Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
129 материал табылды

Қоғам • 20 Наурыз, 2024

Тіл үйренушілерге – Наурызкөже

Қостанай облысының тілдерді оқыту орталықтары Наурызнаманың Ұлттық киім күнін өзгеше мазмұнда атап өтті. Қызылды-жасылды зерлі шапан, оқалы бешпент, жағалы тон дейсіз бе, әйтеуір сайын далаға сән берген Қыз Жібектің көшіндей малына киініп алған кіл жастар жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен тіл үйренушілердің басын қосып, наурызкөже берді.

Өндіріс • 19 Наурыз, 2024

Жаңа желі іске қосылды

Қостанай қаласындағы «Allur» зауытында «Chevrolet Оnix» авто­мобиль­дерін шығаратын жаңа CKD кешені іске қосылды. Жаңа кешен­ді іске қо­су рәсіміне Өнеркәсіп және құ­рылыс министрі Қанат Шарлапаев, «General Motors» және «UzAuto» ком­па­ниялары топ-менеджерлері қатысты.

Мирас • 13 Наурыз, 2024

Көбеев мұрасы көлеңкеде қалмасын

Қостанайдағы Ыбырай Алтын­сарин мұражайында ағартушы-ұстаз, қазақ романының қайнар бастауынан орын алатын Спандияр Көбеевтің ұстаздық қызметі мен шығармашылығына қатысты бірсыпыра құжаттар, жазушының көзі тірісінде тұтынған заттары сақтаулы тұр.

Қоғам • 12 Наурыз, 2024

Селебеден себелеген сәуле

Қостанай өңірімен шекаралас Челябі облысының (қазақтар Селебе деп те атайды) Чесмен ауданындағы Редутово деп аталатын татар ауылы маңындағы қыратта қазақтың Қыстау ауылының жұрты жатыр. Мұнда қазір аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан ашылған «Звездный» далалық оқу кешені жұмыс істейді.

Өндіріс • 26 Ақпан, 2024

Қостанайда тігін фабрикасы ашылды

«Азурит» 2018 жылы он шақты адам жұмыс істейтін шағын ғана тігін цехы еді. Әдетте жеңіл өнеркәсіптің нарықтағы жолы ауырлау болып келеді.

Тағзым • 14 Ақпан, 2024

Өшпес ерлікке тағзым

Қостанай ауданының Айсары жалпы білім беретін мектебінде Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толуына арналған тағылымды кеш өтті. Іс-шараға Варшава келісімшарты әскери топтары филиалының директоры Ербол Бекішев бастаған ардагерлер қатысты.

Отбасы • 12 Ақпан, 2024

Елу бес балалы отбасы

Еліміздегі ең көпбалалы отбасы Қостанай облысының Лисаков қаласында тұрады. Рустам Шукуров пен Муаззама Мансурованың 55 баласы бар. Ерлі-зайып­тылардың 2 ұл, 1 қызы өз кіндігінен тараған, қалған 52 баланы жетімдер үйінен асырап алған. Отбасында 11 ұлттың өкілі өсіп жат­са, балалардың алды бүгінде студент, 36 бала мектепте білім алып жүр. Ал ең кенжесі – үште.

Қоғам • 07 Ақпан, 2024

Әлімжеттік азайды

Ізгі қоғамның бір дәнегі отбасы – ошақ қасынан өніп шығады. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда сол дәнекті жабылып жан жы­луы­мен суарып, күтіп-баптап, шаңырақ шаттығына ұйытқы болудың ор­нына, қит етсе әйел, бала-шағасына жұдырық ала жүгіріп, отба­сының шырқын бұзып, берекесін қашырып жатқандар аз емес.

Аймақтар • 05 Ақпан, 2024

Айналайын, Бидайық, жол шалғай, жетер күн қайда?

Сәті түсіп таяуда Бидайыққа барып қайттық. Тоқанайдың тұсынан Қызбелге бұрылған соң, әрі қарай қозғалу қиын болатын шығар деп едік, жол тегіс екен. Өткен жазда көліктің бензин багын тесіп жіберген кескір қыр, кесек тас төселген жолдың бетін қар басып, ой-шұқырын түгел толтырып тастапты. Қызбел асып, Бидайықтың шетіне келіп бір-ақ тоқтадық. Енді ауылға кірейік десек, жол жоқ. Әрі-бері айналып, кірер із таппадық. Сөйтсек, бұл мекенге ел қонғалы кіреберіс жол салынбаған екен.

Қылмыс • 29 Қаңтар, 2024

Оқушы қазасына кім кінәлі?

Жангелдин ауданының Ақкөл ауы­лын­дағы мектепте өткен жаңа жыл кеші 15 жас­тағы оқушының өлімімен аяқ­талды. Мерекелік кеште ауылға демалысқа келген колледж студенті мен 9-сынып оқушысының арасында туған кикілжің сырттағы төбелеске ұласқан. Оның арты белгілі – шалғай түпкірде жатқан аядай ғана ауылда бір әулет қара жамы­лып қалды.