
Фото: Ашық дереккөз
Ресми мәліметке сәйкес, алдағы күндері аймақта қатты жауын жауып, су деңгейінің күрт көтерілу қаупі бар. Осыған орай Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй өңірінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
26-28 тамыз аралығында жауын-шашынның мол түсуі шағын және орта өзендерде су басу ықтималдығын арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бейжіңде 60 мыңдай тұрғын басқа жерге көшіріліп, таулы аймақтағы демалыс орындары уақытша жабылған.
Сонымен қатар, үш мыңнан астам құрылыс нысанында жұмыстар тоқтатылып, табиғи апаттың салдарымен күреске 200 мың коммуналдық қызметкер жұмылдырылған.
Бұған дейін, 26 шілдеден бастап Бейжіңде толассыз жауын жауып, ол су тасқынына әкелген еді. 28 шілдеде қызыл деңгейлі ескерту жарияланып, халыққа үйден шықпау ұсынылған. 29 шілдедегі соңғы деректерге қарағанда, су тасқыны салдарынан 30 адам көз жұмған.
Жалпы, шілде айындағы нөсердің кесірінен 82 мыңнан астам астаналық эвакуацияланған болатын.