Николас Тордекилья (2-0, 2 KO), Төрехан Сабырхан (дебют) мен Йири Хауке (4-6, 2 KO), Әлішер Әбдуләлим (3-0, 2 KO) мен Ашиш Чаудхари (3-0, 0 KO), Ақниет Әлімбай (2-0, 1 KO) мен Йозеф Дубски (1-0, 1 KO) сынды былғары қолғап шеберлері арасында өтеді.
03 Сәуір, 2025
Астанада жазғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады
Елорда әкімдігі 5 сәуірден бастап Астанадағы Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2025
Газада екі апта ішінде 322 бала қаза тапты – БҰҰ
Израильдің әскери шабуылдары салдарынан Газа секторында соңғы екі аптада 322 бала қаза тауып, 609 бала жарақат алған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
02 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандықтар туралы тың дерек табылды
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бастамасымен тарих ғылымдарының докторы, Satbayev University профессоры Гүлнара Меңдіқұлова Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған еске алу шаралары аясында жұмыс сапарымен Францияға барды. Сапар аясында ол соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздар туралы мәліметтер жинап және олардың Франция аумағындағы шайқастарға қатысуын зерттеген, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Сәуір, 2025
Оқушы неге ақылы курсқа барады?
«Ұстаз айлығы 1 мың долларға жеткенде оқушылардың ақылы орталыққа баруы әділетсіздік. Құрметті ұстаздар, жалақыны не үшін алып жүрсіздер?». Жақында әлеуметтік желіде Марғұлан Ермағанбетұлы деген азамат көптің көңілінде жүрген осындай сұрақты қойыпты. Мұғалім ретінде осыған жауап бергім келді.
02 Сәуір, 2025
2025 жыл - Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы
ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы осы жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
01 Сәуір, 2025
Астанадағы кәсіби бокс кешін Сабырхан-Тордесилья бастайды
5 сәуір күні «Барыс аренада» өтетін кәсіби бокс кешінде Махмұд Сабырхан колумбиялық Николас Тордесильяға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Nomad проумоушені хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
01 Сәуір, 2025
Автокөлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды
Елімізде көлік құралдарының иелеріне хабарлама жіберу үшін жаңа цифрлық қызмет іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
01 Сәуір, 2025
Сөзінің салмағы жоқ сарапшылар
Таяуда медицина ғылымынан кандидаттық диссертация қорғаған, өз саласында ортанқол маман, орта жастағы азаматтың әлеуметтік желідегі сирек металдар туралы жазбасына көзім түсті. Әрі қарай үңілсем, әскери тақырыпқа, әлемдегі саяси ахуалға қатысты пікірін жазған болыпты. Соны дүние емес, талай мәрте БАҚ арқылы да, ғылыми ортада да айтылған, талқыға түскен таптаурын әңгіме. Бәлкім, өз саласына қатысты кәсіби ойын білдірген болар деп қарап едім, таппадым. Жазсын, ой қозғасын. Кең уақыт, әркімнің «өз сөзі өзінде» болған заман ғой.
01 Сәуір, 2025
Шетел ықпалын азайта аламыз ба?
Отандық қаржы нарығында жаңа тәртіп орнамақ. Рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін заң жобасы олардың жұмысын жүйелеп, ашықтық пен әділдік орнатуды көздейді. Бұл өзгеріс тәуелсіз бағалау жүйесін нығайтып, кәсіп иелерінің қор нарығы арқылы қаржы тартуын оңайлатпақ. Десе де, құжаттың қалай жүзеге асатыны мен оның нақты әсері уақыт еншісінде.
01 Сәуір, 2025
Сұранысқа ие «Камертон» ірімшіктері
Елімізде сүт өнімдерін дайындайтын компаниялар өнімнің жүздеген түрін шығарып, ішкі нарықтағы үлесін арттыра бастады. Солардың бірі – сүт ірімшігін шығаратын «Камертон» компаниясы.
01 Сәуір, 2025
БҰҰ зілзаладан зардап шеккендерге 5 миллион доллар бөлді
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен кейін халықаралық қауымдастық елге гуманитарлық көмек пен құтқарушылар жіберіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2025
Софья Самоделкина Олимпиада жолдамасын иеленді
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын Софья Самоделкина (117,78 ұпай) 14 орынмен қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2025
Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
30 наурыз күні еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатында 74 кг дейінгі салмақта топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі.
30 Наурыз, 2025
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
30 Наурыз, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Наурыз, 2025
Мемлекеттік туды мазақ еткендер жауапқа тартылады
Әлеуметтік желіде қара түсті пәренже киген төрт азаматтың бұрмаланған Қазақстан туымен түскен суреті тарады. Полиция бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Наурыз, 2025
Жамбыл облысының 8 ауылы мен Шу қаласында жер сілкінді
ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 03 сағат 42 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Egemen.kz.
28 Наурыз, 2025