е
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желіден шектеу керек - депутат
18 жасқа толмаған жеткіншектерге әлеуметтік желіні пайдалануға жас шектеуін енгізу ұсынылды. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы арнайы заң жобасын әзірлеу қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Александр Кузнецов «Шахтер» футбол орталығын басқарады
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Кузнецов «Шахтер» клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Қазақстан дзюдошылары Оңтүстік Кореяға есе жіберді
Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сайыстың соңғы күнінде ел құрамасы командалық сайыста оңтүстіккореялық дзюдошыларға қарсы қола жүлдені сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Сәуір, 2025
Путин Солтүстік Корея сарбаздарына алғыс айтты
Солтүстік Корея алғаш рет өз әскерінің Ресейге жіберілгенін ресми түрде растады. Бұл туралы 28 сәуір күні Кореяның Орталық телеграф агенттігі (KCNA) мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Қомақты қаржыны заңсыз иемденген күдікті ұсталды
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Астанада Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полицейлері күдіктіні ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 28 Сәуір, 2025
Интернет жылдамдығы бойынша бірнеше елді басып оздық
2025 жылдың наурыз айында Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде бір ай ішінде бір сатыға көтеріліп, 50-ші орынға тұрақтады. Қазақстандағы мобильді интернет жылдамдығы секундына 81,7 мегабит болды, бұл барлық уақыттағы үздік нәтижелердің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Шерзат ісі: куәгер неліктен жедел жәрдем шақырмағанын айтты
Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті ашық сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынды. Екінші бөлімінде куәгер Дана Жақсыгелді жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Сәуір, 2025
Түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау мақсатындағы форум өтті
2025 жылдың 26 сәуірінде Хиуа қаласында «Жаңа Өзбекстандағы бақсы өнері: заманауи зерттеулер және перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен «II Түркі әлемі мәдениет форумы» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 28 Сәуір, 2025
Ұландықтар үш баланы өрттен құтқарып қалды
Қарағанды облысында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері ерлік танытты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімін қабылдады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке • 28 Сәуір, 2025
Алматыда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады
Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлігі жарасқан Алматы» ұранымен ұйымдастырылып, негізгі шаралар Абай алаңында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Маутинбайктан қоржынға қос күміс түсті
Маутинбайктан Азия чемпионаты аяқталды. Байрақты дода – Қытайдың Гуйчжоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 28 Сәуір, 2025
«Абай жолын» алғаш оқығанда...
Биыл хакім Абайдың өмірге келгеніне 180 жыл толды. Ақылы мен даналығы жұрттан асқан аға сұлтанның баласы заманынан озып туған тұлға ретінде ұлықталып келеді. Тек қазақ жұрты ғана емес, күллі әлем әдебиетінде өзіндік орыны бар Абай Құнанбайұлының өмірін суреттеген «Абай жолы» эпопеясы кітап болып жарыққа шыққаннан бері оқырманның қолынан түспей, жыл сайын биіктеп келеді. Өткенде жазушы Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» атты көлемді эссесін оқып отырып, «Абайды алғаш оқығанда әр адам әртүрлі күй кешкен болар?» деген сауалдың төңірегінде ойландым. Айтпақшы, Мұхтар Мағауин «Абай жолы» романының екі томын небәрі 8 жасында оқып тауысқанын жазады. Ал өзге қаламгерлер Абайды алғаш оқығанда, қандай әсерде болды екен, сөйлетіп көрелік. Бұл туралы жазушы Ділдәр Мамырбаева әңгімелестік.
Су тасқыны • 28 Сәуір, 2025
Петропавлдың түбіндегі Заречный кентіне апаратын тасжолдың үстіне су шығып кеткенін бұрын айтқанбыз. Қазір кент аралда қалып, оған қатынас тек қайықпен ғана жасалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздары Большая Малышка ауылына көмекке келді
Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылында тұрғызылған бөгет бұзылды. Апат салдарын жою мақсатында 100-ден астам Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Тағы бір пойызда әйелдер вагоны іске қосылады
1 маусымнан бастап №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагоны пайда болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Қазақстандық гимнастар Әлем кубогінде қола жүлде еншіледі
Ташкент қаласында өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогінің үшінші кезеңінде астаналық «Фурор» командасы жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Қаруланған оқушы мектепке шабуыл жасап, алты адам зардап шекті
Қайғылы оқиға Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында болған. Қарулы шабуылдан мұғалім мен бес оқушы жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Белгілі академик Сейіт Қасқабасов өмірден өтті
Бүгін белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сейіт Асқарұлы Қасқабасов дүниеден озды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Сәуір, 2025
Шерзаттың сотында куәгер Нұрбекова жауап беріп жатыр
Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті ашық сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысы Жоғарғы соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде онлайн көрсетілуде, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
СҚО-да тасқынға тосқауыл жұмысы жалғасып жатыр
Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жасалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Темірлан ауылында өнер мектебі салынады
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған әлеуметтік жобалардың бірі, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 28 Сәуір, 2025
Украина төңірегі туралы дау тағы да күн тәртібіне көтерілді. АҚШ президенті Дональд Трамптың Қырымға қатысты айтқан батыл пікірі жаһандық сарапшылардың назарын аударды. Трамптың айтуынша, Украина көшбасшысы Владимир Зеленский бейбіт келісім үшін Қырымды Ресейге беру мүмкіндігін қарастырып отырған көрінеді. Бұған дейін Киев тарапынан мұндай ұсыныстар үзілді-кесілді қабылданбағаны белгілі. Сонымен В. Зеленский «бастан құлақ садақа» деп халықтың бейбітшілігі үшін жерінен бас тартуы мүмкін бе әлде соғысты жалғастыра бермек пе? Осы мәселені әлемдік БАҚ жүйесі арқылы саралап, арнайы зерделеп көрдік.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Апта бұрынғы спортшылардың жеңістері
Өткен апта бойынша спортшылардың жеңістері туралы шолу мағлұмат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 28 Сәуір, 2025
Бүгін – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Атаулы күн жұмыскерлердің құқықтары, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аударуға бағытталған. Сондай-ақ осы күні жұмыста қаза тапқан жұмысшыларды еске алу шаралары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2025
Мойын ісігімен туған нәрестеге ота жасалды
Алматы перзентханаларының бірінде 23 наурыз күні құрсаққа біткеніне 34 апта толған ер бала сирек кездесетін, туа бітті кеселмен дүниеге келген еді. Сәбидің мойнының оң жағында үлкен кистозды лимфангиомасы болған. Онымен қоса тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі де ісіктің асқынуына себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2025
Биыл Қырғызстаннан 600 млн текше метр су келеді
Суару маусымы басталған осы айдың өзінде-ақ 45 млн текше метр су беріліпті. Ал, ай соңында Талас өзені арқылы Қырғызстаннан тағы 400 млн текше метр және Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су жіберіліп, Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға қолданылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесі салынады
Үкімет Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.