Аймақтар • 09 Қазан, 2023

«Иесін әрдайым қорғайды»: Желіде иесін күзеткен иттің видеосы тарады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында зейнеткер жасанды кедергілерден өте алмай мүгедектер арбасынан құлаған. Оның иті осы сәтте қасынан бір елі кетпей, иесін күзетіп жанында болған. Оларды байқаған полицейлер бірден көмекке келген. Полицейлер Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныпты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Иесін әрдайым қорғайды»: Желіде иесін күзеткен иттің видеосы тарады

Фото: бейнекадр

Оқиға 7 қазанда Жамбыл облысындағы көшелердің бірінде болған. Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен, ит иесіне ешкімді жолатпаған. Кейінірек полицейлер амалын тауып, қарияға көмектескен.

«Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адамдар оның қабаған екенін біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз − атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған еді», деді Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.

Қазір зейнеткер мен оның итінде бәрі жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25