алма
Төтенше жағдай • 17 Қыркүйек, 2025
Алатау полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны үш күннен бері жанып жатыр. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі полигондағы өртті сөндіру үшін басқа облыстардан қосымша күштер тартты. Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2025
Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жеңіл көлік жүргізушісі автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті жағдайлар туғызған. Содан кейін ол автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасап, пышақ шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Қыркүйек, 2025
Қазақстан атом энергетикасының жаңа даму кезеңін жариялады
Вена қаласында өткен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) 69-шы Бас конференциясында еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сөз сөйлеп, Қазақстан бейбіт атомға, жаһандық қауіпсіздікке және тұрақты дамуға бейілділігін растады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында қоқыс полигонынан өрт шықты
Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, оны сөндіруге 108 адам мен 54 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 16 Қыркүйек, 2025
Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды
Іле-Алатау ұлттық паркінде 2 524 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңының етегіндегі атақты әткеншектің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл нысан ұзақ жыл бойы Алматы тұрғындары мен туристері үшін таудағы ең танымал орынның бірі ретінде жақсы таныс, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 16 Қыркүйек, 2025
Халықаралық мамандар ядролық физиканың жетістіктерін талқылады
Алматыда археология мен ядролық технологияларға арналған «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану-ғылыми әдістерді қолдану» тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Іле ауданының саяжай тұрғындары балаларды тасымалдау мәселесін көтерді
Іле ауданына қарасты Ақсай ауылдық округінде жалпы саны 22 мың халық тұрады. Ауылдық округте бірнеше разъездерге бөлінген 13 саяжай орналасқан. Оларда 8 жарым мыңнан астам халық мекендейді. Осы саяжайлар бойынша 522 оқушы тасымалданып оқытылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында ауыл әкімі мінген көлік аударылып қалды
Алматы облысы Райымбек ауданында қыркүйектің 13-і күні кешкілік ауыл әкімі мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қайғылы оқиға Нарынқол-Сарыжаз автожолында орын алған, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
Алтын да, қола да Қазақ циркіне бұйырды
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделі биік халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей абыройлы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Қыркүйек, 2025
Агроөнім экспорты 1,5 еседен астам өсті
Алматы облысы шетел нарығында сұранысқа ие өнім көлемін арттырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты жылдан-жылға артып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Алматыда Республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды
Бүгін Алматыда қант диабетіне шалдыққандар үшін шапағаты мен шипасы мол маңызды оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Respublica партиясы Алматыда ReBusiness форумын өткізді
Шараға 500-ге жуық кәсіпкер, мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары және сарапшылар қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 12 Қыркүйек, 2025
Биыл Алматыға 1,1 миллионнан астам турист келген
2025 жылдың алғашқы алты айында Алматыға 1 миллион 140 мыңнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 11 Қыркүйек, 2025
11 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы маңындағы металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты
Алматы облысының Іле ауданында металл қабылдау бекеттерінің бірінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы құрылыс саласында былық көп – депутат дабыл қақты
Мәжілісте Депутат Сергей Пономарев Алматыдағы құрылыс мәселелері бойынша ҚР Премьер-министрімен Алматы қаласының әкімінің атына депутаттық сауал жолдады. Онда халық қалаулысы қаладағы архитектуралық тұтастықты сақтауға бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары жүйелі түрде орындалмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында көпқабатты үйдің жанынан 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Жас жігіттің денесін Алматы облысының Бесағаш ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қыркүйек, 2025
Ақтаулық прокурор Алматы әуежайында ұсталды
Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіровтің ұсталғаны туралы ақпарат расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында жас жігіт биіктен құлап көз жұмды
Алматы облысының Бесағаш ауылында 20 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Алматыда самокат мінген жігіт ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді
Алматы қаласының Алмалы ауданында самокат жүргізушісі өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2025
Алтыналмас өз қызметкерлерінің біліміне инвестиция салып келеді: 15 жылда 227 грант берілді
Қазақстандық «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясы 15 жыл қатарынан өз қызметкерлері мен олардың балаларына білім беру гранттары бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл уақыт ішінде компания есебінен 227 адам орта арнайы немесе жоғары білім алуға мүмкіндік алды, олардың 74-і оқуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыда ғимараттарды жарықтандыратын 20 мыңдай шам орнатылады
Аяқталған аптада Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ғимараттарды сәулеттік жарықтандыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыда ірі өрт шығып, үш қабатты ғимараттың шатыры құлады
Алматы қаласының Әуезов ауданында ірі өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, жалын алғашында шаруашылық нысанынан басталып, кейін үш қабатты ғимараттың шатырына тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыға Michelin жұлдызды әйгілі аспаздар келеді
Алдағы 7-21 қыркүйек аралығында Алматыда Michelin жұлдызды әлемге әйгілі аспаздардың қатысуымен дәстүрлі Almaty crossroads гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Қыркүйек, 2025
Алматы прокуратурасы БАҚ-ты жалған ақпарат таратпауға шақырды
Соңғы уақытта онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2025
Кәсіпкерлерді алдап кеткен алаяқ Қырғызстаннан экстрадияцияланды
Алматы облысында алаяқтықпен айналысқан азамат Қырғызстанда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 04 Қыркүйек, 2025
Алматыда «Дос-Мұқасан ұясы» атты студенттер жатақханасы ашылды
Бүгін Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде жаңартылған студенттік жатақхананың ашылу рәсімі өтті. Бұл тарихи ғимаратта кезінде аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі құрылған болатын. Қайта жөндеуден кейін «Дос-Мұқасан ұясы» деген атау иеленіп, студенттерге жаңа баспана ғана емес, университеттің мәдени мұрасын айшықтайтын орынға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 04 Қыркүйек, 2025
Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды
Алматыда Қала күні мерекесі және Халық Қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер әрі күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай мемориалдық музейде қайта жаңғыртылған экспозиция ашылды, деп жазады Egemen.kz.