Оқи отырыңыз
Президент Жолдауында көтерілген мәселелер өте ауқымды. Алдағы жылдары еліміз дамудың жаңа сатысына көтерілуге тиіс. Ол үшін бес негізгі бағыт айқындалды.
18 Қыркүйек, 2025
Тұлға жолы жеке өнегеден басталады
Қыркүйек – біздің әулетіміз бен отандық шығыстанушылар үшін ерекше ай. Белгілі қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбсаттар қажы Мәлікбердіұлы 1947 жылы осы айда жарық дүние есігін ашыпты. Әкем талай замандастары секілді мектеп бітіргенше ел басына түскен ауыртпалықты бір кісідей көтеріскен. Соғыстан кейінгі жылдардың тауқыметі, ауылдағы ауыр еңбек – бәрі де оның жастық шағының сынағы болды. Кеңшардағы жұмыстарға араласып, арба айдады, егін даласында тер төкті. Сол қиындыққа қарамастан, ол білімге деген ынтасын ешқашан жоғалтпады. Жастық қайратын еңбектен аямай, өмірдің сынағына төтеп беріп өсті. Алға қойған мақсат-мұратына қажырлы еңбегімен жетті.
18 Қыркүйек, 2025
Өңдеу өнеркәсібінің жаңа орталығы болудан үмітті өңір
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керектігін атап өтті. Бұл орайда ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Сондай-ақ Президент әр өңірде дайын өнімді өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптасуы қажеттігін айтты.
18 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік архивтерге ұлттық мәртебе беріледі
Бүгін Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген архив ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасын әзірлеу кезінде депутаттар республикалық мемлекеттік архивтерге «ұлттық» мәртебесін беру мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев форумның бір топ қатысушыларын марапаттады
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев форумның бір топ қатысушыларына мемлекеттік наградаларды, Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын, Съездің құрмет медалін, сондай-ақ Ізгі ниет елшілерінің айрықша белгісін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қыркүйек, 2025
Президент: Қазақстан – мәдениеттер мен діндерді тоғыстырған бейбіт мекен
Бүгін Президент Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі. Қ.Тоқаев Қазақстан территориясы ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен екеніне назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2025
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі басталды
Елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өз жұмысын бастады. Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия», деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2025
Басты міндет – ауыл шаруашылығында терең өңдеу өндірісін дамыту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өтті.
17 Қыркүйек, 2025
Жаһандық бейбітшілікті бекемдейтін бастама
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында съезд хатшылығының XXIII отырысы өтті. Онда ортақ миссияға табан тіреген түрлі дін өкілдері алдағы VIII съезге және форумның Ізгі ниет елшілерін сайлауға қатысты мәселелерді талқылады.
17 Қыркүйек, 2025
Еркін күрес шеберлері Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын қорытындылады. Аталған жарыста еліміздің құрамасы қос қола медальды қанағат тұтты. Жүлде иегерлері – Асылжан Есенкелді (61 кг) мен Нұрқожа Қайпанов (70 кг).
17 Қыркүйек, 2025
Қараша айында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтеді
Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Қ.Тоқаев жұмыс сапары аясында егін жинау науқанымен танысып, өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2025
Зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым салынды
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарының стоматологиялық қызметтерге заңсыз пайдаланылуына байланысты 2021 жылғы 15 ақпандағы «емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2025
Елімізде некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлауға қатысты заң өзгереді
16 қыркүйектен бастап елімізде некеге мәжбүрлеу және адам ұрлауға байланысты қылмыстық заңнамаға маңызды өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2025
Үкімет Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шара жоспарының жобасы қаралды. Сондай-ақ жол қозғалысы мен жаяу жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шықты.
16 Қыркүйек, 2025
Электр мопедтері мен самокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі
Үкіметтің кезекті отырысында электр мопедтері мен самокаттарды қолдану мәселесіне назар аударылды. Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай көліктер қоғамдық транспортқа түсетін жүктемені азайтқанымен, жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындарға қолайсыздық туғызып, қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Қыркүйек, 2025
Үкімет автожолдардағы қауіпсіздік талаптарын күшейтеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жол инфрақұрылымының жай-күйіне назар аударды.Премьер-министр кейбір жолдардың, әсіресе жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары созылып кеткенін баса айтты, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығатын күн белгілі болды
«Қайрат» футбол командасы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде бақ сынайды. «Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2025
Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті
Бүгін Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі іс-шара барысында алпауыт компанияның қаланы көркейтуге бағытталған әлеуметтік жобалары қорытындыланып, игі іске атсалысқан белсенді тұрғындар марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2025
Биологиялық белсенді қоспаның нәтижесі қандай?
Қазір теледидар-радионы қосып қалсаң, әлеуметтік желіні ашып қалсаң да, белсенді биологиялық қоспалардың (ББҚ) жарнамасы алдыңнан шығады. Жарнамаға сеніп, дертіне дауа іздегендер мен артық салмақтан арылғысы келгендер сол не дәрі емес, дәріден әрі емес қоспаларды сатып алып жатады. Бірақ ем іздеймін деп, дерт жамап алатындар да жоқ емес. Бұл белсенді қоспаны да байқап ішу керектігін аңғартып тұр.
13 Қыркүйек, 2025
Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ: Түркілер еуропалық данышпандардан ешқашан төмен болмаған
Дабырадан аулақ, үндемей-ақ үлкен істер атқарып жүрген интеллектуал ақын, ұлтжанды қазақ Мейірхан Ақдәулетұлы болмысы бізге ертеден таныс әрі жақын. Сирек сұхбаттасатын, көп «көріне» бермейтін ағамызды әңгімелеге тартып көрген едік.
13 Қыркүйек, 2025