шқо
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретті
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында киберқылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Оқушылармен кездесулер цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған түсіндіру науқаны аясында өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Тамыз, 2025
ШҚО ормандарын өрттен қорғау шаралары күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысында орман қорының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері жалпы аумағы 192,8 гектарды қамтыған 14 өрт тіркелген. Оның 5,1 гектары орманды жерлер. Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Тамыз, 2025
Ауыл халқы өзекті мәселелерін депутатқа жеткізді
Бүгін Мәжіліс депутаты, ЖСДП төрағасы, фракция жетекшісі Асхат Рақымжанов Шығыс Қазақстан облысындағы Белоусовка ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың инфрақұрылымға қатысты көтерген мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 16 Тамыз, 2025
Шығыс Қазақстанда ірі көлемде психотроптық зат дайындағандар ұсталды
Биыл тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 16 Тамыз, 2025
ҰҚК Шығыс Қазақстанда есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды
Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтиеме жасап.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
ШҚО-да ветеринарларға жаңа көлік берілді
Шығыс Қазақстанның ветеринарлары жаңа қызметтік автокөліктердің 113 кілтін алды. Салтанатты жағдайда кілттерді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады. Өңірде 500-ден астам маман мен 110 ветеринарлық мекеме жұмыс істейді. Айта кетсек, автокөлік 12 жылда алғаш рет жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
ШҚО тұрғынының көлігінен Қызыл кітапқа енген құс табылды
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен бірлесіп өткізген жедел профилактикалық рейд барысында құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Тамыз, 2025
Өскемен тұрғыны күйеуін қуып жүріп пышақтап өлтірді
Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының материалына сәйкес, облыс орталығының тұрғыны күйеуіне алты жерден, оның ішінде жүрегіне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Өскеменде ірі логистикалық фармацевтика хабы ашылды
Шығыс Қазақстан өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін орнықты әрі жоғары технологиялық талапқа сай дамытуда маңызды қадам жасалды. Кеше Өскеменде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық логистика хабы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 03 Тамыз, 2025
Өскеменде заңсыз криптовалюта саудасымен айналысқан адам 2 жарым жылға сотталды
Өскеменде заңсыз криптовалюта саудасымен айналысқан ер адам 1 жарым жылдың ішінде ішінде 144 млн теңгеден астам пайда көрген, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 01 Тамыз, 2025
ШҚО-да «SCO Youth Dialogue» форумы өтті
Шығыс Қазақстан облысында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының жас дарындары мен көшбасшыларының кездесуі аясында «SCO Youth Dialogue» форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
ШҚО аумағындағы 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді
Өңір диқандары суару маусымы басталғалы 24 млн текше метрден астам су алған. Биыл «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Шілде, 2025
ШҚО-да бір жастағы бала шеге жұтып қойған
ШҚО-дағы Шемонаиха ауданында бір отбасы үлкен қайғылы жағдайдан аман қалды, деп хабарлады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Шілде, 2025
Өскеменде заманауи мектеп салынып жатыр
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 600 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы қарқынды жалғасуда. Бұл білім беру нысаны «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы және «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров құрылыс жұмыстарының барысымен арнайы барып танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 30 Маусым, 2025
Бүгін Өскеменде Ұлттық Домбыра күні мен Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қатар аталып өтті. Бұл күн өнер мен еңбекті үндестіретін ерекше сәт еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Маусым, 2025
Үкіметтен ШҚО-дағы жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет резервінен Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 26 Маусым, 2025
ШҚО-да журналистер марапатталды
Шығыс Қазақстан облысында Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған журналистер форумы өтті. Қоғам мен мемлекеттің арасын жалғайтын, ақпарат майданында алдыңғы шепте жүрген қалам иелерінің еңбегі осы күні ерекше бағаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 23 Маусым, 2025
Ақаралда байланыс іске қосылды
Мемлекет басшысының қала мен аудан орталықтарын ғана емес, шалғай ауылдарды да кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Айта кетсек, жуықта Зайсан ауданы, Ақарал ауылында «Кар-Тел» ЖШС-нің ұялы байланыс базалық стансасы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 16 Маусым, 2025
Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты фестиваль өтті
Катонқарағайдың төрінде үш күнге созылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты фестиваль өтті. Оған Моңғолия, Саха, Тыва, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия сынды бауырлас елдерден өнердің жарық жұлдыздары құрметті қонақ ретінде шақырылды. Осы күндерге орайластырып, қазақтың қабырғалы қаламгерлері Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханның мерейтойлары да атап өтілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2025
ШҚО-да суару каналы тазартылды
Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде жалпы ұзындығы 55 шақырым суару каналын тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 07 Маусым, 2025
Қоршаған ортаны сақтау мақсатындағы меморандумға қол қойылды
Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Өскемен қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туындаған кезде және экологиялық төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2025
ШҚО-да аурухана алдынан ер адамның мәйіті табылды
Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында бір топ адамның жас жігітті ұрлап, артынан оның денесін Өскемен қаласындағы аурухана алдына қалдырып кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 22 Мамыр, 2025
Шығыс Қазақстан облысы туристік саланы дамытуын жалғастырып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірге шамамен 428 мың адам келген, оның 410 мыңы — ішкі туристер. Шетелдік қонақтар саны 18 мыңға жетті. Бұл туралы ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Досжан Болатбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
ШҚО-да заңсыз алтын өндіргендер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір аудандарының бірінде заңсыз алтын өндіру фактісін анықтап, құқық бұзушылық орнында 6 адамды ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Мамыр, 2025
Өскемендегі өндіріс ошағынан ақау шықты
Кеше кешкісін Өскемендегі Согра шағын ауданының өнеркәсіптік аймағын көк түтін басып, облыстық экология департаментінің мамандары «УК ТМК» АҚ орналасқан ауданға барып, тексеру жүргізді.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Шалқар көлінде туристік маусым ашылды
Кеше Шалқар көлінің көрікті жағасында жазғы туристік маусымның ресми ашылу рәсімі өтті. Аталған шара жазғы демалыс маусымының басталуына серпін беріп, өңірлік туризмді дамыту жолындағы маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Шығыста сел қаупі жоғары кезең басталды
Шығыс Қазақстан облысында 15 мамырдан сел қаупі жоғары кезең басталды. Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандарында және Риддер қаласында барлығы 13 сел жүрудің қауіпті ошағы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Үлкен Нарын ауданында екі жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында су құбыры жарылған жерде апатты-қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері – 1983 жылы туған дәнекерлеуші Ержан Айтпаев пен слесарь 1970 жылы туған Сергей Кастерин қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 14 Мамыр, 2025
Жастарға 2 мыңнан астам жұмыс ұсынылды
Бүгін Өскеменнің орталық алаңында мемлекеттік мекемелер мен жекелеген компаниялар оқу орнын тәмамдап жатқан түлектерге, жұмыссыз азаматтарға жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, жастарға баспанаға қол жеткізуге де бағыт-бағдар берілді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Катонқарағай ауданында жаңадан асфальт-бетон зауыты бой көтерді
Катонқарағай ауданының бірқатар ауылдарына асфальт төселіп, тұрғындардың барыс-келісі едәуір жеңілдеген. Алайда, Катонқарағай ауылында бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқан асфальт-бетон зауытының өндіріс қуаты мен көлемі аздық етіп отыр. Сондықтан, «Өскемен-Тазалық» ЖШС басшылығы жаңа асфальт-бетон зауытының құрылысын бастап кетті. Айта кетейік, «Өскемен-Тазалық» ЖШС Барлық пен Ақсу, Берел мен Аршатының арасындағы жолға асфальт төсеуді де қолға алып отыр.