
Фото: olympic.kz
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, жалпы тізімде төртінші болып финалға өтті. Кермедегі жаттығуаларда 14.200 ұпай еншілеп, жүлдеге таласады.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде 14.700 ұпаймен ең жоғары көрсеткішті тіркеді.
Ат снарядындағы жаттығулардың финалында тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдырысов өнер көрсетеді. Ол іріктеуде 14.300 ұпай еншіледі.
Еркін және ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалдық бәсеке 24 қазанда өтеді. Ал кермедегі жаттығуда жүлдегерлер 25 қазанда анықталады.
Бұл сайыстарда Диас Тойшыбек, Дмитрий Потанин және Ілияс Әзізов финалға шыға алмады.