Редакция таңдауы
«Дегенде Балқадиша, Балқадиша...»
Ақан серінінің «Балқадиша» әні Көкшетау мен Атбасар дуандарында би болған атам Беген бидің (Бекмағанбет) Дүйсенбайұлының (1864–1950, Беген ауылы, Зеренді ауданы), досы Ыбырай бидің (Қараөткел, Зеренді ауданы) қызы Балқадишаға арналған. Оның шын есімі – Төкен.
27 Желтоқсан, 2025
Лаура САНСЫЗБАЕВА: Z ұрпақ көп нәрсеге жаңаша қарайды
Саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдай һәм технологияның дамуы әр ұрпақтың ұстанатын құндылықтары мен мінез-құлық ерекшеліктеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мәселен, қазіргі жасанды интеллект пен нейрожүйелердің өркендеген шағында дүниеге келген жастардың бұрынғы буыннан өзгешелігі көп. Кейбір дағды не қарым-қабілет бір-бірінің бойынан табылмауы да заңдылық. Ұрпақтар арасындағы мұндай алшақтықты зерттеу қаншалықты маңызды? Осы төңірегінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы талдау және коммуникация басқармасының сарапшысы Лаура САНСЫЗБАЕВАМЕН әңгімелестік.
27 Желтоқсан, 2025
Қазақта «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар. Кейінгі ұрпаққа рухани қазына қалдырған Баянауыл ауданының тумасы Қадыр Баспақұлы Тайшықовтың өмір жолы мен әдеби мұраларын насихаттау – бізге жүктелген ұлы міндет.
27 Желтоқсан, 2025
Астанадағы Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы он жылдық мерейтойын атап өтті. 10 жыл ішінде өзіндік дәстүрі мен жаңашыл бағытын қалыптастырған мектептің мерейтойына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелері, астаналық білім басқармасы мен елорданың орта білім ұйымдарының басшылары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
27 Желтоқсан, 2025
Ұлт батырын ұлықтаған 10 томдық жинақ жарық көрді
«Мен отанымды ұлы болғаны үшін сүймеймін, өзімдікі болғаны үшін сүйемін». Бұл халқына шексіз берілген туған елінің айтулы перзенті Бауыржан Момышұлының сөзі еді. Биыл батырдың туғанына 115 жыл толып отыр. Соған орай қаһарман тұлғаның қатпарлы тарихын зерделеген 10 томдық еңбек оқырманға жол тартты.
26 Желтоқсан, 2025
Сенат қызметінің нәтижесі: Биыл 102 заң қаралды
Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның биылғы қорытынды отырысы өтіп, күн тәртібінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген бірқатар заң қаралды. Сондай-ақ жыл барысында атқарылған жұмыс қорытындыланып, сенаторлардың өңірлерге алдағы сапарларына қатысты міндеттер белгіленді.
26 Желтоқсан, 2025
Цифрлық төлемнің күші күннен-күнге артып, халықтың қаржы әдетін түбегейлі өзгертіп жіберді. Бұрын ақша әмиянда жатса, қазір телефондағы батырмаға сыйды. Бір жағы онлайн төлем елдің басты қаржы көзіне айналса, екінші жағынан кәсіпкерлер қолма-қол ақша таппай қиналады. Сауда бар, түсім бар, бірақ айналымда жүретін «жанды ақша» жетіспейді.
26 Желтоқсан, 2025
Экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында экономиканың өсуін қамтамасыз ету мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыс қаралды.
26 Желтоқсан, 2025
«Бәйтерек» – экономикалық орнықты дамудың драйвері
«Бәйтерек» холдингі – ел экономикасының тұрақты өркендеуіне серпін беріп отырған стратегиялық құрылым. Мемлекеттік даму институттарын бір арнаға тоғыстырған холдинг кәсіпкерлікті ілгерілетуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұдайы үлес қосып келеді. Жақында «Бәйтерек» – ұлттық инвестициялық холдинг болып өзгертіліп, қызмет аясын кеңейте түсті. Ендеше, қайта құрылған бірегей институттың алдағы межелі міндеттері мен атқарған ауқымды жұмыстары жөнінде айта кеткенді жөн көрдік.
26 Желтоқсан, 2025
Өнеркәсіп әлеуетін арттырудың алғышарты
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиынға қаржы, өнеркәсіп және құрылыс министрлері, «Бәйтерек» холдингі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының басшылығы қатысты.
26 Желтоқсан, 2025
Бастамашыл заңдардың басым бөлігі «Amanat» фракциясына тиесілі
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері осы жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта қолға алынатын негізгі мақсат-міндеттерді талқылады. Депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Президент пен партияның сайлауалды бағдарламалары сапалы әрі уақтылы орындалып жатқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар заң шығару қызметінің нәтижелері сараланып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалды және сайлаушылармен кездесу үшін депутаттардың өңірлік сапарларына дайындығы пысықталды.
26 Желтоқсан, 2025
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті.
26 Желтоқсан, 2025
«Нағашыбайдың той жасағысы келді...»Тынымбай Нұрмағамбетовтің ғаламат бір шығармасы осылай басталады. Жазушы туындыларымен таныс оқырман осы сөйлемнің өзіне-ақ тәп-тәуір кеңкілдеп күліп алар еді. Қараптан-қарап той жасағысы келген Нағашыбайдың бұдан кейінгі әрекеттерінің күлкі шақырарын Тынымбаймен сырлас оқырман оңай аңғарар еді. Бірақ біреуді күлдіре қояйын деп жүрген Нағашыбай бар ма? Әрине, жоқ. Сөйте тұра, қадам басқан сайын еріксіз езу тартқыза беретін кейіпкер қылығы бізді күлдіріп қана қоя ма? Тағы да келісе алмаймыз.
26 Желтоқсан, 2025
«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?
«TALIS» – мұғалімдердің тәжірибесін, шынайы жағдайын көрсететін ең ауқымды халықаралық зерттеудің бірі. Биыл оған 54 ел қатысты. Қатарында Қазақстан да бар. Жақында зерттеудің нәтижесі жарияланды. Көптеген елде жұмыс жағдайына қанағаттану деңгейі төмендегенімен, еліміз керісінше көш басына шыққан екен. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы директоры Андреас Шляйхер, сала мамандары зерттеу нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
26 Желтоқсан, 2025
Абай Құнанбайұлының ғасырлық тойы қарсаңында «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Egemen Qazaqstan») 1945 жылы 15 тамыздағы № 168 санына хакімнің фотосы және жаңадан табылған үш өлеңі жарияланыпты. Бұл фото басылым бетінде тұңғыш жарық көрген суреті екен.
26 Желтоқсан, 2025
Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді
– Қабылаш аға, биыл сексеннің сеңгіріне шығыпсыз. Әлем сахналарында өнер көрсеткен қазақтың қаршадай ұлының балалық дәурені қалай өтті?
26 Желтоқсан, 2025
Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!
Едіге 2022 жылы жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарып, жаһан рекордын жаңартты. Жастар қатарында екі мәрте әлемнің үздігі атанды. Жақында Сауд Арабиясында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарынан да олжалы оралды. Ауыр атлетика жампозы қазір жарақатын емдетіп жүр. Оқу-жаттығу жиынынан босай бермейтін толағай күш иесімен ем-домының арасында сұхбаттасудың сәті түскен еді.
26 Желтоқсан, 2025
«Болашақ» шәкіртақысы: 2026 жылдан бастап талаптар қалай өзгереді?
Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау ережелеріне енгізілген негізгі реформаларды таныстырды. Енді үміткерлерді іріктеу тетігі күшейтіліп, басымдық жаратылыстану-техникалық бағыттарға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Желтоқсан, 2025
Елімізде сәбіз экспортына тыйым салынды
Ауыл шаруашылығы министрлігі сәбізді елімізден тыс аумаққа тасымалдауға уақытша шектеу енгізбек. Бұйрық жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
25 Желтоқсан, 2025
Тұрақтандыру қорлары неге бағаны ұстай алмады?
Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі есеп талқыланды. Онда бизнесті субсидиялау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және осы бағыттағы мемлекеттік тетіктердің нақты нәтижесі сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.
25 Желтоқсан, 2025