
Білім • 25 Қазан, 2021
Оқу дәстүрлі форматта жалғасады
Биыл барлық білім беру ұйымында оқыту негізінен дәстүрлі форматта басталды. Санитарлық талаптар сақталып, штаттық режімдегі оқыту бұдан былай да жалғасады. Дегенмен арасында ата-анасының өтінішімен аралас форматта білім алып жүрген оқушылар да бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Білім • 25 Қазан, 2021
Білімдіні қолдау – болашақты ойлау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында халықаралық білім бәйгелерінен жүлде алған озат оқушыларға бір реттік ақшалай сыйақы беруді, гранттар тағайындауды тапсырған еді. Мәселе қалай шешімін таппақ? Ақшалай сыйақының көлемі қанша? Грант қандай оқу орнынан беріледі?
Білім • 22 Қазан, 2021
«Цифрлы сауаттылық» пәні оқытылады
Алдағы жаңа 2022 жылдың қаңтар айынан бастап бірінші сынып оқушыларына жаңа пән оқытылады. Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, бұл балалардың цифрлы сауатын ашу мақсатында оқу бағдарламасына енгізілген.
Білім • 22 Қазан, 2021
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын таныстырды.
Қазақстан • 21 Қазан, 2021
Студенттердің өнертабыстары халықаралық деңгейде танылды
Жердің кіші жасанды спутниктерінің инновациялық конструкторларын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ойлап тапты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Құрылғы оқушылар мен студенттерді ғарыштық аппаратты жобалау және құрастыру негіздеріне үйретуге арналған. Жабдық мемлекеттік тілде бағдарламалық қамтамасыз етумен және қажетті әдістемелік материалдармен жарақталған. Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Маск компаниясы ЖОО ғалымдары әзірлеген Al-Farabi -2 наноспутнигін іске қосқан болатын.
Білім • 19 Қазан, 2021
Ел ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім мен ғылым саласы әрдайым қоғамның алдында жүруі керек екенін айтты. Барлық салаға маман даярлайтын білім беру жүйесі өзгеден көш ілгері болуы үшін әрдайым болашақты алдын ала болжап, алда қандай маманның тапшы немесе сұраныста болатынын бағамдай білуі тиіс. Жақында Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарында 300-ден аса жаңа білім беру бағдарламасы енгізілгенін хабарлады. Демек осыншама жаңа мамандыққа жол ашылды деген сөз. Бұл қандай мамандықтар? Шынында да елдің ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?
Қазақстан • 13 Қазан, 2021
Әлем мойындаған қазақ ғалымдары
Ел егемендігінің 30 жылдығында отандық ғылымның әлеуеті артты. Мұның бір дәлелі – елімізден шыққан ғалымдарды халықаралық беделді ұйымдар мен шетелдік мықты мамандардың мойындауы. Біз өзіміз біле бермейтін, бірақ әлем зерттеушілері еңбегін жоғары бағалаған ғалымдарымыз жетерлік. Осы орайда тәуелсіздік табыстарының бірі ретінде өз саласында әлемдік деңгейде танылған бірқатар ғылым өкілі туралы, олардың ғылыми жолы мен еңбектері жайлы жазуды жөн көрдік.
Білім • 19 Қыркүйек, 2021
Миллион оқушыға мектептен орын таба аламыз ба?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жолдаған Жолдауында мектептердегі орын тапшылығы мәселесін көтерді. Осыған қатысты шұғыл шара қабылданбаса, 2025 жылға қарай 1 млн оқушы орын таппай қалуы мүмкін.
Білім • 14 Қыркүйек, 2021
Әлеуетін немістер бағалаған ғалым
Әмина Мирсакиева қазір Германиядағы Carl Zeiss ірі индустриялық компаниясында жұмыс істейді. Ол – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, теориялық физик, ғылымды насихаттаушы.
Президент • 13 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ғылым саласындағы түйткілдердің түйінін тарқату үшін «Ғылым туралы» заңға өзгерістер енгізуді тапсырды. Ғылым саласы даму үшін заңға қандай өзгерістер енгізу керек? Бұған қоса Президент жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешуді міндеттеді. Жауапты ведомство мұны қалай орындамақ? Сондай-ақ Жолдауда ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн екені айтылды. Оның ғалымдарға, ғылымға қандай пайдасы бар?