Соңғы жаңалықтар
Саясат • 28 Тамыз, 2025
Солтүстік Корея ядролық қарудан неге бас тартпай отыр
2018 жылы Сингапурда өткен Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы тарихи саммит сол кезеңде бүкіл әлемге үміт сыйлаған болатын. Кездесуден кейін тараптар Корея түбегін ядролық қарусыздандыруға бағытталған бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Әлемдік ақпарат құралдары бұл сәтті «дүрдараздықтан диалогқа бетбұрыс» деп бағалады. Алайда араға жеті жыл салып, бұл құжаттың тек қағаз жүзінде қалғаны айқындалды. Солтүстік Корея ядролық арсеналдан бас тартуға дайын еместігін ғана емес, оны барынша нығайтуға талпынып отырғанын бүгінгі ахуал көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйел әлемі • 28 Тамыз, 2025
Бейжіңдегі әскери парадқа 26 елдің басшылары қатысады
Қытайда Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған әскери парадқа 20-дан астам шетелдік көшбасшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 28 Тамыз, 2025
Музыка мен кино: күзге арналған үздік топтамалар
Күз – жайлы кештер мен жаңа оқиғалар үшін ең қолайлы уақыт. Біз сізге көңіл-күйді дұрыс арнаға бұруға көмектесетін фильмдер мен музыкалардың топтамасын дайындадық: олардың бірі – драйв қосу үшін, ал бірі – дәл сол жылылық пен жайлылық сезімін сыйлау үшін қажет.
Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы көз жұмды
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында «ПКОП» ЖШС аумағында оқшаулау жұмыстары кезінде автокөтергіш құлап, салдарынан мердігер ұйым «КРС Астана» ЖШС-нің екі қызметкері қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 28 Тамыз, 2025
Қазақстанда жыл басынан бері 11 тоннадан астам есірткі тәркіленген
Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына, әсіресе құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге және егуге қарсы күреске бағытталған «Қарасора – 2025» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 28 Тамыз, 2025
Ел мектептерінде ерекше балаларға арналған 1093 кабинет бар
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында еліміздің мектептерінде 1093 қолдау кабинеті жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 28 Тамыз, 2025
Ұлттық құрама футболшылары маңызды матчтарға қатысады
Ертең футболдан еліміздің ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Шахтерлерге мемлекеттік наградалар табыс етілді
Шахтер күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарына мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Тамыз, 2025
Президент 8 мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады
Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 28 Тамыз, 2025
Ауылдардың жеке кірісі 3,5 есе көбейген
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.
Экономика • 28 Тамыз, 2025
Қолма-қол ақша алудың жаңа тәртібі енгізіледі
Ұлттық банк 2026 жылдың алғашқы тоқсанынан бастап кәсіпкерлердің шоттан ақша алу ережесін өзгертеді. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Оңтүстік Корея мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салынады
Ұлттық жиналыс келесі оқу жылынан бастап оқушылардың сынып ішінде смартфондар мен өзге де цифрлық құрылғыларды пайдалануына шектеу қоятын қайта қаралған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігене сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
АИТВ-ахуалды жасөспірімдер өмір жаттығуларынан өтті
23-28 тамыз аралығында Алматы маңындағы көркем жерде «Мүмкіндіктер мегаполисі» жастар лагері еліміздің жеті өңірінен келген, АИТВ-ахуалды 62 жасөспірімді жаңа өмірге жетеледі, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Тамыз, 2025
Ұлттық экономика министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
Ерлан Сағынаев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы қайнаған суға күйіп қалды
27 тамызда «МАЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағындағы № 3 турбогенераторда жөндеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы термиялық күйік алып, біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 28 Тамыз, 2025
Үкімет 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
Президент тапсырмаларын іске асыру және өңірлердің теңгерімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Тамыз, 2025
Биыл елімізге инвестиция тарту көлемі 16,1 пайызға артқан
Елімізге инвестиция тарту – Президенттің 2024 жылғы Жолдауында қойылған басты міндеттердің бірі екені мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек
Қыркүйек жақындаған сайын ата-аналар баласын жаңа оқу жылына дайындауға кіріседі. Дәптер, қалам, сөмке мен мектеп формасын түгендеудің құны бүгінде әр отбасының қалтасына айтарлықтай салмақ түсіретіні анық. Осыған байланысты Egemen.kz тілшісі бір баланы мектепке дайындауға кететін орташа шығынды зерттеп көрді.
Экономика • 28 Тамыз, 2025
Экономиканың өсуі рекордтық көрсеткішке жетті
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 28 Тамыз, 2025
Республикалық прозашылар байқауының жеңімпаздары марапатталды
Өскеменде жазушы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай республикалық әдеби байқаудың марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 28 Тамыз, 2025
Елімізде суару маусымы аяқталуға таяу
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында егіс алқаптарын суару үшін жоспарланған 10,1 млрд текше метр судың 9,9 млрд текше метрі алынған, қалған 200 млн текше метр су вегетация кезеңінің соңына дейін алынады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 28 Тамыз, 2025
Мұғалімдерге арналған жасанды интеллект курсы іске қосылды
Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мақсатында жаңа оқыту жобасы іске қосылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ұстаздардың кәсіби біліктілігін қазіргі заман талаптарына сай жетілдіру үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен серіктестікте арнайы бағдарлама әзірледі. Ол халықаралық тәжірибе негізінде жасалып, қазақстандық білім беру жүйесіне бейімделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 28 Тамыз, 2025
Ұлттық қор TIPS қаражатын қалай қорғайды
Ұлттық банк енді Ұлттық қордың қаражатын дамыған елдердің инфляцияға түспейтін, құнсызданбайтын бағалы қағаздарына салуға шешім қабылдады. Бірақ оның қанша жылға және қандай шартпен салынғаны туралы ақпараттар аз, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Тамыз, 2025
Металлургиялық кластерді дамыту міндеті
Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен металлургия кешенін дамытуға қатысты Үкіметке нақты міндеттер жүктеген еді. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
Саясат • 28 Тамыз, 2025
Қазақстан-Иордания: Сенім мен ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
Ақордада Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келген Иордания Королін қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң, Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін келіссөз өтті.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Халықаралық сайыс жүлдегерлері марапатталды
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында боччадан «Astana 2025 World Boccia Challenger» халықаралық жарысы аяқталды. Жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.
Құқық • 28 Тамыз, 2025
Конституциялық сот өкілдері тренинг өткізді
Кеше «Қазақ газеттері» ұжымына Конституциялық сот өкілдері арнайы тренинг өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Конституциялық соттың кейінгі жылдарда атқарған жұмыстарын таныстырды.
Зерде • 28 Тамыз, 2025
Бала мектепті тәуір-ақ оқыған. Бірақ ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл жинап қалды. Мұнымен мемлекеттік грант жалын да сипатпасы белгілі. Бұған ренжіңкіреген әкесі «Осы жұрттың баласы...» деп әңгіме бастағалы отырды да, райынан қайтты. ҰБТ-дан жоғары балл иеленіп, танауы делдиіп жүрген пәленшенің, түгеншенің баласын мақтап, өз перзентін тұқыртқысы келмеген.
Саясат • 28 Тамыз, 2025
Әріптестік қатынасты нығайту қадамы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті.