Ет
Саясат • 17 Ақпан, 2025
Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Ақпан, 2025
Бүгін елімізде қар жауып, бұрқасын болады
Синоптиктер дүйсенбі, 17 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2025
Биыл 170,8 мың анаға мемлекеттен жәрдемақы берілген
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 80,1 млрд теңгеге 170,8 мың адам қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Ақпан, 2025
Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашынды болады (негізінен қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 15 Ақпан, 2025
Әлеуметтік желілердің суицидтің алдын алуға әсері
Бүгінде әлеуметтік желілер жай ғана қарым-қатынас құралы емес, сонымен қатар әрбір жанға моральдық қолдау көрсететін алаңға айналып үлгерді. Күн сайын миллиондаған адам осы виртуалды кеңістік арқылы өз ойларын бөлісіп, өзгелерге қолдау көрсетеді. Дегенмен, әлеуметтік желілер суицидтің алдын алуға қаншалықты көмектеседі? Олар шынымен де қолдау құралы бола ала ма, әлде керісінше, мәселені ушықтырып, қайғылы оқиғаның себепкері атана ма? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін психолог маман Райля Кереевамен әңгімелескен едік.
Ауа райы • 15 Ақпан, 2025
Биылғы көктем айларында ауа райы қандай болады
Синоптиктердің ұзақмерзімді болжамына сәйкес, Қазақстанда 2025 жылдың көктемі әдеттегіден жылы болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 14 Ақпан, 2025
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселсесі талқыланды
Алматыда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
Өлкенің өлмес мұрасы таныстырылды
Астана қаласындағы ұлттық кітапханада «Киелі мекен, қасиетті өлке – Құрманғазы» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2025
Алматыда Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талқыланды
Алматыда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил, мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастықтың өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2025
Абай облысының әкімі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды
Белгілі журналист Жұлдыз Тойбек "Egemen Qazaqstan" газетінің Ұлытау облысы бойынша тілшісі болып тағайындалды. Жұлдыз Райымбекқызын ұжымға «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Ақпан, 2025
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы бүгін қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2025
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Бүгінде елімізде 2 млн 445 мың мың зейнеткер бар. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов Петропавл 2-ЖЭО-ын жаңғырту қарқынын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды
Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
TikTok Қазақстанда 13 жасқа толмағандардың 1,9 миллион есептік жазбасын жойды
Бүгінде өзекті сипатқа ие болған Қауіпсіз интернет күні қарсаңында TikTok өкілдері отандық журналистермен кездесіп, 2024 жылы Қауымдастық ережелерін бұзғандықтан жойылған контент санын жариялады. Қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші платформа қолданушыларды цифрлық сауаттылық негіздеріне баулитын әрі қазақ тілді аудиторияға бағытталған «Ең Алдымен Қауіпсіздік» жаңа білім беру жобасын іске қосқанын мәлімдеді.
Заң • 13 Ақпан, 2025
Президент әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2025
Әйел полицейлер жаңа қызметке кіріседі
Әйел полицейлер жаңадан құрылған Отбасылық тұрмыстық-зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшеде қызмет атқаратын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Ғалым-композитор Ағайша Исағұлованың 80 жылдық мерейтойы өтті
Алматыда Қазақ ұлттық мемлекеттік қыздар университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің үздігі, әнші, композитор Ағайша Шермұхамбетқызы Исағұлованың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Жұмысынан айрылған 106 мың адам әлеуметтік төлем алды
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 106 мың адамды құрады. Бұл ретте 31,2 мың адамға төлем осы жылы тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 9,4 млрд теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Жамбыл облысында 22 жастағы полицей өзіне оқ атты
Жамбыл облысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері жұмыс орнында өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Ақсу пансионатында зейнеткерлерді ұрып-соғып, киімсіз далада ұстаған
Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Шәкір Шаяхметов өңірлердегі сот қауымдастығымен кездесті
Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов жұмыс сапары аясында бірқатар өңірлерде болып, сот инфрақұрылымының жай-күйімен, жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ сот қауымдастығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2025
Екі елдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары келіссөздер жүргізді
Елордада Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Ақпан, 2025
Үкімет он үш нысанның құрылысына қаржы бөлді
Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2025
Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктері 13, 14 және 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Ақпан, 2025
Қазақстан халқы құқықтық сауаттылықтарын қалай арттырады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 12 Ақпан, 2025
Ұлттық музей мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры тарихи тамыры бір Түркі мемлекеттері мен халықтарының арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту мақсатымен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2025
ЛГБТ ұйымдары жабылсын! Елімізде осындай бастама көтерген петиция пайда болды
"Елімізде USAID және ЛГБТ ұйымдары жабылсын!" деп мәселе көтерген қоғам белсенді Бағила Балтабаева бастамасын Мәдениет және ақпарат министрлігінің назарына ұсынған. Құжат тиісті қол жинаса, министрлік деңгейінде талқыланатын болады.
Кино • 11 Ақпан, 2025
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсының ережелері талқыланды
Бүгін, 11 ақпан күні Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің жаңа құрамымен кездесу өткізді.