Дау
Аймақтар • 04 Шілде, 2025
Түркістан облысында 13 каналға реконструкция жасалды
Облыстың Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын каналдың 76,3 шақырымы бетондалса, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілген. Реконструкциялау нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп отыр, аудандағы жалпы суармалы алқап көлемі 16 832 гектарға жетеді. Облысқа жұмыс сапары барысында сала министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Шілде, 2025
Президент Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Жетісу тұрғындарын қабылдады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев өңірлерге сапары барысында 2 шілдеде Жетісу облысына барды. Партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдаған депутатқа тұрғындар ауылдағы орта мектептің техникалық жағдайы, өзен арнасын тазалау және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру және тағы басқа мәселелерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 03 Шілде, 2025
Биыл Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толады
2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығына орай 35-десанттық-шабуылдау бригадасының базасында салтанатты шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Шілде, 2025
Президент ШЫҰ-ның бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 27 Маусым, 2025
Шымкентте кәсіпкерлерді қабылдау күні өтті
«Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасы аясында іскер азаматтардың құқықтарын қорғау, проблемасын шешу мақсатында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында қабылдау күнін өткізді. Іс-шарада экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы мен Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова бизнес өкілдерінің түрлі сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
«Қазақмыс» Қарағанды облысында төрт ірі жобаны жүзеге асырады
Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевпен кездесуінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 20 млрд теңге болатын келісімге қол қойылды. Қаражат Балқаш пен Қарқаралыдағы төрт ірі әлеуметтік маңызды жобаға бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Ақсу қаласы дауылдан кейін қалпына келтіріліп жатыр
19 маусым күні Павлодар облысының Ақсу қаласында соққан күшті дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Маусым, 2025
Павлодар облысында дауылдан 16 адам зардап шеккен
Сұрапыл желдің жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жеткен. Аймақта электр желілері үзіліп, ондаған ғимараттарға зақым келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Қонаев қаласында өтті
«AMANAT» партиясының қабылдауында 100-ден астам тұрғын өз мәселесін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Маусым, 2025
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Садықовты Қорғаныс министрінің орынбасары, Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 18 Маусым, 2025
«Барысқа» бас директор тағайындалды
Биыл сәуір айында Нұрлан Оразбаев «Барыс» командасының бас директоры қызметінен кеткені мәлім. Аталған қызметке – спорт саласында басшылық қызметтерде болған, бұған дейін Қазақстан хоккей федерациясы бас директорының қызметін атқарған Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Маусым, 2025
Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға бас бапкер келді
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2025
Жерде магниттік дауыл басталды
Жер бетінде 13 маусымға қараған түні магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Маусым, 2025
Ымдау тіліне арналған электронды сөздік әзірленді
Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған онлайн-видео ымдау тілі сөздігін әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Маусым, 2025
Нұрлан Алдамжаров жаңа қызметке тағайындалды
Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары және ирригация ведомствосының бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Маусым, 2025
ЖОО-ға түсу үшін құжат қабылдау қашан басталады
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі талапкерлер үшін маңызды күнтізбені жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке ауысқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Қорғаныс министрі тағайындалды
Ақорда Қорғаныс министрі лауазымына кім тағайынлғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Маусым, 2025
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Гүлзат Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Балабақшаға қабылдау ережелері жарияланды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға 2025-2026 оқу жылына балаларды қабылдау тәртібін жариялады. Балабақшаларға топтарды қабылдау жас ерекшеліктеріне қарай 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Маусым, 2025
Бектенов мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындарға ескерту жасады
Премьер-министр бюджет қаржысы мен даму институттарының қаражаты Қазақстан экономикасына жұмыс істеуі керектігін қадап айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 01 Маусым, 2025
Бала денсаулығы - басты назарда
Ел ертеңі балалардың есен- сау болуы, болашақтың саламаттылығы. Балдырғандардың амандығына ата- анамен қатар мемлекет те мүдделі. Сондықтан ішкі саясаттың басым бағытының бірі балалардың денсаулығын бақылау, медициналық қолдау көрсету, қауіпсіз қоғамда қалыптасуына жағдай жасау. 1-маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірдің өзегі болған бүлдіршіндердің саулығының кепілі - бала денсаулығы тақырыбын тарқатпақпыз, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Google компаниясының өкілін қабылдады
Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Роберт Фридландты қабылдады
Мемлекет басшысы Ivanhoe Mines Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы тең төрағасы Роберт Фридландты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 26 Мамыр, 2025
Мамыр айының соңында елімізде магниттік дауыл болуы мүмкін
Сәрсенбіден бастап Қазақстан аумағында геомагниттік жағдай өзгеруі мүмкін. Ғалымдар орта деңгейдегі магниттік дауылдың болатынын болжады. Күн желінің ерекше күшеюі адамның көңіл-күйі мен денсаулығына да әсер етуі ықтимал. Мұндай құбылыс кездейсоқ емес. Күн бетінде соңғы күндері өте белсенді процестер жүріп жатыр.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Елімізде 11 мыңға жуық отбасыға тұрғын үй жалға берілген
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде және биыл атқарылатын жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Президент ҰҚҚ төрағасын қабылдады
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.