Айбын • 04 Сәуір, 2024

Цифрлық технология жиыны

101 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инже­нер­лік институтында радиотехникалық және инфо­коммуникациялық технологиялардың өзекті мәсе­ле­леріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық кон­ференция өтті.

Цифрлық технология жиыны

Фото: dknews.kz

Іс-шараға еліміздің және Қыр­­ғызстанның жо­ға­­­ры әскери оқу орындары, Ұлт­тық қор­ға­ныс уни­вер­ситеті, «Гранит» ар­найы конс­трук­тор­лық-тех­но­­ло­гия­лық бюросы» ЖШС, ІІМ Алматы академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті, Халықаралық ақпа­раттық технологиялар уни­вер­ситетінің өкілдері қатысты.

Диалогке жетекші ға­лым­­дар, адъюнкттер, ма­гис­трант­тар, докторант­тар, әскери және қос мақ­саттағы перспективалы инфо­ком­муникациялық тех­нологияларды әзірлеумен және мең­герумен айналыса­тын кәсіпорындар мен меке­ме­­лердің инженер-техник мамандары, сондай-ақ радио­тех­никалық маман­дық­тар­дың сту­денттері мен курсанттары қосылды.

– Байланыс, басқару және радиотехниканы автоматтандыру саласында әскери кадр­ларды даярлау білім беру сапасын арттыруды ғана емес, одан өзге жоғары оқу орындары арасындағы тығыз байланысты ұйымдастыруды, білім беру және ақпараттық білім беру технологияларын жетілдіруді де қамтиды, – деді­ Радио­­электроника және бай­ланыс әскери-инженерлік институтының басшысы, пол­ковник Қайрат Дәуітов.

Конференцияға қатысу­шы­­лардың басты назары қор­ға­ныс саласында цифрлық тех­но­логияларды қолдану мә­се­­ле­лерін талқылауға ба­ғыт­тал­ды. Атап айтқанда, ұш­қыш­сыз басқарылатын құ­рыл­ғы­ларды анықтау үшін радио­ло­ка­циялық стансаларды зерттеу және әзірлеу төңірегінде бол­ды. Радиолокациялық стан­­са жүйелерінде жасанды интел­лектті қолдану да талқы­ланды.

Қарулы күштерді са­па­­­­­лы радиобайланыс­пен қам­та­ма­сыз ету мәсе­ле­­­л­­е­­ріне назар ауда­рылды. Зама­науи технологиялар әскери қыз­мет­тің осы маңызды элементін ба­рынша тұрақты етуге және қор­ғаныш қабілетін арттыруға мүм­­кін­дік береді.

Конференция әскери ра­дио­­техника және байланыс сала­сындағы жетекші мамандар арасында тәжірибе және идея алмасу алаңына айналды. Жиын қорытындысында байланыс жүйелерін одан әрі дамыту және әскери кадр­ларды даярлауды жетілдіру жө­нінде ұсыныстар қабыл­дан­ды.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024