е
Қоғам • 14 Шілде, 2025
БЕЖ заңсыз құмар ойын ұйымдастырушыларын нарықтан ығыстырады - министрлік
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізудің маңыздылығы талқыланды. Жаңа жүйе мемлекетке құмар ойын нарығын тиімді бақылауға алып, көлеңкелі қызметпен айналысатын заңсыз платформалармен күресті күшейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 14 Шілде, 2025
Ваучер жүйесіндегі жемқорлық мәселесі талқыланды
Шымкентте қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері бірыңғай ваучер жүйесін ашық талқылады. Жиналғандар пилоттық жобаға қатысты пікір білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Шілде, 2025
Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы құмар ойын ойнаған
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
«Қазсушардың» Жамбылдағы филиалы жаңа техникалармен толықты
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысындағы филиалына 51 жаңа арнайы техника берді. Филиалға барлығы 75 техника бөлінген, қалған 24-і жыл соңына дейін жеткізілмек. Техника паркі толықтырылғанға дейін филиалда 64 жабдық болған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Белгілі санаттағы адамдардың бәс тігуіне жол берілмейді - Әділет Тұрғанбаев
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізу мәселесі кеңінен сөз болды. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе құмар ойындарға тәуелділікті азайтуға және осал топтарды қорғауға бағытталған тиімді цифрлық шешім болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Шілде, 2025
Лудоманиямен күрес: Бірыңғай есепке алу жүйесі деген не
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген подкастта Бірыңғай есепке алу жүйесін енгізу мәселесі көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Шілде, 2025
Грант конкурсына қанша талапкер құжат тапсырды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 13 шілдеде, 1 күнде 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына құжат тапсырып үлгергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Ұлытаудағы тоғыз кәсіпорын республикалық көрмеге қатысады
Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауары», «Алтын сапа» республикалық байқау-көрмесінің және «Бір ауыл – бір өнім» мемлекеттік бағдарламасының Ұлытау облысы бойынша аймақтық кезеңі өтті. Іс-шараны Ұлытау облысының әкімдігі мен Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Шілде, 2025
Министр Балқаш көлінің курорттық аймақтарын тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қарағанды облысындағы Балқаш көлінің курорттық аймағына барды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Шілде, 2025
Жамбылдық оқушылар жер сілкінісіне төзімді «ақылды үй» жобасын жасады
Өмірде кездесетін қиындықтар қоғамға қажетті жаңалық ойлап табуға жетелейді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Шілде, 2025
Алматыдан 670 шақырым қашықтықта жер сілкінді
12 шілде күні Астана уақыты бойынша 20 сағат 16 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 13 Шілде, 2025
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 526 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Шілде, 2025
Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті
Алматы облысындағы Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 12 Шілде, 2025
Израиль келіссөзге дайын, бірақ...
Израиль Газа секторындағы соғысты тоқтату үшін келіссөз жүргізуге дайын. Алайда бұл үшін палестиналық анклавтың толық қарусыздануы – басты талап. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Вашингтонда жүріп, арнайы бейнеүндеу арқылы мәлімдеді. Оның айтуынша, ХАМАС қаруын тастап, әскери және үкіметтік істерден біржола бас тартуы тиіс, деп жазады Egemen.kz.
Несие • 12 Шілде, 2025
Жұбайының келісімінсіз алынған несие жойылуы мүмкін
Елімізде банктер мен микроқаржы ұйымдары жұбайының келісімінсіз рәсімделген тұтынушылық несиелерді немесе микрокредиттерді жоюға міндетті болады. Егер мұндай қарыз отбасы мүддесі үшін алынбағаны дәлелденсе, қаржы ұйымы несие келісімшартын жарамсыз деп тануға тиіс. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Шілде, 2025
Алматы облысында Есік музейі маңындағы визит-орталық құрылысы тоқтап тұр
Мәжіліс депутаттарының Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында және Талғар ауданындағы Oi-Qaragai тау-курортында бірқатар инфрақұрылымдық мәселе көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 12 Шілде, 2025
Сенаттың ресми сайтында «Талдау мектебі – Школа аналитики» курсының төртінші кезеңіне қатысушылар дайындаған талдау жинағы жарық көрді.
Экономика • 12 Шілде, 2025
Банктер бәсекесінде кім озады?
Таяуда шағын қаржы ұйымы болып саналатын BNK екінші деңгейлі банкке айналды. Осылайша, елде шетелдік қатысуы бар банктердің саны тоғызға жетті. Оңтүстіккореялық «BNK Financial Group Inc.» құрамына кіретін «BNK Finance» микроқаржы ұйымының банкке айналатыны туралы алғаш 2024 жылдың маусымында айтылды.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев туристік басым бағыттардың жай-күйін бағалау үшін өңірлерге жұмыс сапарын бастады. Бірінші нысан Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 11 Шілде, 2025
Алматыда 220 отбасы ескі үйлерін жаңа баспанаға ауыстырды
2025 жылдың 1 жартыжылдығында Алматыда 220 ескі тұрғын үй иесі жаңа жайлы пәтерге көшті. Қоныс аудару жұмыстарын Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы» ӘКК еншілес ұйымы «Қалалық күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС мен инвесторлар «Алматы қаласының тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы – 2030» аясында жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Жазғы лагерьдің жауапкершілігі жоғары
Жаз мезгілі – балалар үшін асыға күтетін демалыс кезеңі. Мектептің соңғы қоңырауы соғылған сәттен бастап олардың көбі ауылға ата-әжесінің қолына барады, кейбірі қосымша табыс табуға тырысады, ал біразы жазғы лагерьлерде демалуды жөн көреді. Бірақ бұл кезең ата-аналар үшін демалыс емес. Керісінше, баласының қауіпсіздігі мен пайдалы тынығуы үшін алаңдайтын, жауапкершілігі күшейетін уақыт. Осы орайда еліміздегі балалар лагерьлерінің жай-жапсары, қолжетімділігі және сапасы қоғам назарындағы маңызды мәселенің бірі болып отыр.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Халықаралық жүргізуші куәлігін қалай алуға болады
Халықаралық жүргізуші куәлігі (ХЖК) – жүргізушінің шетелде көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Аталған құжат 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясына қол қойған 180-нен астам елде мойындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 11 Шілде, 2025
Ипотека шарттары қайта қаралады
Экономикадағы жоғары мөлшерлемелер аясында билік ипотека беру шарттарын қайта қарау қажеттігін алға тартты. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ұзақмерзімді тұрғын үй несиелері қазақстандықтар үшін неге қолайсыз екенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 11 Шілде, 2025
Алматылықтарға мемлекеттік марапаттар табысталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің мәдениет пен еңбек ұжымдарының көрнекті өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Қызылордада қаржы жымқырған бас есепші қамалды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Шілде, 2025
Астаналық шахматшы сенсация жасады
Грузияның Батуми қаласында шахматтан әйелдер арасында Әлем кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Шілде, 2025
Полиция қызметкерлерін балағаттаған алматылық сотталды
Оқиға елорда әуежайында болған. Алматы қаласының тұрғыны полицияға қарсылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Шілде, 2025
Түркі дүниесіне ортақ музей кеңістігі құрылады
Түркітілдес елдер енді тарихи-мәдени нысандарға ортақ бір куәлікпен кіре алады. Бұл бастама Түркияда іске асырылады – мұнда «Түркі музей картасы» әзірленіп жатыр. Жоба Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының туризмге жауапты министрлерінің Х отырысында жан-жақты талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Үкіметте заң саласын цифрландыру мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.