272 000 000 000 Өңір халқын ауыз сумен қамту бағдарламасына осыншама теңге қажет Өңірдегі коммуналдық құрылымдар бойынша жылумен қамту – 63, электрмен қамту – 70, ауыз сумен қамту 64 пайызды құрайды. 2011-2020 жылдары ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасының жобасын жасау қолға алынса, қажетті қаржының 77 пайызы жеке құрылымдар есебінен жабылатын болып отыр. Алдағы жылдан қолға алынатын бағдарламада коммуналдық желілерді ауыстыру мен жөндеу жұмыстарына барынша көңіл бөлінбекші. Сондай-ақ ауылдық және қалалық сумен қамту жүйелерін тексеру мәселесіне де назар аударылған. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 272 млрд. теңге қаржы қажет болса, ол бюджет пен инвестициялық тариф, тағы басқа көздерден жинақталмақшы. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. * * * 308 000 000 Ақмола облысында ұйымдастырылған 286 жәрмеңкеде осынша теңгенің жергілікті тауары төмен бағамен сатылды Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Қойшыбаевтың айтуынша, тұтыну рыногындағы бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында құрылған штаб қайта өңдеу, сауда ұйымдары басшыларымен 90-ға жуық мәжіліс өткізіп, 248 меморандумға қол қойылған. Қазір 7000-нан астам сауда кәсіпорындары халыққа қызмет көрсетуде. Жыл басынан есептегенде, жалпы тұтыну құнының индексі 103,8 пайызды құраған. Бұл – республикалық орта көрсеткіштен біршама төмен. Биылғы қуаңшылық пен табиғаттың тосын құбылысы азық-түлік тауарларының бағасына айтарлықтай әсер етпейді. Өйткені, облыстың астыққа деген сұранысы 100 мың тоннаға тең болса, алқаптардан жиналған бидай одан асып түскен. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы. * * * 1 419 000 Ақтөбелік мал азығын дайындаушылар қысқа түсетін малға осыншама тонна пішен қорын жасап алды Бұл жылдық қажеттілікке шаққанда 120,6 пайыз құрайды. Бұған мал азығын дайындаушыларға берілетін жанар-жағар майды жеңілдікпен бөлудің, науқан кезінде жоғары көрсеткішке жеткендерді ынталандыруға қаржы қарастырудың істің нәтижелі аяқталуына ықпал еткені сөзсіз. Сөйтіп, көптеген аудандар жылдық тапсырманы асыра орындады. Сондай-ақ, облыста жем қорын жасау да назарда ұсталуда. Осы кезге дейін қажетті жемнің 70 пайызы құйылды. Бұл бағытта Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандары ыждағаттылық танытып отыр. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов үстіміздегі жылғы 1 қарашаға дейін жемнің қысқа жететін мол қорын жасап алуға тапсырма берді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.
«Заң мен тәртіп» жалауы шың басында желбіреді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Онкологиар мойын және бас обырын анықтауға қатысты тегін кеңес берді
Денсаулық • Кеше
Спорт • Кеше
Сәтбаев геологиялық универсиадасы мәресіне жетті
Спорт • Кеше
Жақсы ауданында халықты ауыз сумен қамту мәселесі 100 пайыз шешілді
Инфрақұрылым • Кеше
Атырау тұрғынынан материалдық залал үшін 2,2 млн теңге өндірілді
Аймақтар • Кеше
Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылмақ
Елорда • Кеше
Үлескер қауіпсіздігіне бағытталған жүйе
Құрылыс • Кеше
Семейде жоғалған бала аман-есен табылды
Қоғам • Кеше
Алматы тауларындағы мұздақ көлдер қазір қаншалықты қауіпті
Алматы • 21 Маусым, 2025
Қызылордада иісшіл иттер көмегімен 112 қылмыс ашылды
Қылмыс • 21 Маусым, 2025
Мәжіліс төрағасы үшінші сессиядағы Қоғамдық палата жұмысын қорытындылады
Парламент • 21 Маусым, 2025
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті
Шаруашылық • 21 Маусым, 2025
Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда
Аймақтар • 21 Маусым, 2025
Прокурор «Тәшенев тартуы» білім гранты иелерімен кездесті
Қоғам • 21 Маусым, 2025
Спортты, әсіресе балалар мен жастар арасында кеңінен насихаттау – ұлт денсаулығының кепілі
Спорт • 21 Маусым, 2025
ҚазҰУ‑да Tus‑Holdings Co. компаниясымен бірлескен бизнес‑инкубатор ашылды
Бизнес • 21 Маусым, 2025
Бизнеске қысым: АлЭС-ке айыппұл салынды
Заң • 21 Маусым, 2025
Заң • 21 Маусым, 2025
Профилактика жылы: ІІМ Әскери-тергеу департаменті құқықбұзушылықпен күресті күшейтті
Әскер • 21 Маусым, 2025
Цифрландыру тиімділікті арттырады
Қоғам • 21 Маусым, 2025
Президенттік жастар кадр резервінің әлеуеті зор
Саясат • 21 Маусым, 2025
GovHR форумы: Жаңа кезеңдегі маңызды міндет
Форум • 21 Маусым, 2025
Пікір • 21 Маусым, 2025
Маржа ішінде жасырынған баға бар...
Қаржы • 21 Маусым, 2025
Пікір • 21 Маусым, 2025
Аспалы көпірге жөндеу жүргізіліп жатыр
Аймақтар • 21 Маусым, 2025
Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық
Медицина • 21 Маусым, 2025
Аймақтар • 21 Маусым, 2025
Заңсыз құрылыс иелері жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • 21 Маусым, 2025
Аймақтар • 21 Маусым, 2025
Отандық медицинаның озық тәжірибесі
Медицина • 21 Маусым, 2025
Өндіріс • 21 Маусым, 2025