Редакция таңдауы
Біз білетін күйді байырғы бабаларымыз «күк» деп атап, оны Тәңірмен тілдестіретін дәнекер деп ұқты. Бұл дерек Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігінен» тиянақ тапқан. Осы арқылы бүгінгі қоғам азаматы сөздің он ғасыр бұрын қалай дыбысталғанын аңғарады. Ал «күк» деп аталатын сол әуеннің өзі ілкі құлаққа қалай жеткен екен? Қаһарлы ханның қабағын түсірген қаралы хабар қандай болды? Қашқаридің қадым кітабындағыдай сөздің ғана емес, үннің де транскрипциясын жасау мүмкін бе? Мәселен, ол дыбыс қоңыр ма, ащы ма? Жоқ, әлде ашық па, бітеу ме? Бұл бір келешектен естелік, өткен шақтан жаңалық іздеу секілді білім мен түйсікке құрылған тұңғиық таным жолы. Сол жолда қазақ музыкасының мүмкіндігін кеңейтіп, әлеуетін арттырып жүрген бір топ өнерпазды кездестірдік. Олар – тарихи аспаптарды қайта жаңғыртып жүрген «Жошы» фольклорлық ансамблі.
02 Шілде, 2025
Еліміз жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағытын барынша нығайтып жатыр. Былтыр сағатына 7,581 млрд кВт жаңартылатын энергия өндірілді. 2027 жылға қарай 3 100 МВт-тан астам жаңартылатын энергия қуатына қатысты жобалар іске асырылады.
02 Шілде, 2025
Барлық ауыл ауызсумен қамтылады
Елімізде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Күн тәртібінде сумен жабдықтау мен су тарту жүйелерін дамыту, цифрландыру, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды.
02 Шілде, 2025
Биыл «Аnа tіlі» газетінің абыройы көтеріліп тұр. Мұның негізі де бар. Өйткені жылдан-жылға қазақ тілі елді, түрлі этносты тұтастандырушы факторға және ұлттың тарихи тек-тамырын, әлеммен үйлесімін айқындаушы рухани қуатқа айналып келеді. Жыл басында Мемлекет басшысы осы басылымға тамаша елдік сұхбат берді. Наурыз бен мамырда салалық басылым 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Күні кеше Журналистер күніне орай «Аnа tіlі» газеті Президенттің алғысын алды.
02 Шілде, 2025
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталады
1 тамызда елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ауқымды статистикалық шара барлық өңірді қамтып, өзекті деректердің маңызды көзіне айналады, деп жазады Egemen.kz.
01 Шілде, 2025
1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде Сержант күні атап өтіледі. Осыдан дәл 29 жыл бұрын елімізде сержанттарды кәсіби түрде даярлайтын алғашқы оқу орны – Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы құрылған. Қазіргі таңда бұл оқу орны кіші командирлерді дайындайтын заманауи әскери колледж ретінде жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
01 Шілде, 2025
Қырғызстан елімізге 304,3 млн текше метр су жіберді
Суару маусымы басталған сәуір айынан бүгінге дейін Қырғыз Республикасынан Шу және Талас өзендері арқылы 304,3 млн текше метр су келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Шілде, 2025
Қазір мектепке директор жетіспейтіні туралы жиі айтылады. Әсіресе ауылға барып, білім сапасын көтеретін білікті басшы табу қиын. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске қосқан еді. Яғни сарапшы-педагог өзі таңдаған мектепке директор бола алады. Алайда жоба талаптарын толық орындап, оқуын ойдағыдай тәмамдау керек. Былтыр осы жоба негізінде Қарағанды мен Ұлытау облысынан бір ғана үміткер сертификатқа қол жеткізген көрінеді.
01 Шілде, 2025
Ішкі көші-қон: Заң талабы неге бұзылады?
Тәуелсіздік кезеңінде еліміздің солтүстік және шығыс облыстарында әртүрлі себеппен нашарлап кеткен демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы сегіз жылдан бері жүзеге асырлып келеді. Әйткенмен осы әлеуметтік жобаның нәтижесі көңіл көншітерліктей емес.
01 Шілде, 2025
Тегін үйірме жүйесінде серпіліс бар
Елімізде спорт, өнер және қосымша білім саласындағы теңсіздікті азайту және барлық баланың шығармашылық дамуына жол ашу мақсатында жаңа қанатқақты жүйе енгізіліп жатыр. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Жиында «Спорт, өнер және қосымша білім бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы» таныстырылып, мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен қаржылық құрылымдардың өкілдері сөз сөйледі.
01 Шілде, 2025
Енді құрылыс барысын бақылауды дрон және жасанды интеллект жүйелері жүзеге асырмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.
01 Шілде, 2025
Парламент кезекті сессиясын қорытындылады
Заң шығару билігін жүзеге асыратын еліміздегі ең жоғары өкілді орган – Парламент кезекті сессиясын қорытындылап, депутаттар каникулға кетті. Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен парламенттік қос палатаның бірлескен отырысында осы мәселе күн тәртібіне шығарылып, ол бойынша Мәжіліс төрағасы қорытынды сөз сөйледі.
01 Шілде, 2025
Президент әлемдік нейрохирургия өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерін қабылдады.
01 Шілде, 2025
Сырт көз – сыншы. Алғаш Алаш шаһарына келгенде көшенің шаңынан көз аша алмайтын едік. Облыс орталығының тазалығына жауаптыларды өңір басшысы да аямай сынға алды. Нәтижесінде, қазір тек Семей қаласы ғана емес, өңірдің де өңі кіре бастағаны сезіледі.
01 Шілде, 2025
Көгалдандыру жұмысы аясында биыл өңірде 120 мың көшет отырғызылды. Бұл – аймақтың абаттануына, табиғатты қорғауға бастайтын ауқымды жұмыстардың бірі. Бүгінде тұрғындар өзі тұратын ауланы жасыл-желекке орауды қызу қолға алып жатыр. Айталық, Көксу ауданында жалғыз өзі ауылында 8 мың түп көктерек көшетін отырғызған тұрғын бар. Ол он бес жылдан бері осы игілікті іспен айналысып келеді.
01 Шілде, 2025
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің санын реттеу шараларын қайта бастау туралы шешімді растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Маусым, 2025
Былтыр тыңдарман қауымның рухани әлеміне жаңаша леп әкелген ақпарат құралы – «Alqa» радиосы эфирге жол тартты. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Алаш арыстарының аманатын арқалаған бұл радио ұлттық құндылықтарды насихаттап, рухани мұраны жаңғыртуды басты мұрат еткен. Танымдық әрі тәрбиелік мазмұнға бай хабарларымен танылған медиа-ресурстың құрылғанына жуырда бір жыл толды. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында біз радио редакциясына арнайы бас сұғып, жұмысымен танысып қайтқан едік.
28 Маусым, 2025
Дәстүрлі қазақ қоғамында хандар мен сұлтандардан кейінгі әлеуметтік сатыдан орын алатын ел басшылары – билер. Би тек қара халықтың өкілдерінен ғана сайлана алатын, ал ақсүйек тұқымына мұндай құқық берілмеді, бірақ қазақ әдет-ғұрпына негізделген сот істеріне араласып отырған.
28 Маусым, 2025
Еуразиялық даму банкі кеңесінің басқосуы
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Қаржылық ұйымның былтырғы жұмысы қорытындыланып, алда атқарылар өзекті мәселелер қаралды.
28 Маусым, 2025
«Amanat» партиясы 62 заңға бастамашылық етті
Мәжілістегі VIII шақырылымының III сессиясында атқарылған жұмыс бүгін «Amanat» партиясы фракциясының жиынында қорытындыланды. Депутаттар «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ халық қалаулыларының сайлаушылармен кездесу мақсатындағы өңірлерге сапарына дайындық мәселелерін талқылады.
28 Маусым, 2025