Соңғы жаңалықтар
Футбол • 19 Қыркүйек, 2025
ҚФФ академиясы Talent Academy мәртебесін алды
Талғар қаласында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) академиясына ФИФА Talent Academy мәртебесін беру рәсімі өтті. Осылайша ҚФФ әлем бойынша тоғызыншы, ал УЕФА аймағында екінші федерация болды. Жоба ҚФФ пен ФИФА арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асып, жас ойыншыларды халықаралық стандарттарға сай дайындауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қыркүйек, 2025
Үйінде есірткі өсірген астаналық ұсталды
Ер адам үйінің бір бөлмесінде шағын жылыжай жабдықтаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 15 құмыраға егілген тыйым салынған өсімдіктер мен оларды өсіруге арналған қажетті құрал-жабдықтарды тәркілеген, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 19 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдерін төседі
Елімізде халықаралық «Superpave» (Superior Performing Asphalt Pavement) технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері салынды. Асфальтбетон қоспаларын жобалаудың бұл жүйесі қатты аяз бен аптап ыстықты, сондай-ақ көлік қозғалысының жоғары қарқындылығын ескере отырып жасалынады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Түркістанда оқушылар ұялы телефон қолданудан бас тартты
Енді Түркістан қаласындағы бірқатар мектепте оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Қалалық білім бөлімінің «Смартфонсыз мектеп» жобасы ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалардан да қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Қыркүйек, 2025
Діни араздық тудырған 11 адам сотталды
Астана қаласының прокуратурасы биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Қыркүйек, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Синоптиктердің хабарлауынша, ел аумағының негізгі бөлігінде әлі де Оңтүстік циклон ықпалы сақталады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 19 Қыркүйек, 2025
Тасын түртсең тарихы сөйлейтін Абай топырағынан тағы да көне жәдігерлер табылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2025
Елімізде ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталады
Ертеңнен бастап 2,5 мыңнан астам интервьюер үй-үйді аралап, ауыл шаруашылығына қатысты деректер жинайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қыркүйек, 2025
270 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Елімізде 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 50 300 отбасындағы 270 700 адамға жалпы сомасы 21,7 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 19 Қыркүйек, 2025
«Орталық – Батыс» автожолының құрылысы басталды
Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық маңызға ие «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жұмыс барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 19 Қыркүйек, 2025
АЭС-ке мамандар даярлау жұмысы қолға алынды
Елдегі білім беру мен бизнес атом энергетикасының болашағы үшін күш біріктіреді. Сөйтіп жобада барынша ұлттық үлес пен мазмұнды арттыруға жұмылады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қыркүйек, 2025
Оперетта театрында «Mamma mia!» сахналанды
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры жаңа маусымды әйгілі «Mamma mia!» қойылымымен бастады. Көпшілікке белгілі спектакльге көзі қарақты көрерменмен бірге облыс басшылығы да келді. Айта кетейік, вице-премьер министр Ермек Көшербаевтың бастауымен құрылған оперетта театрының жұмысы жандана түскен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 19 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді
Өткен түні «Қайрат» футбол командасы чемпиондар лигасында дебют жасады. Сырт алаңдағы матчта отандық команда Португалияның «Спортинг» командасымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2025
Сындарлы диалог – нағыз даналықтың көрінісі
Жиырма жылдан аса уақыттан бері Астана қаласында рухани көшбасшылардың басын бір мүддеге тоғыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдырып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIII съезі өз жұмысын қорытындылады. Съездің жабылу салтанатына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.
Президент • 19 Қыркүйек, 2025
Боксты ұлттық спорт деңгейіне көтеруіміз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2025
Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшылары кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Бішкекте Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының\вице-президентінің кездесуіне қатысты.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2025
Саланы кешенді дамыту тапсырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады.
ЖОЛДАУ • 19 Қыркүйек, 2025
«Alatau City»: цифрлық қалаға нақты қадам
Алматы облысында елдегі алғашқы цифрлық қала – «Alatau City» құрылысы жүріп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда қаланы іскерлік пен инновацияның орталығына айналдыруды міндеттеді. Қазірдің өзінде қалада 18 ірі жоба қолға алынған. Оның ішінде құны 81 млрд теңге болатын «PepsiCo» зауыты, 43 млрд теңгелік «Eastcomtrans» логистикалық орталығы бар. Бұлар жүздеген жаңа жұмыс орнын ашып, аймақ экономикасына серпін береді.
Пікір • 19 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жасанды интеллект дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуына ерекше тоқталып: «Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек», деді. Бұл – сала мамандарына артылған зор сенім мен жауапкершілік.
Руханият • 19 Қыркүйек, 2025
Міржақып тойы үстінде Торғайға қатысты ойлар да өзінен-өзі шеңберлене түседі. Балғын баланың қаршадайынан бергі тағдыры осы қарт қалаға байлаулы болған-ды. ...Аудан орталығының Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде 1991 жылдың жаймашуақ күзінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ақталуына орай республикалық конференция өткізілген еді. Алаш көсемдерінің рухын асқақтатып, Қазақстаннан әрі асырып, бүкіл түркі әлеміне паш етіле бастаған таралғылы, алтын шуақты шақ еді.
Зерде • 19 Қыркүйек, 2025
Біз табиғи болмысы туралы сыр тарқатып, кісілік келбеті жөнінде баяндауға ниет етіп отырған кейіпкеріміздің өнегелі өмірі мен шығармашылық шеберханасына үңілгенде, ұлт зиялыларына тән қасиеті оның абыройын көтеріп, БАҚ саласында, атқарушы билік пен қоғам арасында танымал еткенін байқадық.
Тағзым • 19 Қыркүйек, 2025
Ақынға ауылында ескерткіш қойылды
Бұрын Қамысқала деген ауыл болушы еді. Қазір Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ ақыны Хамит Ерғалиевтің есімімен аталады. Жақында осы ауылда қаламгердің ескерткіші ашылды.
Ғалам ғажаптары • 19 Қыркүйек, 2025
Жетісу облысының студенттері «Алисаға» балама болатын ерекше дыбыстық көмекші жасап шықты. Енді олар бұл қосымшаны жасанды интеллектімен байланыстырып, мүмкіндігін кеңейтуге кірісіп жатыр.
Теннис • 19 Қыркүйек, 2025
Осыдан бірер күн бұрын газетімізде 11–19 қазан аралығында Алатау баурайында «АТР 250 Almaty Open» турнирі өтетіні туралы «Саңлақтар Алматыда бас қосады» атты мақала жарық көрді. Онда біз жарыстың тарихына қысқаша шолу жасай келе, биыл оған қандай теннисшілердің қатысатыны жөнінде мағлұмат берген едік.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Ауызсу мәселесі шешімін табады
Көп ұзамай Жетісу өңірі ауызсумен толық қамтылады. Бүгінде ішер судан таршылық көріп отырған ауылдар саны едәуір азайған. Облыста орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 92%-ды құрап отыр. Әсіресе жырақта жатқан шекаралық елді мекендер күнделікті тұтынар суға қол жеткізгеніне қуанышты.
Ғалам ғажаптары • 19 Қыркүйек, 2025
«OpenAI» компаниясы ChatGPT-дің балаларға арналған арнайы нұсқасын әзірлеп жатыр. Егер жүйе қолданушының жасын нақты анықтай алмаса, бірден жасөспірімдерге арналған бетке ауысады. Ата-аналар баланың аккаунтын бақылап, пайдалану уақытын шектей алады.
Жәдігер • 19 Қыркүйек, 2025
Сақтар – біздің заманымыздан бұрынғы алғашқы мыңжылдықтарда бүгінгі Орталық Азия территориясын мекендеген ежелгі тайпа. Грек тарихшысы Герадот: «Сақтар киізден жасалған шошақ бөрік және шалбар киген, қолөнермен айналысқан», дейді.
Басылым • 19 Қыркүйек, 2025
Фотоальбомда бейнеленген өңір тарихы
Мұнайлы өңірде «XIX-XX ғасырлардағы Атырау тарихы фотосуреттерде» атты фотоальбом үш тілде жарық көрді. Қазақша, ағылшынша және орысша көркем безендірілген туындыға 289 фотосурет енгізілген.
Ғалам ғажаптары • 19 Қыркүйек, 2025
Токиода өткен әлем чемпионатында швециялық сырықпен секіруші Арман Дюплантис 6 метр 30 сантиметр биіктікке секіріп, әлем рекорд жасады.