Соңғы жаңалықтар
Партия • 20 Қыркүйек, 2025
Міржақып Дулатұлының мерейтойына арналған ат марафонына 100-ге жуық шабандоз қатысуда
Қостанай облысының Торғай ауылында ұлы ақын әрі «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар өтті. Оған Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Парламент депутаттары және қалың жұртшылық қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Рекорд • 20 Қыркүйек, 2025
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Алматы облысында өтті
Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Қыркүйек, 2025
Семейдегі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған килограмм көкөніс төмен бағамен сатылды
Абай облысының орталығы Семей қаласында әр сенбі сайын «Северный» сауда-логистикалық орталығында (СЛО) ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өтеді. Жәрмеңкелердің басты мақсаты - қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда World CleanUp Day аясында 422 мыңнан астам адам сенбілікке шықты
20 қыркүйекте әлем бойынша өткен «World CleanUp Day» экологиялық акциясы аясында Қазақстанда кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бастама қоршаған ортаны тазартуға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Білім • 20 Қыркүйек, 2025
Қала күні аясында алғашқы республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр
Еліміздің түкпір-түкпірінен 9-10-сынып оқушылары арасында тұңғыш рет республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр. Бұл ауқымды іс-шара халықаралық WorldSkills чемпионатының стандарттарына сай ұйымдастырылып, жасөспірімдерге талантын көрсетуге әрі болашақта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 20 Қыркүйек, 2025
АШМ: Сиыр еті бағасы өзіндік құн мен ет сапасына байланысты қалыптасады
Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықтағы сиыр еті бағасының өсуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2025
Өскеменде Дүниежүзілік тазалық күні өтті
Өскемен қаласында ауқымды экологиялық акция – World Cleanup Day («Дүниежүзілік тазалық күні») ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Қыркүйек, 2025
Астанада жалпықалалық ауқымды сенбілік басталды
Елордада 20 қыркүйек күні таңертең «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында жалпықалалық сенбілік басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Тұлға • 20 Қыркүйек, 2025
Міржақып Дулатұлы жаңа дәуірдің жаршысы болды – Қошанов Президенттің құттықтауын оқып берді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ескерткіштің ашылуына қатысты. Көрнекті қайраткер, Алаштың аяулы перзентінің еңселі ескерткіші Қостанай қаласында бой көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2025
Астанада Жұмысшы мамандықтар аллеясы ашылды
Елордадағы Сарайшық ауданында Қазақстан Президенті жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмысшы мамандықтар аллеясының» салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Тұлға • 20 Қыркүйек, 2025
Торғайда Міржақып тойы басталды
Торғай төрінде Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы аясындағы мерекелік іс-шаралар басталды, деп жазады Egemen.kz.
Архив • 20 Қыркүйек, 2025
«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында Ашық есік күні өтті
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында Ашық есік күнін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қыркүйек, 2025
Абай елі бұрыннан тұңғыштардың мекені рас. Семей – Алаштың алғашқы астанасы, қазақ футболы осы жерден бастау алды, алғашқы театр Ойқұдықта қойылды. Бұл жолы тағы да алғашқы үлкен қадам Семейде басталып отыр. Ол облыс орталығы – қала әкімін сайлау науқаны, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Қыркүйек, 2025
Абай облысында егін саласын қаржыландыру көлемі артты
Мемлекет басшысы Жолдауында «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған», деген еді. Расында мемлекеттің қолдауы Абай облысында күзгі жиын-терін кезінде де байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025
Өскеменде полицейлерге арналған мурал ашылды
Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасын облыстық Полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен жасалған арт-нысан ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2025
Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болды
18 қыркүйек – Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО) 28-ші Конгресі аясында, Дубай қаласында өткен сайлау нәтижесінде Қазақстан Пошталық операциялар кеңесіне мүше болып сайланды.
Ғалам ғажаптары • 20 Қыркүйек, 2025
Күні кеше жарияланған Гэллап институтының жаһандық рейтингінде Сингапур 12-рет әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет атанды.
Ғалам ғажаптары • 20 Қыркүйек, 2025
Арктикада «Мұз гүлдері» деп аталатын таңғажайып құбылыс бар. Бұл – мұздың жұқа қабатының бетінде өсіп шығатын бірнеше сантиметрлік әдемі кристалдар.
Ғалам ғажаптары • 20 Қыркүйек, 2025
Бұдан төрт ғасыр бұрын жойылып кеткен додо құсы қайта оралуы мүмкін. АҚШ-тағы «Colossal Biosciences» компаниясы осы ерекше құсты «қайта тірілту» жобасын қолға алды.
Ән • 20 Қыркүйек, 2025
Мәскеуде өтетін халықаралық музыкалық «Интервидение-2025» байқауына Әміре есімімен танылып жүрген әнші Ернар Садырбаев қатысады. Финал бүгін түнгі сағат 22:30-да «Первый канал Евразия» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Мәдениет • 20 Қыркүйек, 2025
Көрерменді тәнті еткен қойылым
Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Астана Балет» театрының гастрольдік көрсетілімі өтті. Қостанай тұрғындары екі кеш қатарынан әлемдік классика жауһарларын, заманауи қойылымдар мен ұлттық хореография өнерінің ғажайып туындыларын тамашалады.
Футбол • 20 Қыркүйек, 2025
Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчында Португалияның «Спортинг» клубына ірі есеппен есе жіберді. Ел футболының дәреже-деңгейі таразыланған тартысты ойын Лиссабон қаласында өтті.
Сатира • 20 Қыркүйек, 2025
Құрдасым Қилыбай тәуелсіздік таңында тірлігін тәуіптіктен бастап, бұл күндері ерекше қасиетінің арқасында атағы арыға кетіп аспандаған шағы.
Бизнес • 20 Қыркүйек, 2025
Студенттердің шағын наубайханасы бар
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Жарма технология колледжінде «Алтын Шар» шағын наубайханасы ашылды. Салтанатты рәсіміне колледж әкімшілігі, педагогтер, әлеуметтік серіктестер мен студенттер қатысты.
Туризм • 20 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көлік логистикасын дамытуға айрықша басымдық берілгені белгілі. Президент тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында Жамбыл өңірінде тиісті жұмыстар қолға алынып жатыр.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025
Биыл күзде Павлодар облысынан әскер қатарына 600-ден аса азаматты шақыру көзделген. Қабылдау комиссиясы қазіргі күні іріктеу жұмысын бастап кетті.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025
Сарбаз шеберлігі жаттығуда шыңдалады
Айбынды армия – тәуелсіз елдің айбары. Сол себепті Отан қорғаушы әр азаматтың кәсіби шеберлігінің жоғары болғаны маңызды. Әр салада еңбектеніп жүрген отан қорғаушыларды қайта даярлықтан өткізу үшін елімізде кең көлемде әскери міндеттілердің жиындары өтіп келеді. «Спасск» оқу жаттығу полигонында 1 500-ге жуық әскери міндетті азамат жауынгерлік шеберлігін қайта пысықтады.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2025
Елдікті нығайту – жұрт болып атқаратын іс. Бұған әркім өзінше атсалысады. Соның ішінде ұлттық қауіпсіздік қызметі мамандарының үлесі де елеулі. Мемлекет басшысы «Ұлттық қауіпсіздік жүйесі – мемлекеттігіміздің басты тұғыры. Отан үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың арқасында еліміз өсіп-өркендеуде» деп айрықша атап өткені белгілі. Осы салада отаншылдығымен танылған жанның бірі – ҰҚК құрметті қызметкері, генерал-майор, Астана қалалық мәслихатының депутаты Кендебай Сарыбайұлы Адамбек.
Өндіріс • 20 Қыркүйек, 2025
Өнеркәсіппен өрілген даңқ жолы
Атырау мұнай өңдеу зауытының (Атырау МӨЗ) құрылғанына биыл 80 жыл болды. Бүгінде тарихы бір ғасырға жуықтаған кәсіпорын ұжымы атқарылған игі істердің бәрін еске түсіріп жатыр: ел игілігі үшін миллиондаған тонна өнім шығарылды, жаңғыртудың арқасында өндіріс көлемі ұлғайып, мұнай өнімдерінің сапасы жақсарды, ең бастысы – Отанымыз үшін аянбай еңбек еткен мыңдаған кәсіби маманның мұнай өңдеуге қосқан үлесі айтарлықтай.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025
Кеше Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Игорь Роговтің төрағалығымен өткен іс-шарада азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар өзекті мәселе қаралды.