Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
670 материал табылды

Білім • 17 Қыркүйек, 2020

Онлайн білім беру платформаларының жұмысы қаралды

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бірқатар білім беру платформаларының жұмысы талқыланды.

Білім • 17 Қыркүйек, 2020

Отандық оқу орнына ауысты

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, шетелдердегі 2 мыңнан аса студент отандық жоғары оқу орындарына ауыс­ты. Біз бұған дейін «Шетелдегі студенттер елге қайта ма?» атты мақа­ламызда атал­ған ведомствоның шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус пандемиясына байланысты елге ауысуға мәжбүр қазақ­стандық студенттерге көмек көрсетуді бастағанын жазғанбыз.

Білім • 16 Қыркүйек, 2020

Отыздан аса университет мемлекеттік тапсырыс ала алмады

Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында диплом басып шығарумен айналысып жүрген жоғары оқу орындарын қысқарту жұмысын жалғастыруды тапсырған-тын. Ал кеше Білім және ғылым министрлігі 30-дан аса отандық университеттің мемлекеттік тапсырыс ала алмайтынын хабарлады. Демек, бұл ЖОО-да мемлекеттік грант иегерлерін оқытуға мүмкіндік жоқ. Дегенмен оның қысқартуға қаншалықты әсер ететіні әзірге белгісіз.

Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020

KAZGUU заңгерлері тегін кеңес береді

Пандемияның кесірінен үйден ұзап шығуды қолай көрмейтіндер көбейді. Алайда жұмыс жүруі керек, тіршіліктегі күнделікті мәселелер уақытылы шешімін табуы тиіс. Әсіресе әлеуметтік көмек алатындардың проблемасы күн сайын кәсіби заңгерлердің көмегін қажет етіп отыр. Отандық университеттің бірі осы қажеттілікті, қоғам арасындағы сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Тegin kenes» жобасын бастады.

Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020

Екі мыңға жуық мектепте дене шынықтыру залы жоқ

Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балалар спортына басымдық беріп, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашуды тапсырған болатын. Осыған орай Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы бұқаралық спортты тиімді дамыту» тақырыбында брифинг өтті.

Экология • 15 Қыркүйек, 2020

Айына – 1 млн биоқапшық

Еуропарламент былтыр 2021 жыл­­дан бастап пластик заттарды қол­дануға тыйым салатын заң қа­был­дады. Еуропа елдерінде әзір­ден биологиялық таза өнімдерді қол­дануға бетбұрыс бар. Бей­ресми деректерге сүйенсек, әр қазақ­стан­дық 1 жыл ішінде 300-500 полиэтилен пакетін қолданады екен. Енді бұл санды 19 млн-ға көбейтіңіз. Сон­да бізде жыл сайын табиғи жолмен топыраққа араласып кетпейтін, ауаға зиянсыз жағдайда өртеле сал­май­тын қаншама қоқыстың шы­ға­ры­латынын болжауға болады. Эко-амбассадор, кәсіпкер Мирас Аббасов осы бір көкейкесті проб­ле­ма­ның шешімін тапқан.

Білім • 15 Қыркүйек, 2020

«Болашақ» бағдарламасы жаңа үлгімен іріктейді

Биылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындаудың конкурстық рәсімдері толығымен автоматтандырылып, бірыңғай онлайн-платформада өтіп жатыр. Үлгі ретінде Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жүйесі алынды.

Білім • 14 Қыркүйек, 2020

Бірыңғай білім беру платформасы: Қаржы талан-таражға түспесін десек...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда әлі күнге дейін оқу процесін ұйымдастыратын нақты бір онлайн-платформа жоқ екенін айтып, қашықтан оқытудағы олқылықтарды сынға алған-ды. Және толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Алайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Сапалы дүниені жақын арада дайындау мүмкін емес», дейді. Неге?

Білім • 11 Қыркүйек, 2020

Мұғалімге өтемақы беріле ме?

Қызметтегі коронавирус жұқтырған мұғалімге өтемақы төлене ме? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қашықтықтан оқытудың ағымдағы жағдайы» атты брифингте жауап берді.

Ғылым • 11 Қыркүйек, 2020

Жеміс ағашындағы вирусты анықтайды

Отандық ғалымдар алма ағаштарында болатын 4 түрлі вирусты анықтауға арналған сезімталдығы жоғары тест-жүйе әзірледі. Ғылыми өнім фермерлер тарапынан сұранысқа ие болып отыр. Себебі оның тиімділігі дәлелденіп үлгерген.