Қылмыс • 28 Сәуір, 2025

Алматыда өздерін полиция ретінде таныстырған алаяқтар тобы ұсталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы мен Алматы облысының құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар тобы құрықталды.

Алматыда өздерін полиция ретінде таныстырған алаяқтар тобы ұсталды

Қылмыстық топтың әрекеті салдарынан келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер жергілікті тұрғынды қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, оның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген. Жәбірленушіні алдау мақсатында олар жалған қызметтік куәліктер мен процессуалдық құжаттарды пайдаланған.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары күдіктілерден: жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжаттардың бланкілерін, полиция формасының элементтерін, оқ-дәрілер мен суық қарулар, түрлі елдердің мемлекеттік нөмірлері мен бірнеше мөр тәркілеген. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға шақырып, бейтаныс адамдардан келген күмәнді әрекеттерге тап болған жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.