– өзгелермен ортақ тіл табысуға ұмтылыстың жемісі Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллді қабылдады. Орыс православие шіркеуінің басшысы Қазақстанға Елбасының шақыруымен келген-ді. Кездесу барысында толеранттылыққа, конфессияаралық және ұлтаралық келісімге қатысты мәселелер талқыланды. – Бүгінде Қазақстанда діннің еш кедергісіз дамуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған, – деп атап өтті кездесуде Н.Назарбаев. – Дінге, діндарлардың мүддесіне құрметпен қарау және олармен қалтқысыз қарым-қатынас жасау – біздің мемлекетіміздің түбегейлі саясаты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы орыс православие шіркеуі басшысының Қазақстанға келуі – алдағы уақытта елімізде тұратын түрлі этностардың дінаралық ынтымақтастық қатынастарына, сенімділігін, толеранттылығын дамытуға қызмет ететінін айта келіп, мәртебелі мейманның небәрі он жылдың аясында тұрғызылған Астанада болғанынан хабардар екенін, ондағы Орталық Азиядағы ең үлкен ғибадатхана – Успен кафедралды соборының елордада салынуын басынан аяғына дейін қадағалап отырғанын, мұны елімізге келген қонағымыз бен православиеліктерге жасалған сыйлық ретінде қабылдауын, өйткені, еліміздің тәуелсіздік алған жылдары Елбасының саясатын қолдап, түсіністікпен қарағанына ризашылығын айтты. – Қазақстан мен Ресей бүгінде бірегей мемлекеттер, өйткені, олар Кеңес Одағы тарап кетсе де осы уақытқа дейін тек саяси, экономикалық қатынастарды ғана емес, мәдени және діни, рухани байланыстарды да сақтап қалды. Сондықтан сіздің келгеніңізге ризашылығымды білдіремін. Осы сапарыңызда біздің халықтың қонақжайлығын, құрметін және сізге деген сүйіспеншілігін сезінді деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа ұлтаралық және конфессияаралық келісім жүргізіп отырғаны үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ қазақстандық көшбасшының интеграциялық бастамаларын жоғары бағалады. Қазақстандағы бейбіт қатар өмір сүру мен этносаралық келісім қандай оң саяси және экономикалық жетістіктерге жеткізгенін, сонымен қатар елде этносаралық қатынастардың дамуына жайлы жағдай жасалып отырғанын, осының барлығы елдегі тұрақтылықтың маңызды саяси факторы екендігін ерекше атап өтті. – Мен Астанада болып, жаңа салынған Успен кафедралдық соборын көрдім. Қатты ұнады. Мұны Қазақстанның православиеліктерге деген ізгі көзқарасы мен құрметінің белгісі деп білемін. Ең көне діндер саналатын ислам мен православие арасында ешқашан қақтығыс болған емес. Болмайды да. Өйткені, Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасында Қазақстанда қазір түрлі діндерді ұстанатындар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл әлем елдеріне үлгі боларлық үдеріс, – дей келе, мәртебелі мейман Қазақстанда осыдан 27 жыл бұрын, яғни 1983 жылы болғанын, бүгінде мұнда көп шаруаның шапшаң қарқынмен дамып, мемлекеттің танымастай өзгергенін айтып, әсіресе, бір мезетте бой түзеген елордаға деген таңданысын жасырмады. – Сайын дала төсінде керемет нысандары, ғимараттары, әсем үйлері мен заманауи инфрақұрылымдары бар және мәдениеті жоғары адамдар тұратын қаланың пайда болуы – соны құбылыс дер едім, – деді ол. Кездесу барысында Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа дінаралық ынтымақтастыққа, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін “Даңқ және құрмет” орденін тапсырды. * * * Елбасы қабылдауына дейін мәртебелі мейман жексенбі күні әуежайдан бірден Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына келіп, Алматы қаласының жұртшылығымен кездесті. Онда Патриарх екі елдің Еуразия кеңістігінің экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын, қазіргі жағдайда тек экономикалық қана емес, рухани және мәдени байланыстарды нығайту да маңызды екенін айта келе, Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықтың белді де беделді мүшелерінің бірі болып табылатынын атап көрсетті. Бұған Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы да айқын айғақ екені анық. Одан кейін орыс православие шіркеуінің басшысы Никольский соборында құлшылық рәсімін өткізуге қатысты. Мұнда 1995 жылы Алексий ІІ болып, мінәжат еткен. Бір айта кетерлігі, осы жылдар аралығында Қазақстанда елдегі жұмыс жасап тұрған православие храмдары мен соборларының үштен екісі жаңартылды. Қазір олардың саны 300-ге жуықтап, 6 монастырь ашылған. Құлшылық рәсімінен кейін мейман 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды. Ал дүйсенбіде таңертең Вознесен кафедралдық соборында Патриарх Кириллдің қатысуымен Құдайға құлшылық – қасиетті сумен аластап, ғибадат ету рәсімі өтті. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ
Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті
Денсаулық • Кеше
Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше
Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі
Спорт • Кеше
Панфиловке баратын жол жаңарды
Инфрақұрылым • Кеше
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Экология • Кеше
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер • Кеше
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Заң • Кеше
Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Президент • 22 Қараша, 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады
Спорт • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Халықтың ипотекаға сұранысы төмендеді: автонесиеге қызығушылық артты
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының әлеуетін ел игілігіне бағыттаудың жаңа кезеңі басталды
Ғылым • 22 Қараша, 2025
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
Технология • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
Туризм • 22 Қараша, 2025
Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
Елорда • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
Табиғат • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Үкімет • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Өнер • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Спорт • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • 22 Қараша, 2025