
Білім • 16 Наурыз, 2022
Пікірсайыс жеңімпаздары 2 млн теңгеден алды
TECHNO CUP VI! атты республикалық пікірсайыс турнирі мәресіне жетті. Жеңімпаздар 2 млн теңгеден алды. Иә, бұл – әлі мектепті бітірмеген балалар үшін әжептәуір ынталандыратын сыйақы. Бірақ бұдан да үлкен олжа – олардың университет грантын жеңіп алғаны. Сайысқа 100-ден аса мектеп оқушысынан бөлек жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты.
Білім • 15 Наурыз, 2022
Білім саласында бірқатар өзгеріс бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың тәлімгерлерін қолдауды тапсырған болатын. Енді бұл заң жүзінде іске аспақ. Жақында өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды. Соның ішінде жоғарыда аталған мәселеден бөлек, білім саласындағы тағы бірқатар түйткілдің түйінін тарқататын заң күшіне енді.
Білім • 15 Наурыз, 2022
ХХІ халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында қазақстандық 46 оқушы жүлдегер атанды. Зияткерлік сайысқа Ұлы Жібек жолының бойындағы елдерден жүздеген мектеп оқушысы қатысты.
Білім • 15 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сатумен айналысып отырған сапасыз жоғары оқу орындарын жабуды тапсырды. Осы тапсырманың негізінде бұған дейін бірнеше университет толық лицензиясынан айырылған еді. Жақында тағы бір оқу орны жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Ғылым • 11 Наурыз, 2022
Осыдан 4 жыл бұрын ғана Cell Stem Cell ғылыми журналы қызықты зерттеудің қорытындысын жариялады. Зерттеуге әлемнің 500 ғылыми институты қатысты. Онда әлемдік ғылымдағы әйелердің үлесі зерттеліп, нәтижесі көңіл көншітпейтіні көрсетілген. Ал Қазақстанда қалай?
Білім • 07 Наурыз, 2022
Оқушылар АҚШ-қа жолдама жеңіп алды
Қазақстандық 30-дан аса оқушы АҚШ-қа жолдама жеңіп алып, FIRST Alumni мәртебесін иеленді. Аталған мәртебе оқушыларға әлемнің 200 беделді университетінің біріне оқуға тапсырса, грантқа өтуіне артықшылық береді. Қазақстан атынан іріктелген команданың бұл мүшелері енді халықаралық сайыста жүлдеге таласады.
Білім • 06 Наурыз, 2022
Білім қуған қазақ жастары көбіне «Болашақты» көздейді. Иә, біз шетелде тегін білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясын меңзеп отырмыз. Бірақ бұған қандай да бір себептермен қол жеткізе алмай жүргендер қаншама. Оның сыртында тіпті ақылы оқуға дайын, алайда шетелдік университеттермен қалай байланысарын білмейтіндер бар. Олар дамыған елдерде білім алудың басқа да жолдары барын біле ме?
Білім • 04 Наурыз, 2022
Техникалық мамандықта оқудың мүмкіндігі молайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық мамандарды көбейтуге мән беріп отыр. Осыған орай «Болашақ» халықаралық бағдарламасының бағыттарын қайта қарауды тапсырды. Нәтижесінде, биыл 2022 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 36%-дан 60%-ға дейін өспек.
Бизнес • 01 Наурыз, 2022
StartUp Bolashaq конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталады
«Болашақ» қауымдастығы ұйымдастыратын StartUp Bolashaq республикалық бизнес-жобалар байқауына өтінімдер қабылдау аяқталады. Үміткерлер осы айдың соңына дейін қатысуға өтінім жолдай алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Аутист-балалармен әдістемелік жұмысқа көмектеседі
Елімізде аутизмі бар балалар саны жылдан жылға артып келеді. Мұндай ерекше бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған ата-аналар түгілі, олармен жұмыс істейтін арнайы мамандардың өзі қазақша әдістемелік кітаптардың жоқтығынан қиналады. Жақында осы олқылықтың орны толғандай. Қазақ тілінде жарық көрген аутистерді дамытуға арналған кітаптың 3 мың данасы ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтерге, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мамандарына тегін таратылмақ.