Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
474 материал табылды

Аймақтар • 15 Сәуір, 2025

Ғашықтар күнінде 22 жұп некелесті

15 сәуір – Ғашықтар күні   Ақтөбеде  22 жұп шаңырақ көтерді деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2025

Ақтөбе облысында 166 дәрігер жетіспейді

Ақтөбе қаласында 110,  ал елді мекендерде 56 дәрігерлік орын бос тұр. Былтыр ауылдарға жіберілген 15 маманға 3  млн теңге, 25 маманға 8,5 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.  Бұл жөнінде  облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында  денсаулық сақтау  басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2025

Хромтауда екі жел электрстансасы салынады

Ақтөбе облысында  жалпы қуаты 450 МВт болатын  бес жаңартылатын энергия жобасын  іске асыру жоспарына сәйкес, осы жылы Хромтау ауданында  жалпы қуаты 100 МВт  болатын екі жел электрстансасы  құрылысы басталады. Облыстық  энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, осы жоба  жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және құрылысты   «Darmen Shuak» және «Next Green Energy» ЖШС-тері жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 12 Сәуір, 2025

Ақтөбе облысында сенбілік сайыс түрінде өтті

   «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шалқар ауданының орталығында өткен  сенбілікке  тоғыз мектеп,   көпсалалы колледж, аудандық аурухана жастарынан құрылған еріктілер тобының 150 мүшесі қатысып,  Шалқар көлінің жағалауын түгел тазалап шықты.  Тазалық шарасы жастар арасындағы сайыс түрінде өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Технология • 09 Сәуір, 2025

Студент ауыл шаруашылығына қажет технология ойлап тапты

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті техникалық факультетінің мұнай- газ ісі кафедрасы автоматтандыру және басқару мамандығының 3-курс студенті Ерасыл Жолгелдиев Шалқар ауданы Бозой ауылындағы әкесінің жеке қожалығында автоматтандырылған басқару жүйесін іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық • 08 Сәуір, 2025

Ақтөбеде 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандарға үкім шықты

Ақтөбе қалалық соты Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  цифрлық  технологиялар орталығының директоры  мен жеке кәсіпкерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 07 Сәуір, 2025

Шағын саябақтар құрылып,алаңқайлар абаттандырылады

Ақтөбедегі ірі кәсіпорындар  қала  ішіндегі бос жатқан аумақтарды абаттандырып,  шағын аллеялар мен скверлер құруды қолға алмақшы. Өткен жылы  төрт кәсіпорын бес алаңқайды абаттандырып,   шағын скверлер жасаса, биыл он бір аумақта  осы жұмыс жалғасын табады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 07 Сәуір, 2025

Дәрігерлер АИТВ-ның алдын алу жөнінде кеңес берді

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы» мекемесінің мамандары   адам иммун тапшылығы вирусының  алдын алу жөнінде  сауда орындарында  ақпараттық-насихат  жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 06 Сәуір, 2025

Ардагерлер шырша отырғызды, жастар көше тазалады

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына  Ақтөбе облысының   еңбек ұжымдары, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері,  тіпті  тазалықты сүйетін қарапайым  тұрғындар да үлес қосып келеді. 

Аймақтар • 04 Сәуір, 2025

Кәсіподақ өкілдері рельс шығаратын кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті

Кәсіподақтар федерациясы өкілдері  жылына 200 мың тонна  рельс  пен 230 мың тонна   фасонды прокат шығарып,  ішкі сұранысты  толық қамтамасыз етіп отырған «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» еңбеккерлерімен кездесті.  860 адам еңбек ететін кәсіпорынның  120 метрлік ұзындықтағы  термоберік  рельстері «Алматы –Шу» теміржолы, «Құрық» теңіз порты құрылыстарына пайдаланылып келеді.  Астанадағы «Нұрлы жол»  теміржол вокзалына да осы зауыттын өнімдері төселген, деп жазады Egemen.kz.