Әскер
Әскер • 23 Маусым, 2025
«Айбын-2025» халықаралық әскери жиыны басталды
Әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар елдімекеніндегі Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полигонында өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан және Әзербайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ден астам қыздар мен жігіттер қатысуда. Жиынға алғаш рет Қытайдан бақылаушылар да келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 21 Маусым, 2025
Профилактика жылы: ІІМ Әскери-тергеу департаменті құқықбұзушылықпен күресті күшейтті
Ішкі істер министрлігі жүйесінде "Құқықбұзушылықтардың алдын алу жылы" деп жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 20 Маусым, 2025
145 жас офицер Қазақстан ТЖМ қатарын толықтырды
Көкшетау қаласындағы «Абылай хан» алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультеті курсанттарының салтанатты шығарылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 19 Маусым, 2025
Ұландықтар офицерлер қатарын толықтырды
Алматыда жас лейтенанттарды қарсы алу шарасы өтіп, Ұлттық ұлан Академиясының 35 түлегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы офицерлерінің қатарын толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 17 Маусым, 2025
Ақтауда «Каспий самалы-2025» әскери жаттығуы басталды
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 15 Маусым, 2025
15 маусым – Әкелер күні. Бұл күн – ұрпаққа үлгі болған, өнегелі өмірімен жол көрсеткен әкелерге құрмет білдіретін атаулы дата. Осы орайды Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген кіші сержант Алтынбек Аманғалиев пен оның әкесі 3 сынып сержанты Рүстембек Бекмурзиннің тағылымды өмір жолы назар аудартады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 15 Маусым, 2025
Ұлттық Ұлан жаңа офицерлермен толықты
Петропавл қаласындағы Ұлттық Ұланның академиясы өзінің қабырғасынан 25-ші – мерейтойлық түлектерін ұшырды. Академияның ұстаздар ұжымы мен түлектерді Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы, Ішкі істер министрінің орынбасары Аңсаған Балтабеков құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Маусым, 2025
Қазақстанның әскери теңізшілері халықаралық курстарға қатысты
Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің 5 әскери қызметшісі су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысып, біліктілігін арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Маусым, 2025
Биыл Ақтөбеде орын алған жантүршігерлік террорлық шабуылдың орын алғанына 9 жыл толды. Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде тағылымы терең еске алу іс-шарасы өтті. «Мәңгілік сапта» атауымен ұйымдастырылған бір күндік акция Ақтөбедегі террорлық шабуыл кезінде қызметтік борышын атқарып жүріп қаза тапқан 6655 әскери бөлімнің әскери қызметшілерін еске алуға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
ҚР ҚМ аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қорғаныс министрлігінің делегациясы Ұлыбританияда ресми сапармен болды. Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарының құжатына Лондон қаласында қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 05 Маусым, 2025
Жастарды көшеден әскерге алып кету заңды ма
Сенат отырысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов әскерге шақыру барысындағы заңсыздықтар туралы сұрақтарға жауап беріп, журналистерді қоғамға жағымды мысалдарды көбірек көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, әскери борышын өтеуге ниетті жастар саны аз емес, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 04 Маусым, 2025
Қостанай облысында республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығулары өтіп жатыр
Қостанай, Рудный қалаларында республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығулары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 04 Маусым, 2025
Жауынгерлер халықаралық жарысқа қатысады
Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлері Иорданияда өтетін халықаралық 14-ші Warrior Competition 2025 сайысына қатысу үшін дайындықтың соңғы кезеңіне өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 03 Маусым, 2025
Әскери қызметін өтегендерге берілетін грант иегерлері анықталды
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 02 Маусым, 2025
«Найза-Антитеррор-2025» жедел-тактикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуының қорытынды кезеңі өтті
Қостанай облысында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы – ҰҚК төрағасы Е.Сағымбаевтың шешімімен «Найза-Антитеррор-2025» республикалық жедел-тактикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуының қорытынды кезеңі өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 01 Маусым, 2025
«Шекара мұрагері» байқауы аяқталып, жеңімпаздар марапатталды
12–25 мамыр аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Әскери-патриоттық қызмет басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет шекара маңы өңірлерінде тұратын балалар арасында «Шекара мұрагері» атты бейнероликтер байқауы өткізілді. Байқау сәтті аяқталып, жеңімпаздар арнайы марапатталды.
Заң • 28 Мамыр, 2025
Депутат әскери қызметшілерге «дала төлемдерін» беруді ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жарқынбек Амантайұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 27 Мамыр, 2025
Шымкентте әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтті
Шымкент қаласының маңындағы «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында әскери міндеттілерге арналған он күндік жиын өз мәресіне жетті. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу жиыны аумақтық қорғаныс бригадасының тактикалық-арнайы жаттығуымен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әскер • 27 Мамыр, 2025
Ақтау гарнизонында сүңгуірлердің дайындығы аяқталды
Ақтау гарнизонында сүңгуірлік даярлық бойынша оқу-әдістемелік жиналыс табысты аяқталды. Бұл шараға барлығы 15 адам қатысты, оның ішінде кеменің штаттан тыс сүңгуірлері де болды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 26 Мамыр, 2025
Астанадағы әскери мектепке - ширек ғасыр
Жиынға Қорғаныс министрлігінің жетекші құрамымен қатар, мектеп ұжымдары, ардагерлер мен курсанттар қатысты
Айбын • 26 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаттары Щучинсктегі әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді
Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әскер • 25 Мамыр, 2025
Қарулы күштердің әскери қызметшілері армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды
Әскери бөлімдерде, әскери жоғары оқу орындарында, колледждер мен мекемелерде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 101 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
Астанада «Айбын» жастар сайысына іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аталды
68665 әскери бөлімінде жарыстар өтіп, нәтижесінде Ақтөбе қаласында өтетін XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатындар анықталды.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті
Қазақстандық бітімгерлік контингентінің орналасқан жеріне «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» БҰҰ миссиясының қолбасшысы генерал-майор Анита Асма танысу сапарымен келді.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
Астанада сарбаздар аналарының форумы өтті: диалог, сенім, іс-әрекет
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Аналар күніне орай сарбаздар аналарының II республикалық форумы өтті.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
Сарбаздар аналарына тосын сый жасады
Астана қаласында Екінші республикалық сарбаз аналар форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, өзге де күштік құрылымдардың өкілдері, Парламент депутаттары және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Шекара – елдің кіре берісі, абыройдың асқар биігі
Қазақстан – ұлан-ғайыр атырапқа жайылған, төрт тарапқа теңескен кең байтақ ел. Оның әрбір тас жолы, әрбір шекара сызығы – тәуелсіздігіміздің тірегі, тыныштығымыздың қамалы. Ал осы шекара шебінде жүріп, халқымыздың мамыражай тірлігін қамтамасыз ету – мен сияқты мыңдаған сарбаздың, офицердің қасиетті борышы.
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Абай облысында сарбаз қаза тапты
Абай облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз бактериалды менингиттен көз жұмды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 16 Мамыр, 2025
Оралда әскери күзет кемесі суға түсірілді
Орал қаласындағы «Зенит» зауыты өздері жасаған 36-ншы күзет кемесін суға түсірді. Семей қаласының атын алған жаңа еліміздің Каспий теңізіндегі шекара шебін қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Шымкенттен әскери парадқа он екі ару қатысты
Шымкенттіктер теміржол вокзалынан Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астанадағы әскери парадқа қатысқан әскери қызметші қыздарды сән салтанатпен күтіп алды, деп жазады Egemen.kz .