Пойыз
Инфрақұрылым • 07 Желтоқсан, 2025
Елорданың көлік инфрақұрылы: қаланы айналып өтетін теміржол салынады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов жұмыс кездесу барысында елорданың көлік жүйесін дамыту бойынша кешенді стратегия әзірлеу бойынша жиын өткізді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында ер адамды жүк пойызы қағып кетті
Жетісу облысында жүк пойызы адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан ер адам аяғынан жарақат алып, шұғыл түрде Сарыөзек станциясының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Әуе рейстері мен пойыздардың саны артады: Билет құны қымбаттай ма?
Үкіметтегі брифинг барысында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиакпаров алдағы мереке күндеріне орай әуе рейстері мен пойыздардың саны артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
16 желтоқсаннан бастап Алматыдан Қостанайға жаңа «Тальго» пойызы қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №119/120 «Алматы - Қостанай» бағытындағы жаңа «Тальго» пойызы 16 желтоқсанда жолға шығады, жаңа пойыз жұп күндері қатынап отырады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қараша, 2025
«Пойыз жүріп келе жатқан»: Вагондардың біріне автомобиль соғылған
Оқыс оқиға – Жамбыл облысы аумағындағы Меркі ауданының Тәтті станциясында (Шу-Тараз учаскесі) 14 қарашада түнгі уақытта болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
«Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды
14 желтоқсаннан бастап «Тальго» пойызының бағыты кеңейеді. Бұған дейін Астана – Жезқазған арасында қатынаған заманауи құрам енді Қызылордаға дейін жүретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
14 желтоқсаннан бастап Алматы мен Ташкент арасындағы халықаралық пойыз күнделікті қатынайды. Жаңа кесте арқылы күн сайын 400-ден астам жолаушы тасымалданады, ал билет бағасы санатына байланысты өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қараша, 2025
Словакияда екі пойыз соқтығысып, ондаған адам зардап шекті
Словакия астанасы Братиславадан шамамен 20 шақырым қашықтықта екі пойыз соқтығысып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан ондаған адам жарақат алған, қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 07 Қараша, 2025
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билетінің бағасы қымбаттай ма?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке қарсаңында теміржол билеттерінің құны өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Ақмолада вагондар рельстен шығып кеткен
Оқыс оқиға – аталған облыстың Макинка станциясы маңындағы «Бота 2015» ЖШС-нің кірме жолында болған, 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Қазан, 2025
Жетісу облысының 3 мыңға жуық тұрғыны "Саламатты Қазақстан" пойызы дәрігерлерінен көмек алды
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғай аудандардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз бағытын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімін қысқа дейін ұзартты
Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қазан, 2025
«Астана - Орал» пойызы жаңа вагондармен толықты
Көлік министрлігінің мәліметінше, «Астана - Орал» пойызына жаңа үш плацкарт вагон қосылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2025
Астанада 29-30 қыркүйекте алғашқы LRT пойызы жолға шығады
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс алаңында келесі аптада LRT-ның бірінші пойызы іске қосылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 24 Қыркүйек, 2025
Екі бағыттағы пойызға Starlink интернеті орнатылады
Алдағы айларда №33/34 «Ақтөбе – Алматы» және №21/22 «Қызылорда – Семей» бағытындағы пойыздарда Starlink технологиясы арқылы интернет қолжетімді болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2025
Пойыз бен көлік соқтығысып, бір отбасы қаза тапты
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл автокөлік соқтығысып, үш адам мерт болды. Қаза тапқандардың екеуі — бір отбасының мүшелері, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам мерт болды
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы Mazda көлігімен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2025
Мексикада жүк көлігі пойызбен соқтығысып, 10 адам қаза тапты
Мексикада канадалық Pacific Kansas City de Mexico теміржол компаниясына тиесілі пойыз жолды кесіп өтпек болған екі қабатты жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 61 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Медицина • 08 Қыркүйек, 2025
Павлодарда екі жарым мыңға жуық адам дәрігерлік тексеруден өтті
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысының шалғайда орналасқан 6 елді мекенін аралап шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Алматыдан жаңа туристік пойыздар жолға шығады
Алматы қаласынан бастау алатын үш туристік пойыз бағыты іске қосылады. Бағыттардың ұзақтығы бес-жеті күнге созылады. Туроператорлар жолаушыларға экскурсиялық бағдарлама, заманауи вагондарда жайлы орналастыру, ішінара тамақтану мен көлік қызметтерін қамтитын пакеттерді ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
Теміржол инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр
Бүгінде ел аумағы бойынша 154 теміржол жолаушылар бағыты жүреді. Осылайша, биылғы жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 млн жолаушы тасымалданған. Жолаушылар вагондарының паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 60-қа жуық жаңа жолаушылар вагондары жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 30 Шілде, 2025
Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болды
Енді елордадан «Астана-1 - Бурабай курорты» бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызы қатынайды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 26 Шілде, 2025
Пойызда сәбиін өлтірген әйел түрмеде отырмайтын болды
Пойызда босанып, сәбиін санитарлық шұңқырға тастаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 23 Шілде, 2025
Қытай сағатына 600 км жылдамдықпен жүретін пойыз жасап жатыр
Аспан асты елінің астанасы Бейжіңде CRRC компаниясы MODERN RAILWAYS 2025 көрмесінде 600 км/сағ дейінгі жылдамдықпен жүретін маглев пойызын көпшіліктің назарына ұсынды. Сөйтіп, болашақтағы жоғары жылдамдықты тасымалдарға инновациялық шешімдерді көрсетіп, таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Шілде, 2025
Алматыда пойыздың төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты
Алматы-2 станциясында жасөспірім пойыздың төбесіне өз бетімен шығып, тоқ соғып жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 18 Шілде, 2025
Семейде балалар темір жолы істеп тұр
Семей қаласында араға жиырма жылдан астам уақыт салып, қайта жанданған балалар темір жолы істеп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 10 Шілде, 2025
Қыркүйекте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Jibek Joly 5.0» туристік пойызының жаңа маусымы басталады. 6 күнге созылатын сапар барысында жолаушылар Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы бағытымен жүріп өтеді. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи, мәдени орындармен танысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Шілде, 2025
Ер адам пойыз жолаушыларына балғамен шабуыл жасаған
3 шілде күні Германияның Бавария аймағында балғамен қаруланған ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасаған. Салдарынан төрт адам жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Маусым, 2025
Жүк көлігі пойызбен соқтығысты
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында пойыз жүк көлігіне соғылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 19 Маусым, 2025
Астанадан Бурабайға жаңа электр пойызы жолға шығады
Шілде айының басына қарай Астана – Бурабай курорты бағытында жаңа электр пойызы жолға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап.