ТЖД
Төтенше жағдай • 25 Қыркүйек, 2025
Петропавлдың орталығындағы Интернационал көшесіндегі 2 қабатты ескі үйлердің бірінен өрт шығып, бір пәтер от құшағына оралды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Қыркүйек, 2025
Өңірдегі мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 4 млн 425 мың гектарды құрайды. Оның 2 млн 311 мың гектары орманмен қамтылған жерлер санатына жатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2025
Бүгін алматылықтардың ұялы байланыс телефондарына келген хабарландыру жұртты дүр сілкіндірді. Әсіресе, қоғамдық орындарда алаңсыз қыдырып жүрген халық дүрліге далаға қашты. Дегенмен Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінген жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Қыркүйек, 2025
Павлодар облысының су айдындарында 14 адам батып кеткен
Биылғы шомылу маусымында Ертіс бойындағы су айдындарында 14 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Олардың екеуі – бала, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыда ірі өрт шығып, үш қабатты ғимараттың шатыры құлады
Алматы қаласының Әуезов ауданында ірі өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, жалын алғашында шаруашылық нысанынан басталып, кейін үш қабатты ғимараттың шатырына тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2025
Жамбыл ауданының Троицк ауылында бір әжей орманға саңырауқұлақ теруге кеткен жерінен адасып, учаскелік полицияны дүрліктірді. Әжейдің үйге оралмай, адасып кеткені туралы оның жолдасы полицияға хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 31 Тамыз, 2025
Алматы облысында өрттен үш адам қаза болды
Алматы облысындағы Қарайсай ауданына қарасты Тұрар ауылында құрғақ шөп өртеніп, ол ауыл маңындағы саяжайлар мен шаруашылық құрылыстарды да шарпыды. Өрт салдарынан үш адам мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 24 Тамыз, 2025
Түркістан облысында тауда жоғалған 6 турист құтқарылды
Байдібек ауданындағы тауда із-түзсіз кеткен алты турист аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Шілде, 2025
Бұқтырмада құтқарушылар аударылған қайықтан адамдарды эвакуациялады
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында қайықта 4 адам төңкеріліп, адамдар борт сыртында тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2025
Алакөлде патрульдеу кезінде екі адам құтқарылды
Алакөл демалыс аймағында демалып жүрген екі адам ТЖМ құтқарушыларының араласуымен өлімнен аман қалды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 05 Шілде, 2025
Тілсіз жау жалпы аумағы 1500 шаршы метр аумаққа таралған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Шілде, 2025
Өрт сөндірушілер «Ертіс орманына» бағыт алған тілсіз жауды тоқтатты
Павлодар облысында өрт сөндірушілер дала өртін жедел түрде жойып, тілсіз жаудың орман алқабына таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Маусым, 2025
Тоғыз адам күйік жарақатын алды
25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Ильичевка ауылында төтенше жағдай орын алып, 9 адам зардап шекті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Маусым, 2025
Қара Ертіс үш адамның өмірін жалмады
21 маусымда Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 2007 жылы туған азамат суға батқан. Оған 1991 және 1992 жылы туған екі азамат көмекке жүгірген. Өкінішке орай, ағысқа төтеп бере алмай үшеуі де мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Маусым, 2025
«Ақжайық» резерватындағы өрт: салдарын жою және алдын алу шаралары қабылдануда
20 маусымда Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт салдарын жоюға арналған жедел штабтың көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2025
Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тікұшақпен толықты
Министрлік тарапынан берілген Ми-8АМТ маркалы құтқару тікұшағы департамент балансына ресми түрде тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2025
Ер адам төртінші қабатқа өрмелеп шығып, өртті сөндірді
Алматыда кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконында шыққан өртті сөндірді. Оның ерлігі әлеуметтік желі қолданушыларын таңқалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
Алматыда ұн зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Жарылыс Жібек жолы ауылында орналасқан «Азия Агро Фуд» зауытында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Мамыр, 2025
Осы күндері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық командалық-штабтық «Өрт-2025» оқу-жаттығулары өтуде.
Төтенше жағдай • 22 Мамыр, 2025
Атырауда былтыр 8 жасөспірім суға батып, 12-сі терезеден құлаған
Атырауда өткен жылы 13 адам суға батып кеткен. Оның ішінде кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.
Қоғам • 18 Мамыр, 2025
Биыл жазда Павлодар облысында 47 жағажай жұмыс істейді
Павлодар облысында суға түсу маусымына орай 47 жағажай жасақталады. Олардың инфрақұрылымы жақсартылып, суға түсетін жерлерге барлау жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында жыл басынан бері 3 адам суға кеткен
Суға шомылу маусымы ашылғаннан-ақ құтқарушылардың жұмысы қарбаласып кетеді. Олар жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарына 201 рейд жасап, 20 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріп, үнпарақтар таратқан.
Төтенше жағдай • 11 Мамыр, 2025
Алматыда жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт сөндірілді
11 мамыр күні Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Мамыр-4 шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйден шыққан ірі өрт толық сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Ұлытаудағы ТЖД бөлімшелері заманауи техникамен жабдықталды
Жезқазғанда Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканың кілттері салтанатты түрде табысталды. Іс-шараға жергілікті әкімдік, ТЖ қызметінің өкілдері, ардагерлер, жеке құрам және өңір тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2025
Қотыркөл көлінің жағалауында иесіз тұрған катамаранды көзі шалған бес бала түн қараңғысын жамылып, серуендемек болған.
Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды
Алматы облысында құтқарушылар көшеде ойнап жүріп, жоғалып кеткен 2 баланы табуға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Сәуір, 2025
Күтпеген жерден көтерілген тасқын
Петропавлдың түбіндегі Қызылжар ауданына қарайтын Тепличный кентіне былтыр тасқын су кіріп кеткен. Биыл олай бола қоймас деген үміт ақталмады. Су бөгеттерден асып түсу қаупі бар. Сондықтан 25 сәуірде тұрғындар Бескөл ауылындағы 2-ші мектепке және Петропавл қаласындағы жатақханаға эвакуацияланды.
Төтенше жағдай • 19 Сәуір, 2025
Биылғы тасқын елдімекендереге қауіп төндірмейді
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тікұшақпен тасқын қаупі бар учаскелерді аралады.
Төтенше жағдай • 13 Сәуір, 2025
Ертіс өзенінде ер адам суға батып кетті
Төтенше жағдайлар қызметкерлері марқұмның мүрдесін іздеу шараларын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 13 Сәуір, 2025
Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 13 сәуірде Астана уақытымен 09 сағат 23 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. .