1841 жылдан бері сабақтастығын үзбей келеді
Сонау он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында, дәлірек айтқанда, 1841 жылы Орда топырағында қазақ даласындағы тұңғыш мектеп ашылғанын бүгінде біреу білсе, біреу біле бермейді. Оның есесіне қазақ топырағындағы алғашқы мектептің пайда болуы педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімімен байланыстырылып келді. Ал 1841 жылы Орда жерінде бой көтерген мектепті өз қолымен құрған қазақ хандарының соңғы тұяғы Жәңгір екені архивтік деректерден белгілі. Ал сол жылы Ыбырай Алтынсаринның дүниеге жаңадан келген кезі еді.
Өткен аптада Бөкей ордасы ауданында осы мектептің 175 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті. Тарихи деректер аталған мектептің сол кезде көрнекі әрі еңселі ғимараттардың бірі болғанын айғақтайды. Мұндағы екі сыныптық мектеп 1905 жылы төрт сыныптық қалалық мектепке айналған. Көп кешікпей осы қалалық мектептің жанынан мұғалімдер даярлайтын педагогикалық курс ашылған. Жәңгір хан мектебі сол кезде қазақ даласын мекендейтін ағайындарымыздың өңі түгіл түсіне кіріп көрмеген шекті аспаптар оркестрімен, хорымен, сондай-ақ бай кітапханасымен ерекшеленген.
1826 жылы Орданы ну орманға айналдыру мақсатында тал-теректер шаншыған кезден-ақ Жәңгір хан мектеп ашуды ойластыра бастаған екен. Бұл өлке тұңғыштар мекені деп текке айтылмаған. Жәңгір мектебінде Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, сегіз тілді еркін меңгерген полиглот Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Ресей географиялық қоғамының медалімен марапатталған тұңғыш қазақ Мұхамедсалық Бабажанов, сондай-ақ Мақаш правитель, Бақтыгерей Құлманов секілді тұлғалар тәрбиеленген. Бұдан берідегі Тайыр Жароков, Қайрат Жұмағалиев, Жанғали Набиуллин, Ғайсағали Сейтақ сынды қазақтың белгілі ақын-жазушылары оқыған мектептен әлі де талай таланттар дүниеге келе беретініне ешқандай күмән жоқ.
Осы арада Жәңгір хан мектебіне тұңғыш рет ұстаздық еткен кім болды екен деген заңды сауал туындайды. Бұл тарихи тұлға Жәңгір хан мектебінің тұңғыш мұғалімі әрі меңгерушісі, ұлты орыс Константин Ольдекоп болып шықты. Ол Бөкей ордасындағы қазақ балаларына орыс тілін үйреткен. Жәңгір хан мектебінің 175 жылдығына арналған салтанатты шаралар аясында Жәңгір мектебінің қабырғасына оған ескерткіш тақта орнатылды.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы,
Хан ордасы ауылы

Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 16:48
Алматыда 5%-дық ипотека беріледі: Жастарға арналған бағдарламаның шарттары қандай?
Қоғам • Бүгін, 16:43
Қақпашы Темірлан Анарбековке Түркия көз тігіп отыр
Спорт • Бүгін, 16:38
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:16
Астанадағы LRT аялдамаларының атаулары белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 16:00
Кіші Талдыкөлдегі экопарк құрылысы биыл басталады
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:57
Ердоғаннан тарту: Түркия Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған кітап дайындады
Қазақстан • Бүгін, 15:38
LRT-ның нақты қай күні іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 15:21
Жылдық 5%: Шаруаларға жеңілдетілген несие алу үшін қандай талап қойылды?
Шаруашылық • Бүгін, 15:17
Ұлытау облысында 30 отбасы қоныс тойын тойлады
Аймақтар • Бүгін, 15:16
Маңғыстауда ашық аспан астындағы археологиялық музей салынады
Музей • Бүгін, 15:05
LRT жолақысы қымбаттай ма: Әкімдік жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:45