Оқи отырыңыз
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі – Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Маусым, 2025
Елтаңба – мемлекеттің тарихи тамырын, мәдени мұрасын айшықтайтын елдік нышан. Осынау қасиетті рәміз әр елдің рухани болмысынан хабар беріп, танымынан сыр шертуі тиіс. Бірлік пен ұлттық рухтың символы саналатын төл Елтаңбамыз 1992 жылы 4 маусымда қабылданған болатын, деп жазады Egemen.kz.
04 Маусым, 2025
Нуну Каштру: Қазақстан футболының төрелігіне жаңа серпін керек
Қазақ футболындағы төреліктің бүгінгі жағдайы көпшілікті алаңдататыны белгілі. Бұл салада түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Футбол федерациясының жаңа басшылығы осыдан екі ай бұрын Төрелік және инспекция департаментіне жаңа жетекші – португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштруды тағайындады. Әңгіме барысында біз маманмен төрешілердің кәсіби даярлығы, VAR жүйесінің артықшылығы мен олқылығы, сондай-ақ УЕФА талаптарына сай реформа жасау бағытында қолға алынған нақты қадамдар жөнінде әңгімелестік.
04 Маусым, 2025
«Қауіпсіз қала» өзін ақтайтын жоба ма?
Павлодар облысы «Қауіпсіз қала» жобасын жасауға 8,5 млрд теңге жұмсамақшы. Алайда Мәжіліс депутаттары бұл қаражат шектен тыс көп деп есептейді. Мәселені салмақтап көрдік.
04 Маусым, 2025
Рәміздер күні қарсаңында Қостанай тұрғындары Елтаңба авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Мәлібековпен кездесті.
04 Маусым, 2025
Орталық Азия – Қытай: Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қажет
Қазір Орталық Азия мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық архитектурасын қалыптастырып, транзиттік дәліздерді одан әрі дамытудың маңызы зор. Сондай-ақ цифрландыру, жасанды интеллект және инновациялық экожүйелерді құру салаларындағы технологиялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылмақ. «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» тақырыбымен өткен талдау орталықтары V форумында осы мәселелер талқыланды.
04 Маусым, 2025
«Қазақ даласын желмаядай кезген жанкешті халық мұрасын жинаушылар» (М.Әлімбай) сапында әйгілі ғалым Қажым Жұмалиев те бар. Келешегін ойлаған мемлекет таланттардан ештеңесін де аяп қалмайды, оның хиуазы он, жүз еселеп қайтады. Алайда құйқылжыған кеңестік зұлым саясат қатарынан озып туған Қажымды да айналып өтпеді.
04 Маусым, 2025
Президент халыққа арнаған Жолдауында «Абай облысын құруды ұсынамын» дегенде, семейліктердің төбесі көкке жетті. Өйткені тарихи тамыры терең көне өңір көбеңсіп бара жатқан. Әлеуметтік ахуалы да соншалықты жақсы емес еді. Облыс болып оңалып кетуіне күмәнмен қарағандар да табылды. Дегенмен бүгінде Абай облысы қоғам өмірінің барлық саласында қалыпты дамып келе жатыр.
04 Маусым, 2025
Жаңа заңға бір жыл толады: тұрмыстық зорлық тыйылды ма?
2024 жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды заңға қол қойды. 16 маусымнан бастап күшіне енген бұл құжат елдегі отбасылық зорлық-зомбылықпен күресте жаңа кезеңнің бастауы болды. Енді жеңіл дене жарақаты мен ұрып-соғу әрекеттері тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке жатады. Жаңа заңның шеңберінде агрессорға қатысты бұрын болмаған шектеулер: үйден уақытша шығару, алкогольден тыйым салу, міндетті психокоррекциялық курстардан өту сынды шаралар енгізілді. Еркектер неге айрандай ұйып отырған отбасының шырқын бұзып, сүйіп қосылған жарына озбырлық көрсетеді? Тұрмыстық зорлық-зомбылық не себептен туындайды? Жаңа заң қабылданған бір жылға жуық уақыттың ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық қаншалықты азайды? Egemen.kz тілшісі журналистік зерттеу жүргізіп көрді.
03 Маусым, 2025
Қазақстан мәдениетінде өшпес із қалдырған көрнекті жазушы, ақын, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері Адольф Арцишевский дүниеден озды, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Маусым, 2025
Отандық өнімнің үлесі артып келеді
Отандық өнімнің үлесінің артуы – металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалып отыр. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Маусым, 2025
Тегін үйірменің түйткілі шешіледі
Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмесіне, спорт секцияларына, қосымша білім бағдарламаларына қатысуын қаржыландыру үшін миллиардтаған қаражат бөліп келеді. Бұл – балалардың жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік. Алайда игі бастаманың көлеңкелі жағы да бар.
03 Маусым, 2025
Қалаларды дамытудың алуан мәселесі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда қалалар мен елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету мәселелері, нақты айтқанда, олардың инфрақұрылымымен тиімді жоспарлау тетіктері талқыланды.
03 Маусым, 2025
«Самұрық-Қазынаның» Қызылорданың мәдени келбетіне қосқан үлесі
Қызылордада жаңа заманауи тарихи-мәдени орталық ашылды. Жоба серіктестері – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры, Қызылорда облысының әкімдігі. Жаңа мәдени нысан – өңір тұрғындарына жасалған сый әрі аймақтың мәдени, туристік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам.
03 Маусым, 2025
Талысты көрем десең, Ақсайға кел!
Әйгілі Бұқар жыраудың: «Сен – бұзау терісі шөншіксің, Мен – өгіз терісі талыспын!» деп шамырқанатыны есіңізде ме? Сондағы талысты екінің бірі білмеуі мүмкін. Ендеше, талысты көрем десеңіз, Бөрлі аудандық музейіне келіңіз!
03 Маусым, 2025
Музыка – адам сөзінің мүмкіндігі жетпеген жерге жететін тіл. Бірақ барлық ұлт тілдеріне ортақ. Адамзаттың жасампаздық табиғаты осы музыканы жасау үшін, жарату үшін, дамыту үшін өркениеттің даму деңгейіне жарасымды дәрежеде үйлестіріп отыруға сан алуан ақыл-ой, амал-тәсілді жетілдірген. Өнер эволюциясының барысында адамзат мыңдап саналатын аспаптарды дүниеге әкелген.
03 Маусым, 2025
Елімізде 12 мың омарташы тіркелсе, оның 60 пайызы шығыстың үлесінде. Сондықтан да шығар, күні кеше Өскеменнің іргесінде «Шығыстың үздік омарташысы» байқауы ұйымдастырылды. Мұнда ара бағудың қыр-сыры мен бал шайқаудың әдіс-тәсілдері айтылды.
03 Маусым, 2025
Қазақстан халқының саны 20,3 миллионға жетті
2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құраған. Жыл басынан бері ел халқы 69,8 мың адамға артқан. Оның 63,4 мыңы – табиғи өсім, ал 6,3 мыңы – көші-қон есебінен тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Маусым, 2025
Қазақстандық қос каратэші әлемнің жыл үздігі атанды
Марокко астанасы Рабатта каратэден Премьер-лига санатындағы жылдың қорытынды турнирі аяқталды. Биылғы 4 жарыс нәтижесі бойынша рейтингте көп ұпай жинаған екі отандасымыз үздік спортшыға берілетін Grand Winner аталымына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
02 Маусым, 2025
Президент «Байқоңыр» ғарыш айлағына 70 жыл толуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Маусым, 2025